Хіх ХХ ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы



бет19/26
Дата06.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#38435
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
5 Әлеуметтік- сыни бағыт

Осы бағыт Франкфурт мектебінің әлеуметтік философиясын, неофрейдизм философиясын және Рим клубын біріктіреді. Осылардың өздеріне тән ерекшеліктері бар, сонымен бірге әлеуметтік ортаға «қоғам-табиғат-адам» жүйесіне деген сыни көзқарас оларды ортақтастырады.


Франкфурт мектебінің әлеуметтік философиясы ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан белгілі. Олардың негізгі өкілдері: М.Хоркхмайер (1895-1973), Т.Адорно (1903-1969), Г.Маркузе (1898-1979), Ю.Хабермас(1929).
Франкфурт мектебінің эволюциясы «қоғамның сыни теориясынан» (М.Хоркхмайер, Г.Маркузе) басталып, пессимистік тарих философиясы (кейінгі Хоркхмайер) және «жағымсыз диалектика» (Т.Адорно) арқылы қозғалып соңында пессимистік татуласумен (Ю.Хабермас) аяқталады.
Осы мектептің өкілдері «бір өлшемді адамды» шығарғаны үшін, адамдардың қоғамнан жатсынуын қамтамасыз еткені үшін дамыған индустриалды қоғамды сынаушылар ретінде көрінді. Алдағы революцияның субъектісі, сыни ойға бейімді интеллигенциялар мен студенттер болмақ, өйткені олар «бір өлшемді сананың» құлы бола қойған жоқ. Әлеуметтік революциядан бұрын «адам революциясы» болуы керек, яғни қоғамдық өндірістің бір жетігіне айналып кетпейтін адамды дайындау керек.
Осы мектептің өкілдері әлеуметтік зұлымдықтың себебі ғылыми-техникалық революциясы деп біледі.Табиғатты индустриалды қанау адамды қанауға ұласты.
Ғылыми теникалық прогресс адамды билеудің құралына айналды және мәдениетті «бұқаралық мәдениетке» айналдырып әлсіретті.
Өкінішке орай, индустриалды қоғамды жаппай сынаумен шектеліп, оны қайта құрудың жолдарын көрсетпегеннен кейін Франкфурт мектебінің идеялары бірте-бірте сөне бастады.
Дегенменде, 1986 жылы Батыс Европада өткен студенттер қозғалысына осы мектептің идеялары ұйтқы болғанын айтып кеткеніміз жөн.
«Адам революциясы» идеясын неофрейдизмде қарастырады. Неофрейдизм ХХ ғасырдың 30 жылдары фрейдизмнен туындады. Оның негізгі өкілдері К.Хорни, Г.Салливан, Э.Фромм және т.б. дәстүрлі бейсаналық концепциясын қайта қарап, З.Фрейд ілімінің биологиялық алғышарттарын сынға алып, фрейдизмді әлеуметтік-мәдениеттанушылық доктринаға айналдыруға талпынды.
Неофрейдизм адамның биологиялық табиғатың (либидо және сублимация) мойындамай, адамдар арасындағы қалыптасқан әлеуметтік қатынастарға баса көңіл бөледі.
Адамның психикасы тек әлеуметтік ортаға бейімделудің механизмі, ал әлеуметтік ортаға араласып, бұзу патологияға ұрындырады. Э.Фромм қазіргі қоғамды «ауру» қоғам деп бағалайды. Ондай қоғам өздерінің азаматтарының психикасына кері әсер етіп, жағымсыз комплекстер қалыптастырады. Э.Фроммның пікірінше, К.Маркс адам өміріндегі иррационалды күштердің мәніне жете көңіл бөлмеген, З.Фрейдте адамды жасайтын инстинкт емес тарих екендігіне немқұрайды қарады.
Біздер қоғамдық және экономикалық институттарды өзіміз құрамыз, дейді Э. Фромм, бірақ соны отырып жауапкершілікті сезінбейміз және «келешек» не алып келеді деп үрейлене немесе үмітпен қараймыз.
Э.Фроммның пікірінше қоғам мен адам арасындағы қайшылықты шешуге болады, ол үшін «гуманистік психоанализді» пайдалану керек. Сондықтан З. Фрейдтің психоанализін реформалап марксизм философиясымен байланыстыруды Э.Фромм өзінің міндеті деп санаған. Осындай синтез неофрейдизмнің аясында қорқынышпен күн кешкен, қоғамнан жатсынған адам туралы концепция жасауға негіз болды. Қорқыныш жүйке ауруын қоректендіретін орта. Қоғамдық құбылыстардың ықпалында қалған адам тұлғалық қасиетінен айырылады. Жатсынған тұлға дүниемен байланысын үзеді. Қайрымсыз дүние қорқыныш туғызады.
Осындай дүниеден қалай құтылуға болады, қандай қорғаныс механизмдері бар?
Біреулер қорқыныштан құтылу үшін, маскүнімдікті, нашақорлықты паналайды, екіншілері дүниеқұмарлық, байлық қуып кетеді немесе билікке таласады. Үшіншілері көнбіс тіршілік кешеді немесе қоғамнан аулақтайды. Аталған, қорғаныс механизмдері, әрине мәселені шешпейді, керісінше ары қарай тереңдетеді, жатсынған адамның жүйкесін тоздырады. Адам жалғызсырап, тірі өлік күйіне түседі.
Э.Фромм осындай тіршіліктің қыспағында қалған, қоғамнан жатсынған, еркіндіктен қашқан ( бегство от свободы) адамның проблемасын шешуге талпынады. Ол адамның мінез – құлқымен және қоғамның әлеуметтік құрылымын байланыстыратын «әлеуметтік мінез» ұғымын кіргізеді. әлеуметтік мінез идеясын дамыта отырып, Э.Фромм «иемдену» және «бөлу» қғымдарын пайдаланады. Осы екі ұғым, «өмір сүрудің екі тәсілі». Егер адам иемдену принципін ұстанса, онда ол дүниеқорлыққа ұрынады, тіпті бәрінде, барлығында өзінің меншігіне айналдырып, ал болу тұлғаның тәуелсіздігін, еркіндігін, белсенділігін қамтамасыз етеді. Белсеңді болу, тұлғаның мүмкіндігіне, дарынына жол ашады.
Адамға керегі әлеуметтік революция емес, санадағы революция.
К.Хорни және Г.Салливан осы проблемаларды зерттейді. Хорни тұлғаның ішкі, Г.Салливан тұлғааралық қайшылықтарға көңіл бөлген.
Жаңа әлеуметтік философия жасауға 1968 жылы құрылған халықаралық қоғамдық ұйым «Рим клубын» ұйымдастыруға ұйытқы болған белгілі экономист А.Печчей өзінің «Адамдардың сапасы» атаулы кітабында франкфурт мектебі мен неофрейдизмнің идеяларын жалғастыра отырып төмендегідей қорытындыға келеді. Егер, ғылыми – техникалық революциясының осы дамуы сақталса, сонымен бірге әлеуметтік – экономикалық және әлеуметтік – саяси өзгерістер жалғаса берсе, онда ХХІ ғасырда адамзат «ауқымды катастрофаға» ұшырайды. Одан құтылу үшін, жаңа сапалы адам керек.
Қоғамға әлеуметтік революция емес, адам революциясы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет