«Химия және химиялық технология» кафедрасы курстық жоба tpus 3317- «КӨмірсутек шикізатын өҢдеу технологиясы



бет4/14
Дата07.02.2022
өлшемі281,16 Kb.
#89987
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Базарбектің курстық жұмысы тексерілген

Каталитикалық крекинг шикізаты

Каталитикалық крекинг шикізаты ретінде көп жылдар бойы кең фракциялық құрамды (350 – 500°С) вакуумдық газойльді қолданып келген. Кейбір жағдайда крекинг шикізатына термодиструктивті, гидрокрекинг процестердің газойльді фракцияларын, мазуттң және гудронның деасфальтизация процестерінің рафинатын, май өндірісінің жартылай өнімдерін және т.б. қолданады.


Соңғы жылдары әлемдік мұнайөңдеуде шикізаттың ауырландырылу заңдылығы байқалуда. Шетелдің заманауи қондырғылары қайнау температурасының соңы 540 – 620°С терең вакуумды газойльдерді өңдеуге көшті. Әдейі жобаланған қондырғыларында каталитикалық крекингке өалдық шикізаттарды: мазут және гудронды немесе олардың дистиллятты қоспасын алдын ала гидротазалаумен немесе гидротазалаусыз, деасфальтизациямен немесе деасфальтизациясыз жібереді.
Каталитикалық крекинг процесіне әсер етуі дәрежесіне байланысты шикізаттардың сипаттамаларын шартты түрде келесі үш топқа бөлуге болады:

  1. Крекинг өнімінің шығымына (материалдық балансқа) әсер ететін көрсеткіштер: фракциялық және топтық химиялық құрамы және гетерогенді қосылыстар құрамы;

  2. Катализатордың қайтымды деактивациясына әсері, бұлар тығыздық, кокстелу дәрежесі және күкірт қышқылды майларды құрамы;

  3. Катализатордың қайтымсыз деактивациялануыеа әсер ететін көрсеткіштер: металлдар құрасы, әсіресе ванадий мен никельдің.

Фракциялық құрам бойынша процесс шикізатына келесі талаптар қойылады:

  • Бензин-лигроинді фракцияның толығымен болмауы, өйткені крекинг жағдайларында олар аз өзгеріске ұшырайды, сонымен қатар пропорционалды түрді реакциялық аппаратқа ауыртпалық түсіреді және бензиннің октан санына кері әсер етеді;

  • 350°С-ға дейін қайнайтын фракцияның шектелуі (10% дейін);

  • Қайнау соңы температурасының (500 – 620°С) шектелуі бұл жоғары қайнаушы фракцияларда коксогендік шикізат компоненттердің (асфальтендер әжәне шайырлар) және гетероорганикалық қосылыстардың және металлдардың болуымен түсіндіріледі.

Шикізаттың топтық химиялық құрамы шығым мен крекинг өнімінің сапасына әсер етеді. Көбінесе каталитикалық крекингке жіберілетін вакуумдық газойльдер бастапқы мұнайдың типіне байланысты оның құрамындағытоптық компнентте үлкен аралықты қамтиды: парафинділер 15 – 35, нафтенді 20 – 40 және ароматтық 15 – 60 %.
Кестеде көрініп тұрғандай мақсатты өнім (бензин және сығылған газ) алуда каталитикалық крекинг үшін негізінен шикізат болып парафинді және нафтенді көмрсутектер жатады. Шикізаттағы полицилді ароматтық көмірсутектер және шайырлар крекинг жағдайында аз мөлшерде бензин және пөп мөлшерде ауыр фракция және кокс береді. Химиялық құрамы бойынша біртипті күкіртті және оттекті қосылыстардың каталитикалық крекингтің материалдық балансына әсері аз, бірақ өнімнің сапасын төмендетеді. Сонымен қатар шикізаттағы гетероорганикалық қосылыстардың өсуімен полициклді көмірсутектердің және шайырлардың мөлшері көбейеді.

1-кесте
Вакуумдық газойльдің топтық көмірстектік құрамының крекинг өнімдеріне әсері (цеолит құрамды катализатор, температурасы 538°С)





Крекинг өнімдерінің шығымы, % көл.

Шикізат

Парафинді

Нафтенді

Ароматикалық

Құрғақ газ (С1 – С2 + Н2)

2,6

3,2

3,4

Сығылған газ (С3 – С4

34,5

27,5

24,3

Бензин С3 – 220°С

73

70

54,2

Жеңіл газойль

5

10

20

Ауыр газойль

2

5

10

Кокс*

4,8

5,4

6,3

* Массалық шығым.

Крекинг катализаторды қайтымды активсіздендіретін компоненттерге шикізаттағы полициклді ароматтық көмірсутектер, шайырлар, асфальтенді және азотты қосылыстар жатады. Қайтымды активсіздену туралы тығыздық бойынша шартты түрде айтуға болады, ал мөлшерлік жағын – Конрадсон бойынша анықталыт кокстелу арқылы анықтайды. Кокстелу қасиеті жоғары болған сайын кокстың катализаторда шығымы жоғары болады.


Негізінен каталитикалық крекинг қондырғысында кокстелуі 0,3 – 0,5% мас. аспайтын типті шикізатты (вакуумдық газойль 350 – 500°С) өңдейді. Егер регенератор коксты жағу бойынша қуаттылығы жағынан қосымша қоры болса, онда кокстелуі 2 – 3% мас. болатын шикізатты қолдануға болады. Қалдық шикізатты крекингілеуге арналған жәнерегенератордан шығару жүйесі бар әдейі жасалған қондырғыларда шикізаттың кокстелуі 5% мас. дейін қарастырылған.
Алюмосиликатты катализаторлар үшін қайтымды улағыштарға азотты негіздер жатады, олар қышқылды активті орталықтарда адсорбциялаып оларды бұғаттайды. Негізгі бірдей қасиеттері кезінде жоғары активсіздендіру қасиеттеріне молекулалық массасы үлкен азотты қосылыстар ие. Жантыру кезінде азотты қосылыстармен уланған катализатор толығымен қалпына келеді. Циолит құрамды катализаторлар молекулалы-ситалы қасиеттеріне байланысты аморфты алюмосиликатты катализаторға қарағанда азотпен аз уланады.
Негізінен мұнайдың жоғары қайнаушы әсіресе қалдық фракцияларда болатынметаллорганикалық қосылыстаркрекинг шикізатының қайтымсыз активсіздендіруші компоненттерге жатады. Катализатордың активті центрін блоктап, оның тек активтілігін ғана емес және оның талғамдығына кері әсер етеді. Өйткені никель және ванадийдің (олар дегидрлеуші металлдарға жатады) мөлшерінің көбеюі крекинг өнімінде сутек және құрғақ газ шығымы интенсивті артады, ал бензин шығымы айтарлықтай төмендейді.
Каталитикалық крекинг қондырғыларында әдейі арналған металдарды аулау нмесе улау қасиетін төмендететін жинағыштар қарастырылмаған, ал шикізаттың құрамында олар 2 г/т жоғары мес болғанда промоторланады.
Кокстелуі 10% мас. және металдың құрамы 10 – 30 г/т және одан да жоғары болғанда шикізатты өңдеу үшін оны алдын ала дайындау қажет.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет