Химия факультеті



бет9/11
Дата12.04.2022
өлшемі168,5 Kb.
#139051
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
МЕТОДИЧКА новый

8. d-металдар химиясы. Мыс


Мысты мыс сульфатынан металл мырышпен ығыстырып алу
Қажетті құрал-жабдықтар: стақан, фарфор табақша,су ваннасы, фильтр қағаз, банка.

Қажетті реактивтер: мыс сульфаты ерітіндісі,мырыш тозаңы, хлор сутек қышқылы 5%-ті.


Мыс сульфатының 5 мл салқын қанық ерітіндісін дайындап, оны фарфор табақшаға құйып және оған мырыш тозаңының есептелген мөлшерін аз-аздап қосу. Табақшаны реакциялық қоспамен сулы жылытқышқа (су ваннасы) қойып және 80°С температураға дейін қыздыру. Еру аяқталған соң, ерітіндісін төгу, түзілген мыс тұнбасын хлор сутек қышқылының 5%-ті 221 ерітіндісімен өңдеу, сумен декантациялап жуу, сүзгіге салып сумен тағы жуу және сүзгі (фильтр) қағаздың арасында кептіру. Металды тығыз жабылатын банкаға салып сақтау. Неге? Алынған мыстың біразын ашық стақанға немесе сағатттық шыныға салып, келесі сабаққа дейін қалдыру. Мысты ауада қалдырғанда не байқалады? Жасалған реакциялардың теңдеулерін жазыңдар. Өнеркәсіпте мыс қалай алынады?


Мыс (I) оксидін алу
Қажетті құрал-жабдықтар: стақан, пробирка.

Қажетті реактивтер: мыс купоросы, су, глюкоза, 20%-ті натрий гидроксиді.


2,5 г мыс купоросын (мыс сульфатының пентагидраты) 15 мл жылы суда еріту және 1,5 г глюкоза қосу. Ерітіндіні жылытып, оған тез 2,5 мл 20%-ті натрий гидроксиді ерітіндісін құю. Қоспаны араластырып, бір сағатқа қалдыру. Бөлінген тұнбаны дистильденген сумен жуу. Реакция теңдеуін жазу.




Мыс(II) гидроксидінің алынуы және оның қасиеттері

Қажетті құрал-жабдықтар: стақан, пробирка,Бюхнер воронкасы.


Қажетті реактивтер: . Мыс сульфаты, 2%-ті натрий гидроксиді, дистильденген су, аммиак.


1. Мыс сульфаты ерітіндісіне мыс (II) гидроксиді сусызданбауы үшін 0,5 мл глицерин қосу. Мыс (II) гидроксиді толық тұнбаға түскенше ерітіндіні араластыра отырып, 2%-ті натрий гидроксиді ерітіндісін баяулатып құю. Тұнбаны суық дистильденген сумен (1 л суда 1 мл глицерині бар) сульфат ионынан арылғанша декантациялап жуу; Бюхнер воронкасында сүзу және тағы да сумен жуу. 2. Алынған мыс (II) гидроксидін төрт пробиркаға бөліп, оның 1 н тұз қышқылы, 30%- ті натрий гидроксиді ерітінділеріне және 25%- ті аммиак ерітіндісінің артық мөлшеріне әсерін сынау. Мыс (II) гидроксидінің қалған бір үлгісін (проба) қыздыру. Байқалған құбылысты түсіндіру. Реакция теңдеуін жазу. Мыс (II) гидроксидінің қасиеттері қандай? Аммиакты ерітіндіде мыс қандай ион түрінде болады?


Аммоний және мыс (II) сульфатының алынуы

Қажетті құрал-жабдықтар: стақан, пробирка.


Қажетті реактивтер: мыс купоросы, аммоний сульфаты.


1 г мыс купоросын 2 мл суды қыздырып еріту, аммоний сульфатының эквимолекулалы мөлшерінің 60°С-та қаныққан ерітіндісін дайындау. Ыстық екі ерітіндіні қосып араластыру және кристалдануға қалдыру. Кристалды микроскоппен қарап және олардың пішінін мыс купоросы мен аммоний сулфаты кристалдарының пішінімен салыстыру. Алынған заттың құрамы қандай? Осы тұз су ерітіндісінде қандай иондарға диссоциацияланады? Алынған тұздың су ерітіндісіне натрий гидроксиді ерітіндісін қосқанда, мыс (II) гидроксиді тұнбаға түсу- түспеуін тексеру.




Күміс нитраты

Қажетті құрал-жабдықтар: стақан, пробирка.


Қажетті реактивтер: Күміс нитратының.


Күміс нитратының бірнеше кристалын суда ерітіп, ерітіндінің рН анықтау. Күміс нитраты гидролизге ұшырай ма? Күміс гидроксиді қандай – күшті әлде әлсіз негіз бе? Күміс нитратын термиялық ыдырауға ұшыратқанда қандай өнімдер алынады? Реакция теңдеуін жазу.




Күміс галогенидтері

Қажетті құрал-жабдықтар: стақан, пробирка.


Қажетті реактивтер: күміс нитраты , күміс хлориді, бромиді.


Бастапқы зат ретінде күміс нитраты ерітіндісін, күміс хлоридін, бромидін және иодидін алу. Түзілген тұнбаларды сумен декантациялап жуу және оларға жарықтың, аммиак ерітіндісі мен натрий тиосульфаты ерітіндісінің әсерін сынау. Байқалған құбылысты түсіндіру. Реакциялар теңдеулерін жазу. Күміс иодидінің натрий тиосульфатында еритіндігінің, ал аммиактың су ерітіндісінде ерімейтіндігінің неліктен екенін түсіндіру. 225 Күміс галогенидтерінің түсі галогеннің атом нөмірі көбеюіне қарай өзгеруін қалай түсіндіруге болады? Күміс галогенидтері мен сульфидінің ерігіштік көбейтіндісінің мәндерін салыстыру (қосымшада 6-кесте). Күміс ионына қандай анион сапалық реагент болып табылады? Күміс галоид қосылыстарының фотографияда қандай маңызы бар? Түсірілген суреттер айқындалу үшін қандай заттар қолданылады?


Мырыштың, кадмийдің қосылыстары


Мырыш және кадмий оксидтері

Қажетті құрал-жабдықтар: стақан, пробирка, тигель қақпағы.


Қажетті реактивтер: мырыш және кадмий нитраты.


Тигель қақпағына мырыш және кадмий нитраттарының аздаған кристалдарын салу, оларды алғашқыда жайлап, кейін 230 қатты қыздыру. Не байқалады? Алынған оксидтердің түстері қандай? Реакция теңдеуін жазу.


Мырыш пен кадмийдің гидроксидтері

Қажетті құрал-жабдықтар: стақан, пробирка.


Қажетті реактивтер: Мырыш пен кадмий тұздары, натрий гидроксиді.


Мырыш пен кадмий тұздары ерітінділеріне 1 н натрий гидроксидін алғашқыда аздап, сосын артық мөлшерде құю. Не байқалады? Реакция теңдеулерін жазу. Осы реакциялар мырыш пен кадмий гидроксидтерінің қандай қасиеттерін сипаттайды? Натрий гидроксидінің орнына аммиактың су ерітіндісін пайдаланып, жоғарыдағыдай тәжірибе жасау. Неліктен мырыш пен кадмий гидроксидтері аммиактың артық мөлшерінде ериді? Реакция теңдеулерін жазу. Мырыш пен кадмий гидроксидтері қандай жағдайда тұнбаға неғұрлым толық түседі?




Калий хроматын алу

Қажетті құрал-жабдықтар: стақан, пробирка, тигель.


Қажетті реактивтер: калий карбонаты, калий гидроксиді, калий нитраты, хромды теміртасы(FeO·Cr2O3) хром оксиді.


(Столда бір тәжірибе жүргізіледі). Темір тигельде бір грамнан калий карбонатын, калий гидроксидін және калий нитратын алып, біріктіріп, жанарғы жалынымен қыздыра отырып, тигельге ұсақ ұнтақталған хромды теміртасының (FeO·Cr2O3) 1 г немесе хром оксидінің 0,8 г салу. Қоспаны 5 – 10 минуттай дәнекерлейтін жанарғымен қыздыру. Суытылған балқыманы сумен өңдеу. Ерітіндіні сүзіп, кристалды қабыршық пайда болғанша буландыру. Түзілген кристалдардың құрамы қандай? Не үшін реакцияға калий карбонаты алынады? Реакция теңдеулерін құру.




Хром (VI) оксидін алу
Қажетті құрал-жабдықтар: стақан, фарфор табақша,воронка,шыны таяқша.

Қажетті реактивтер: калий дихроматы, концентрлі күкірт қышқылы.


Фарфор табақшасына калий дихроматының 1 г салып, 10 мл суда ерітіп, шыны таяқшамен араластырып тұрып, 6 мл концентрлі күкірт қышқылын құю. Тұнбаға қандай зат түседі? Ерітіндіні суытып, шыны сүзгілі воронкада тұнбаны сүзу. Реакция теңдеуін жазу.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет