«Химия және химиялық технология» кафедрасы курстық жоба tpus 3317- «КӨмірсутек шикізатын өҢдеу технологиясы



бет13/14
Дата07.02.2022
өлшемі281,16 Kb.
#89987
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Базарбектің курстық жұмысы тексерілген

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша, оның ішінде біздің елде де күкіртті және жоғары күкіртті мұнайлардың үлесі жоғары болғандықтан, олардан алынатын өнімдердің құрамында күкіртті қосылыстар болады. Олар құрал – жабдықтарды және қозғалтқыш бөлшектерін коррозияға түсіреді, ал отынды жаққанда күкірт ангидридіне айналып қоршаған ортаны уландырады. Гидрогенизациялау процестерін пайдалану мұндай күкіртті қосылыстарды күкіртті сутегіне айналдыруға мүмкіндік береді. Оны газ өнімдерінен жеңіл бөліп алып, күкіртке немесе күкірт қышқылына айналдырады.

Мұнай көмірсутектерінің тәжірибелік маңызы бар химиялық түрлендірулерінің көбісі катализатордың қатысуымен жүреді. Катализаторлар химиялық реакциялардың активтену энергиясын төмендетіп, нәтижесінде олардың жылдамдығын өсіреді. Катализдің жалпы мәні мен мәнісі осында. Реакцияларды катализатордың қатысуымен жүргізу, сонымен қатар процестің температурасын күрт төмендетуге мүмкіндік береді. Жылу эффектісі оң реакциялар үшін (полимерлеу, гидрлеу, алкилдеу, т.б.) бұл өте маңызды, себебі термодинамикалық көзқарас бойынша, жоғары температура оларға кері әсер етеді.

Катализатордың кез келген түрі бастапқы реагенттермен активті түрде әрекеттеседі, бірақ оның процеске қатынасуы түрлендірудің тек бастапқы сатысымен шектеледі. Келесі сатыларда ол толық регенерацияланады да, реакциялаушы заттардың молекулаларымен қайтадан әрекеттесуі мүмкін. Осымен катализатордың аз мөлшерімен реакцияның соңғы өнімдерін өте көп мөлшерде алуға болатынын түсіндіреді. Катализатордың қатысуымен аралық жүйе түзілу себебімен химиялық реакцияның активтеу энергиясының кемуі дәлелденген факт.

Вакуумдық газойльдердің каталитикалық крекингтің негізгі мақсаты – жоғары сапалы бензин алу; одан бөлек құрамында бутан –бутилен фракциясы көп газ және газойл фракцияларын алады. Катализатор есебінде аморфты алюмосиликаттар немесе құрылымы жетілген кристалды құрылымды цеолиттер қолданылады. Процесс температура жағынан термиялық крекингке ұқсас, бірақ реакция жылдамдығы бірнеше дәрежеге жоғары, алынған бензин сапасы да едеуір жоғары болады. Жоғарыдағы сызбанұсқада кестемен көрсетілген жылдық қуаты 700 мың тонна жылына болатын каталитикалық крекинг қондырғысының материалдық тепе-теңдігі керекинг пен алынғын өнімдердегі тұрақсыз бензин (б.қ.-195°Сфракциясы) болса шығымы 46,0 бір сағаттағы бөліну жыдамдығы 39460,3 кг/сағ ал тәуліктегі барлық өндірілген салмағы 947,05 т жылдық 322000 т. Осылай жеңіл газойль ,ауыр газойль ,420°С-тан жоғары фракция барлығы өз температурасында тәуліктік және жылдық массасымен шығады материялдық теп-теңдікке өндіріске дейін қанша өнім кірсе сол өнім шықты.


Қазіргі кезде барлық каталитикалық крекинг қондырғыларында синтетикалық кристалды алюмосиликатты, көбінесе, микросфералы цеолитті катализаторлар (ЦК) қолданылуда. Бұл крекинг тезнологиясының соңғы 35 жылдағы ірі табысының бірі болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет