Химия факультеті


Сілтілік металдар. Сілтілік – жер металдар



бет8/11
Дата12.04.2022
өлшемі168,5 Kb.
#139051
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
МЕТОДИЧКА новый

7. Сілтілік металдар. Сілтілік – жер металдар


Сілтілік металдардың ауамен және сумен әрекеттесуі

Қажетті құрал-жабдықтар: стақан, пробирка, пинцет, фарфор ыдыс, фильтр қағазы.


Қажетті реактивтер: Керосинде тұрған натрий, фенолфталеин.


1. Керосинде тұрған натрийдің бір түйірін пинцетпен алып, фильтр қағазымен құрғатқаннан кейін, шетін кесіп, алып тастау. Натрийдің беті кесіп алғанда қандай еді, ал біраздан кейін қандай болды? Қандай реакция жүреді? 2. Тәжірибені қорғағыш көзілдірік киіп жасау керек! Фарфор ыдысқа су құйып, ішіне пинцетпен азғантай натрий бөлшегін салу. Ыдыстың бетін шынымен жауып, реакцияның қалай жүретінін байқау. Реакция аяқталғаннан кейін ерітіндінің ортасы қалай өзгеретінін фенолфталеинмен көру. Осындай тәжірибені литий және калиймен жасап, металдардың активтілігін салыстыру. Реакциялардың теңдеулерін жазу.




Сілтілік металдардың тұздары
Қажетті құрал-жабдықтар: стақан, пробирка, Бюхнер воронкасы, тығын, индикатор.

Қажетті реактивтер: аммиак ерітіндісі, натрий хлориді, этил спирті, фенолфталеин.


Натрий бикарбонатын алу жолы 10%-ті аммиак ерітіндісінің 50 мл-ін натрий хлоридімен қанықтыру. Ерітіндіні сүзіп, колбаға құйып, газ жүретін түтігі бар тығынмен жабу. Ерітіндіге көмір қышқыл газын тұнба түзіліп болғанға дейін жіберу. Кристалдарды Бюхнер воронкасында бөліп алып, этил спиртімен жуу және ауада кептіру. Реакция теңдеулерін жазу. Көмір қышқыл газымен қанықтырылған натрий хлоридінің аммиакты ерітіндісінде түзілетін тұздардың ерігіштігімен танысу. Жүретін процестерді түсіндіру. Тұздың азғантай мөлшерін суда 202 ерітіп, лакмуспен, фенолфталеинмен және универсал индикатормен сынау. Байқалған өзгерістерді түсіндіру.




Судың кермектігін анықтау
Қажетті құрал-жабдықтар: стақан, колба.

Қажетті реактивтер:су, метилоранж, тұз қышқылы 0,1 н.


Екі колбаға 100 мл-ден кәдімгі су құйып, әрқайсысына 5 – 6 мл метилоранж тамызу. Бірінші колба салыстыру үшін тұрсын, екінші колбадағы суды тұз қышқылының 0,1 н ерітіндісімен түсі сарыдан қына сарыға ауысқанға дейін титрлеңдер. Титрлеуді 2 – 3 рет қайталап, жұмсалған қышқыл көлемінің орташа мәнін есептеуге алу. Судың уақытша кермектігін мынадай формуламен есептеу: 2 HCl HCl H O V C 1000 K = V   , мұндағы VHCl – қышқылдың көлемі, мл, CHCl – қышқылдың эквиваленттік концентрациясы, моль/л, H O2 V – судың көлемі, мл.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет