Хіх ХХ ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы


Діни – философиялық бағыт



бет18/26
Дата06.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#38435
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
4 Діни – философиялық бағыт


Неотомизм – католиктердің діни – философиялық мектебі (жаңа томизм). Ортағасырлық схоласт Фома (Томас) Аквинскийдің іліміне негізделген Неотомизмнің қалыптасуы XIX ғасырдың 70 жылдарында өтті, және сол жылдардағы Бірінші Ватикан Соборының шешімімен байланысты. Папа Лев XIII энцикликінде (энциклик – рим папасының барлық католиктерге арналған жолдауы) Фома Аквинскийдің ілімі нағыз ақиқат және “мәңгілік” философия деп жарияланды. Неотомизмнің көрнекті өкілдері: Папа Иоанн Павел II, діни философтар Ж. Маритен, Ю. Бохенский. Неотомизм қазіргі діни философияның Европа мен Америкада зерттеу орталықтары, баспалары бар беделді ағым. Осы ілімнің негізгі принципі ақыл мен сенімнің бір бірімен үндестігі. Ақыл мен сенім бір-бірін жоққа шығармайды: олар Құдайды танудың екі амалы, Неотомизм ақиқатты жетудің үш формасын ғылымды, философияны, теологияны атайды. Ең төменгі сатысы ғылым құбылыстарды ашып, олардың арасындағы байланыстарды анықтайды. Философия – рационалды танымның ғылымнан жоғары сатысы. Ол болмыс туралы, және заттардың мәні туралы ілім. Бірақ, философияның басты міңдеті барлық дүниенің алғашқы себебі, барлық заттардың соңғы мақсаты Кұдайды тану. Теология бір мезгілде рационалды білімнің шыңы және рационалды емес білім (ақылдан жоғары). Христиандық догматтарды тек теология түсіндіре алады.
Неотомистер онтологиясында нағыз болмыс – материалдық емес дүние, мәндік дүние. “Өзінше болмыс” – трансцендентті, өйткені ол Құдайдың болмысы.
Неотомизмнің таным теориясын (гносеология) “реализм” деп атауға болады (схоластиканы еске түсірейік), өйткені нағыз шынайы-реалды, адамнан тәуелсіз идеалды мән-Құдай. Барлық мүмкін болатын заттар Құдайдың ақылында бар. Адам дегеніміз алдымен өлмейтін адамның жаны.
Құдай жасағанның барлығы сатыларға бөлінген. Төменгі сатысы – органикалық емес дүние (минералдар). Одан жоғары өлетін жаны бар өсімдіктер мен жануарлар. Ары қарай адам мен періштелерге орын берілген. Тіршіліктің тәжі – Құдай болмысы.
Құдай дүниені жасады, яғни өз болмысының ізін қалдырды. Осының өзі-ақ құдайдың барлығын дәлелдейді. Неотомистердің көздеген мақсаты Католицизмнің дұрыс, ақиқат ілім екендігін дәлелдеу. Ол үшін, олар кейбір ғылыми идеялармен, жаңалықтарды христиандық іліммен байланыстыруға талпынады.
Теолог, палеонтолог Тейяр де Шарден, өзінің “Адам Феномені” атаулы кітабында Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясын христиандық бірқұдайлық ілімімен татуластырады. Әлем, теологтің пікірінше, хаостан космосқа эволюция жолымен өтуде. Дүниенің алғашқы негізі рухани- энергетикалық субстанция. Космостағы қалыптасу, реттелу процестерін объективті заңдар басқармайды, Құдай басқарады. Оны Тейяр де Шарден “Омега” нүктесі дейді. “Омега” – Құдай. Әлемнің әрбір бөлшегінде ерекше энергетикалық субстанция бар. Осы субстанция дүние мен адамның дамуының, эволюциясының қозғаушы күші болып табылады. Оның өзегі рухтың дамуы, ноосфера. Адамның дүниеге келуі, және дамуы – ол эволюцияның аяқталуы емес, тек дүниенің өздігінен жетілуінің құралы.
Христиан бейнесінде өзін жетілдіре отырып, адам дүниені жетілдіруге белсенді араласуға мүмкіндік алды.
Католицизм философиясы, кейбір догмаларынан арылып адамға жақын, яғни әлеуметтік гармония, халықтар арасындағы бейбітшілік, өнегелік, және т.б. мәселелерге көңіл бөле бастады.
Папа Иоанн Павел II (К. Войтыла) өткен тарихтағы жіберілген қателіктерді (инквизиция алаулары, ғылымды қудалау) Шіркеу мойындап, кешірім өтінуі керек деген идеяны шығарды. Католицизмді қарапайым адамдарға жақындастыру, қазіргі жағдайға бейімдеу осы ілімнің негізгі мақсаты.
XIX – XXғ.ғ. АҚШ, Франция елдерінде персонализм тарай бастады. Осы ағымның негізгі өкілдері: Э. Брайтмен, Р. Флюэллинг (АҚШ), Э. Мунье, Ж. Лакруа (Франция). Персонализмнің негізгі мақсаты дінмен адамды татуластыру. Дүние – Құдай мен адамның бірігіп жасаған ісінің нәтижесі. Егер Құдай жоғарғы тұлға болатын болса, онда адам жердегі бірінші тұлға (персона). Тұлға негізгі онтологиялық категория, болмыс көрнісінің негізгі формасы. Тұлғаның шығармашылық белсенділігінің бастауы, тұлғаның өзінде емес – Құдайда. Сондықтан да адам мен Құдай арасындағы диалог үзілмейді.
Адам қоғамдық қатынастар жүйесінде өмір сүргендіктен өзінің қайталанбас “Мендігін” көрсетіп қалу мүмкіндігімен айырылады, өйткені қоғамдық қатынастарда бір роль немесе функция атқару керек. Тұлға ретінде адам өзінің қалауын ерікті жағдайда іске асыра алады. Қандай да болмасын мәселелерді шешу тұлғаның белсенділігімен байланысты. тұлға әлеуметтік шешу жолында түрлі кедергілерге тап болуы мүмкін. Әлеуметтік кедергілерден өту үшін, тұлға таңдайды, бағалайды. Демек, тұлғаның жетілуі, өзін шыңдай түсуі, қоғамды жетілдіруге қарағанда маңызды мәселе.
Персонализмнің христиандық принциптерді негізгі гуманистік құңдылықтармен сәйкестендіруге, қайшылықсыз, қанаусыз қоғам құруға талпынысын түсінуге болады, бірақ әлеуметтік ортасыз тұлғаның жетілуі екіталай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет