«Химия және химиялық технология» кафедрасы курстық жоба tpus 3317- «КӨмірсутек шикізатын өҢдеу технологиясы



бет3/14
Дата07.02.2022
өлшемі281,16 Kb.
#89987
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Базарбектің курстық жұмысы тексерілген

1 Әдеби шолу

    1. Процестің мақсаты мен маңызы

Каталитикалық крекинг мұнайды терең өңдеудегі көп тонналы процестердің ең көп тараған түріне жатады және айтарлықтай мөлшерде қазіргі заманауи және перспективті МӨЗ техника-экономикалық көрсеткіштерін айқындайды.


Каталитикалық крекинг процесінің негізгі мақсаты – жоғары кейінгі октанды бензин және кейінгі өңдеудегі жоғары октанды бензин(50% дейін және жоғары) өндірісі компоненттерінің изомерлі құрылымды алкилат және метил-трет-бутил эфирінің шикізаты сұйылтылған газдың, сонымен қатар мұнайхимиялық өнеркәсіп шикізатының максималды жоғарғы шығымды өндіріс болып табылады. Процесс кезінде алынатын жеңіл газойль негізінен дизельдік отынның компоненті ретінде, ал полициклді қосылыстары жоғары құрамды ауыр газойльтехникалық көміртек және жоғары сапалы электродты кокс өндірісінің шикізаты болып табылады.
Каталитикалық крекинг процестері АҚШ-та жақсы дамыған, 1999 жылы мұнайды біріншілік өңдеудің 34,2% құрады, ал кейбір МӨЗ көрсеткіштері 50%-дан жоғары көрсеткіште болды. Бұл процесс басқа дамыған мемлекеттерде 10 - 15% құрады.
1919 – 1920 жылдары Н. Д. Зелинскиймен алюминий хлориді қатысында мұнай шикізатының төментемпературалы каталитикалық крекингі (≈200°С) ұсынылған еді. Жұмыстардың негізінде бензинді алу тәжірибелік қондырғы жасалынып және сыналды. Бірақ аляминий хлоридінің катализатор ретіндегі кемшіліктерге (аппаратураның қатты коррозиялануы, көмірсутектермен комплекс түзуі нәтижесінде катализатордың көп шығындалуы, процестің периодтылығы) байланысты бұл ой өндірістік енгізілуді тапқан жоқ.
Ең бірінші керосинді-газоиль фракциясының каталитикалық крекинг өндірістік қондырғысы 1936 жылы АҚШ-та іске қосылды, ол табиғи саздан жасалған стационарлы қабаттағы катализорлы периодты регенрацияланатын процесс болды. 1940 жылы саз активтілігі бұдан да жоғары синтетикалық гранулаланған алюмосиликатты катализатормен (Гудри қондырғысы) ауыстырылды. 1942 жылы каталитикалық крекингтің өндірістік қондырғысы шарикті катализаторлы үздіксіз схемаға ауысады, катализатор реактор мен регенератор арасында циркуляцияланады (бұл шетелдің термофор, гудрифлоу, гудризид, КСРО-да 1946 жылы 43-1 типті). Кейінгі жылдары жетілдірілген жалған сұйылған микросфералық катализатор қабатындағы каталитикалық крекинг пайда болды (шетелдік І, ІІ, ІІІ және IV, Ортфлоу, А, В, С модельдері, КСРО-ның 1-А, 2-Б, 13-103, 43-104 және ГК-3)
Каталитикалық крекинг қондырғыларының ары қарай дамуына 1962 жылғы жаңа енгізулер нәтижесі шешуші мәнге ие болды және цеолит құрамды алюмосиликаттар, катализатордың жоғары талғамдылығы, активтілігі және термотұрақтылығы бензиннің шығымын жоғарылатты, сонмен қатар (1971 жылғы) интесивтілігі жоғары лифт-реактор (КСРО-ның қондырғылары Г-43-107 және КТ-1, шетедің ЮОП, 2-Р-2, Эйч-Оу-Си және т.б.) деп аталатын тура ағындық реакторлы – микросфералық катализаторлы кіріс ағынды каталитикалық крекинг қондырғысын жобалап енгізді.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет