Химия факультеті


Металдардың жалпы қасиеттері



бет7/11
Дата12.04.2022
өлшемі168,5 Kb.
#139051
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
МЕТОДИЧКА новый

6.Металдардың жалпы қасиеттері


Металдардың қышқылдармен әрекеттесуі
Қажетті құрал-жабдықтар: стақан, пробирка.

Қажетті реактивтер: Тұз, азот, күкірт қышқылдары, Cu, Al, Na ерітінділері.


Тұз, азот, күкірт қышқылдарының концентрациялары әртүрлі ерітінділерімен Cu, Al, Na қалай әрекеттеседі? Сұйылтылған және концентрлі тұз қышқылы мен азот қышқылының ерітінділерімен мыс, алюминий қалай әрекеттеседі? Реациялардың жүру айырмашылығын металдардың активтігі тұрғысынан түсіндіріңдер. Реакция теңдеулерін жазыңыз.




Гальваникалық элемент
Қорғасын тұзының ерітіндісінен қорғасынның мырышпен ығыстырылуы
Қажетті құрал-жабдықтар: стақан, жіп.

Қажетті реактивтер: мырыш, қорғасын ацетаты.


Мырышты жіпке байлап, қорғасын ацетатының ерітіндісіне салу. Біраз уақыттан кейін қандай өзгеріс болғанын байқап, реакция теңдеуін жазу.




Электролиз
Мыс (ІІ) хлориді ерітіндісінің электролизі

Қажетті құрал-жабдықтар: стақан, пробирка, U-тәрізді түтік,графит электроды, катод және анод.


Қажетті реактивтер: мыс (ІІ) хлориді, КІ және крахмал ерітіндісі,


U-тәрізді түтікке мыс (ІІ) хлоридінің концентрациясы 0,5 моль/л ерітіндісін құйып, екі жағына екі графит электродын салу. Электродтарды ток көзіне жалғап, тізбек арқылы 5 – 10 минут ток жіберу. Осыдан кейін ток тізбегін ажыратса, катодтың беті мыспен қапталғаны көрінеді. Түтіктің анод тұрған бөлігіне КІ және крахмал ерітіндісін тамызғанда қандай реакция жүреді? Электролиздің схемасын құрып, электродтарда жүрген реакциялардың теңдеулерін жазу. Тәжірибе аяқталғаннан кейін 194 катод болған электродты 10%-ті азот қышқылында – 5 минут ұстап, сумен жуу. Ал анод болған электродты 3 – 5 минут калий гипосульфитіне салып, сумен жуу.




КІ ерітіндісінің электролизі
Қажетті құрал-жабдықтар: стақан, пробирка, U-тәрізді түтік, графит электроды.

Қажетті реактивтер: КІ, фенолфталеин, крахмал.


U-тәрізді түтікке КІ ерітіндісін құйып, 3 – 4 тамшы фенолфталеин қосу. Түтіктің екі бөлігіне графит электродтарын салып, тізбек арқылы 5 – 10 минуттай ток жіберіңдер. Түтіктің катод тұрған бөлігінде газ бөлінеді және ерітіндінің түсі өзгереді. Анод тұрған бөліктен 3 – 4 тамшы ерітінді алып, пробиркаға құйып, дистильденген су қосып, крахмал тамызса, ерітіндінің түсі көкке боялады. Байқалған құбылыстарды түсіндіру, электролиз схемасын құрып, электродтарда жүрген реакциялардың теңдеулерін жазу.




Коррозия

Қажетті құрал-жабдықтар: стақан, пробирка, шыны түтік.


Қажетті реактивтер: күкірт қышқылы, мыс сым.


Әр түрлі екі металл біріне – бірі жанасқанда болатын коррозия Майыстырылған шыны түтікке күкірт қышқылын құйып, бір бөлігіне мырыш салып сутектің бөлінгенін байқау. Түтіктің екінші бөлігіне мыс сымын салыңдар, бірақ мырышқа тигізбеңдер. Мыста сутек бөліне ме? Осыдан кейін мыс сымын әрі қарай жылжытып мырышқа тигізу. Енді мыста да сутек бөлінеді. Себебі неде? Түзілген гальваникалық элементтің (гальваникалық жұп) схемасын құру. Мыстың мырышқа жанасуы оның коррозиясына қалай әсер етті?




Микрогальваноэлементтің түзілуі

Қажетті құрал-жабдықтар: стақан, пробирка.


Қажетті реактивтер: сұйылтылған күкірт қышқылы, мыс сульфаты.


Пробиркаға мырыш салып, сұйылтылған күкірт қышқылын құю. Өте баяу сутек бөлінеді. Енді бірнеше тамшы мыс сульфатын қосу. Болған өзгерісті түсіндіру.




Иондардың активтендіру әсері
Қажетті құрал-жабдықтар: стақан, пробирка.

Қажетті реактивтер: алюминий сымы, қышқыл қосылған мыс сульфаты, NaCl.


Екі пробиркаға алюминийден жасалған сым салып, қышқыл қосылған мыс сульфатының ерітіндісін құю. Бірінші пробиркаға бірнеше тамшы NaCl ерітіндісін тамызу. Қай пробиркада коррозия тез жүреді? Түзілген гальваникалық элементтің (гальваникалық жұптың) схемасын жазып, тәжірибе нәтижелерін түсіндіру.


Металдардың пассивтенуі

Қажетті құрал-жабдықтар: темір шеге,түпі қағаз (наждак), пробирка.


Қажетті реактивтер: концентрлі азот қышқылы, тұз қышқылы, мырыш, темір, алюминий.


Екі темір шегені түпі қағазбен (наждакпен) жақсылап тазартып, біреуін концентрлі азот қышқылы бар пробиркаға салу. Реакция басында тез жүреді де, біраздан кейін баяулайды. Шегенің бетінде темір оксиді түзіліп, ол темірдің тотығуына кедергі жасай бастайды, басқаша айтқанда темір пассивтенеді. Бірақ мұндай әдіспен пассивтеудің сапасы өте төмен. Ал енді шегені алып жуып, жақсылап қағазбен сүртіп, қайтадан азот қышқылына салса, реакция қайтадан бастала ма? Осыдан кейін шегені алып, жуып, сұйылтылған күкірт қышқылы бар стақанға салыңдар және осы ерітіндіге пассивтелмеген шегені салыңдар. Қайсысында сутек бөлінеді? Үш пробиркаға тұз қышқылын құйып, біріншісіне мырыш, екіншісіне темір, үшіншісіне алюминий салыңдар. Егер реакция баяу жүрсе, пробиркаларды қыздырыңдар. Сутек тез бөліне бастаған кезде барлық пробиркаға уротропин салыңдар. Қандай өзгеріс байқадыңдар? Уротропин әрқашанда интенсивті ингибитор бола ала ма?






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет