курстық жұмысты орындауға арналған
ТАПСЫРМА
Студент___________________________________________________________
Мамандық ________________________________________________________
Тобы _____________________________________________________________
Тақырып _________________________________________________________
Кафедра кеңесінде бекітілді: №____ «___»___________2018 ж. дейін
Курстық жұмысты тапсыру мерзімі: «___»___________2018 ж. дейін
Курстық жұмысты баяндау: «___» мен «___» _________ 2018 ж. Дейін
Зерттелуге жататын негізгі мәселелер:
1._________________________________________________________________2._________________________________________________________________3._________________________________________________________________
Графикалық материалдың тізбесі
1. Ағындық сызбанұсқа
2. Қондырғының тенхикалық сызбанұсқасы
3. Негізгі аппарат
Курстық жұмысты тапсыру мерзімі: «___»_______________2018 ж.
Курстық жұмыстың жетекшісі ____________________Себепқалиева Н.Н.
Тапсырманы орындауға қабылдады: «___»______________2018 ж.
Студент____________________________________________
Ү АтМГУ 703-17-17. Курстық жобаға тапсырма. Бірінші басылым
Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................................4
1 Әдеби шолу...........................................................................................................5
1.1 Процестің мақсаты мен маңызы......................................................................5
1.2 Каталитикалық крекинг шикізаты...................................................................6
1.3 Крекинг катализаторлары.................................................................................8
1.4 Каталитикалық крекинг механизмі және химизмі.......................................14
1.5 Технологиялық параметрлер..........................................................................20
1.6 Реактор түрлері................................................................................................22
2. Технологиялық бөлім........................................................................................26
2.1 Технологиялық есептеулер.............................................................................26
2.1.1 Материалдық баланс....................................................................................26
3. Механикалық есептеулер..................................................................................32
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................37
КІРІСПЕ
Мұнай мен газ шикізатын өңдеудің химиялық технологиясының негізгі мақсаты оларды жоғары температура мен катализатор әсерімен өзгерту болып саналады. Процестердің барлығын, мұнайды бөлудің алғашқы өңдеу процестерінен және басқа физикалық әдістерден айыру үшін, екінші немесе қайта өңдеу процестері дейді.
Каталитикалық крекинг II дүние жүзі соғысы кезінде көрнекті рөл атқарды, процестің бензинінің негізінде ұшақ бензинін өндіру жолға қойылды. Кондырғылардың кейбіреулері шығатын газ құрамында бутиленді көп алу режимінде жұмыс істеп бутандиен каучугін алуға пайдаланды. Шикі зат есебінде керосин газойл фракциясын пайдаланды. Соғыстан кейін ұшақ бензиніне сұраныс азайып, керосин газойл фракциясына өсті, каталитикалық қондырғыларын негізінен ауырланған газойлдерге ауыстырып, жоғары октанды автомобиль бензинін шығара бастады. Цеолитті катализатордың қозғалушы қабатымен істейтұғын қондырғылар кең қолданыс табуда, процесті бензин шығымына есептегенде тез жетілдіруге мүмкіндік берді.
Шамамен каталитикалық крекингпен бір кезеңде каталитикалық риформинг те өндіріске ене бастады. Бұл процестің негізіне алтымүшелі нафтендер мен нормалды парафиндердің ароматикалық көмірсутектеріне каталитикалық ауысуы жатады. Бірінші реакцияны 1911ж. Н.Д.Зелинский ашты. Екінші реакцияны бір мезгілде бірден үш ғылыми орталықта ғалымдар Б.А.Казанский, Б.Л.Молдавский, Г.Д.Камушер, В.И.Каржов, А.Ф.Платэ ашты
Мұнай көмірсутектерінің тәжірибелік маңызы бар химиялық ауысулардың көбісі катализаторлардың қатысуымен жүреді. Катализаторлар химиялық реакциялардың активтеу энергиясын төмендетіп, нәтижесінде олардың жылдамдығын өсіреді. Катализдің жалпы мәні мен мәнісі осында. Реакцияларды катализатордың қатысумен жүргізу, сонымен қабат, процестің температурасын күрт төмендетуге мүмкіндік береді. Жылу эффектісі оң реакциялар үшін бұл өте маңызды, себебі термодинамикалық көзқарас бойынша, жоғары температура оларға кері әсер етеді.
Катализатордың кез келген түрі бастапқы реагенттермен активті түрде әрекеттеседі, бірақ оның процеске қатынасуы ауысудың тек бастапқы сатысымен шектеледі. Келесі сатыларда ол толық регенерацияланады да реакциялаушы заттардың молекулаларымен қайтадан әрекеттесуі мүмкін. Осымен катализатордың аз мөлшерімен реакцияның соңғы өнімдерін өте көп мөлшерде алуға болатынын түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |