Химия факультеті



бет11/11
Дата12.04.2022
өлшемі168,5 Kb.
#139051
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
МЕТОДИЧКА новый

Кобальт (II) тұздарының қасиеттері

Жұмыстың мақсаты:


Қажетті құрал-жабдықтар: стақан, пробирка.


Қажетті реактивтер: кобальт хлориді,су, кобальт (II) сульфаты, күкіртсутек, абсолютті спирт.


1. Пробиркаға сусыз кобальт хлоридінің аздаған кристалдарын салып, сумен дымқылдау. Бояуы қалай өзгереді? Концентрлі тұз қышқылын қосу. Ерітіндінің түсі енді қандай болады?


2. Пробиркаға 1 – 2 мл абсолютті спирт құйып, кобальт хлоридінің аздаған кристалдарын қосу. Бояудың өзгеруін түсіндіру.
3. Кобальт (II) сульфаты ерітіндісіне бір пробиркаға күкіртсутек суын, екіншісіне – натрий сульфиді ерітіндісін құю. Реакция теңдеулерін жазу.
4. Кобальт нитратының аздаған кристалдарын газ жанарғысы жалынында аса қыздыру. Реакцияның аяқталғанын қалай анықтауға болады? Алынған кобальт оксидінің (температураға байланысты кобальттың қандай оксиді түзілуі мүмкін?) аздаған мөлшерін пробиркаға салып, концентрлі тұз қышқылымен өңдеу. Қандай газ бөлінеді? Жасалған реакциялардың теңдеулерін жазу. Кобальт оксиді азот және күкірт қышқылымен қалай әрекеттеседі?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет