«Химия» пəні бойынша тоқсанға арналған жиынтық бағалау спецификациясы 8 сынып



бет1/8
Дата12.03.2020
өлшемі1,14 Mb.
#60014
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
8тжб-конвертирован



«Химия» пəні бойынша тоқсанға арналған жиынтық бағалау спецификациясы 8 сынып



Мазмұны


  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 4

  2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 4

  3. Күтілетін нәтиже 4

  4. Ойлау дағдыларының деңгейі 5

  5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 5

  6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 5

  7. Модерация және балл қою 6

    1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 7

    2. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 9

    3. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 13

    4. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 19
      1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.



Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

      1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар


«Химия « пәні бойынша оқу бағдарламасы, негізгі мектеп (7-9 сынып)

      1. Күтілетін нəтиже Білу:


  • алғашқы химиялық түсініктерді;

  • зертханалық және практикалық жұмыстар барысындағы техника қауіпсіздік ережелерді

  • негізгі химиялық заңдар мен теориялар мәнін;

  • физикалық және химиялық шамалардың өлшем бірлігін;

  • түсініктер, формулалар, заңдар және физикалық тұрақты шамаларды;

  • атом-молекулалық ілім, атом құрылысы және элементтер қасиетін;

  • химиялық таңбаларды;

  • зат классификациясын;

  • химиялық байланыс түрлерін және зат құрылысын;

  • химиялық реакциялардың жүру заңдылығын және белгілерін, типтерін;

  • бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын және олардың қасиеттерін;

  • периодтық заңды және химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымын;


Түсіну:

  • шамалардың физикалық мағынасын, негізгі терминдерін;

  • химиялық реакциялардың жүру жағдайларын;


Қолдану:

  • тірі және өлі табиғаттағы процестер және құбылыстарды сипаттау үшін негізгі химиялық терминдер мен түсініктерді;

  • тәжірибе – экспериментальды және зерттеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу әдістерін;

  • практикалық және зертханалық жұмыстарды орындауда, оқу және қолданбалы есептер шығаруда химиялық заңдылықтар және формулаларды;

  • нәтижелерді ұсынуда графикалық әдістерді;

  • өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін;


Анализдеу:

  • берілген жаратылыстану- ғылыми эксперименттер нәтижесінде алынғандарды;

  • графикалық және кесте түрінде ұсынылған ақпараттарды;

  • зат қасиеттерінің оның сапалық және сандық құрамы мен құрылысына тәуелділігін;

  • зат қолданыс сферасы мен қасиеттерінің өзара байланысының себеп- салдарын;


Синтездеу:

  • жинақталған және өңделген берілгендерді жинақтап, ақпаратты кесте, график, хабарлама, баяндама, презентация түрінде ұсынуға;

Бағалау:

  • жүргізілген эксперименттер нәтижесін;

  • адамның тіршілік әрекеті мен қоршаған ортадағы түрлі физикалық және химиялық процестердің әсерін;



      1. Ойлау дағдыларының деңгейі





Ойлау дағдыларының деңгейі

Сипаттама

Тапсырмалар түрлері

Білу және түсіну

Нақты деректерді, терминдерді, әдістер мен тәсілдерді білу.

Ақпаратты дұрыс еске түсіру, болжау немесе түсіндіру арқылы пәнді ұғатынын көрсете білу



КДЖ - Көп дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар

ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар



Қолдану

Әртүрлі мәнмәтіндер мен жағдайларда алған білімдерін және ақпараттарды қолдану

ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - Толық жауапты

қажет ететін тапсырмалар



Жоғары деңгей дағдылары

Зерттелетін үдерістің құрамдас бөліктерін талдау арқылы ақпарат немесе нәтижелер алу және оны интерпретациялау.

Модель құру үшін алған білімдерін біртұтас біріктіру; нақты үдерістерді сипаттайтын модельдерді түсіндіру; дереккөздерден шығатын ой-пікірлерді қалыптастыру.

Ақпараттар, тәсілдер, қорытындылар, нәтижелердің тиімділігі немесе анықтылығы туралы шешім шығару; қолайлы әдіс- тәсілдерді және стратегияларды таңдай білу


ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар




      1. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін оқу мақсаттарды бөлу




Тоқсан

Іріктелген мақсаттар

Білу жəне түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

I

30%

50%

20%

II

33%

56%

11%

III

20%

70%

10%

IV

10%

80%

10%

Барлығы

23%

64%

13%



      1. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен

таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

Жиынтық бағалау жұмыстарының орындалуына 5 мин уақыт қалғанын оқушыларға хабарлаңыз

Жиынтық бағалау жұмысын орындауға берілген уақыт аяқталғаннан кейін оқушылардан қаламсаптарын/ қарындаштарын партаға қойюларын сұраңыз.

      1. Модерация жəне балл қою


Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

1-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ


1-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты - 40 минут

Балл саны - 25

Тапсырмалар түрлері:


КТБ- Көп таңдауды бар тапсырмалар;

ҚЖ- Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;

ТЖ -Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.

Жиынтық бағалаудың құрылымы


Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.

Нұсқа: 12 тапсырмадан тұрады: соның ішінде бірнеше жауап нұсқаларынан тұратын сұрақтар, қысқаша жауапты қажет ететін сұрақтар, толық жауапты қажет ететін тапсырмалар берілген.


ЖОБА

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



Бөлім


Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсы рма саны*

тапсыр ма*

Тапсыр ма түрі*

Орын дау уақыты,

мин*


Балл*

Бөлім бойынша балл

Атомдағы электрондарды ң қозғалысы

8.1.3.1 Атомда электрондар ядродан арақашықтығы

артқан сайын біртіндеп энергетикалық деңгейлер бойынша таралатынын түсіну



Білу және түсіну

1

2

КТБ

2

1


8

8.1.3.4 Алғашқы 20 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын және электронды-

графикалық формуларын жаза білу



Қолдану

1

6

ТЖ

8

2


8.1.3.5 Атомдар электрондарды қабылдай немесе жоғалта алатынын және осының нәтижесінде

иондар түзілетінін түсіну



Білу және түсіну

2

1,5


КТБ/ ҚЖ

5

3


8.1.3.6 «Нольдік қосынды» әдісімен

қосылыстардың формуласын құрастыру



Қолдану

1

3

ҚЖ

3

2

Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері



8.2.3.1 Заттар құрамындағы элементтердің

массалық үлесін табу, элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығару



Қолдану

2

9

ТЖ

8

3


8

8.2.3.3 Реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуласын жаза отырып, химиялық реакциялар теңдеулерін құру;

Қолдану

1

4

КЖ

2

2


8.2.2.1 Бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктеу

Білу және түсіну

2

7,8

ҚЖ

2

3

Металдар белсенділігін салыстыру



8.2.4.3 Металдар коррозиясын туындатуға әсер

ететін жағдайларды зерттеу



Жоғарғы деңгей

дағдылары



1

10

ТЖ

4

3

9

8.2.2.5 Металдардың қышқылдармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін құрастыру

Қолдану

1

11

ҚЖ

3

3

8.2.4.8 Металдардың белсенділік қатарын

қолданып металдардың таныс емес орынбасу реакцияларының жүру мүмкіндігін болжау



Жоғарғы деңгей дағдылары

1

12

ТЖ

3

3


Барлығы



















25

«Химия» пəнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмаларының үлгісі


  1. Магний атомы үшін дұрыс тұжырымдарды анықтаңыз.

    1. Магнийдің сыртқы электрондық қабатында 2 электрон бар

    2. Магний сыртқы қабатындағы 2 электронды беріп жібере алады

    3. Магний сыртқы қабатына 3 электрон қосып алады

    4. Mg2+ ионын түзе алады

    5. Mg2- ионын түзе алады




A) 1,2,4

B) 2,4

C) 3,5

D) тек 4



  1. Екінші топ элементтерінің электрондарының таралып орналасуы бойынша дұрыс тұжырым таңдаңыз.

+4Be ) ) 2ē +12 Mg) ) ) 2ē +20Ca ) )) )


  1. екінші топ элементтері үшін сыртқы қабаттағы электрондар саны 3-ке тең

  2. электрондар атомда біркелкі таралады

  3. электрондар атомда ядродан ара қашықтықтары артып келе жатқан энергетикалық деңгейлерде біртіндеп орналасады

  4. электрондар атомда ядродан ара қашықтықтары кему ретімен орналасқан энергетикалық деңгейлерде біртіндеп орналасады




  1. Төменде берілген қосылыстардың формуласын «нольдік қосынды» әдісі бойынша құрастырыңыз:

  1. Al3+ және S2-

  2. P5+және Cl-




  1. Cөндірілмеген әкті алу үшін әктасты (кальций карбонатын) күйдіру (қыздыру) қажет.

[1]

[1]



[2]

Сонымен қатар, cөндірілмеген әкке су қосса ол сөндірілген әкке (кальций гидроксидіне) айналады. Осы өзгерістерді сипаттайтын реакция теңдеулерін жазып көрсетіңіз.


  1. Әктастың ыдырауы _

  2. Сөндірілмеген әкті сөндіру

[2]

  1. Сызбанұсқада түзілетін иондардың формуласын жазыңыз.

Катион




Анион:

[2]

  1. Оттегі газы тіршілік үшін маңызды газ. Оттегі газы оттектің екі атомынан тұратындығы бәрімізге белгілі. Оттектің периодтық жүйедегі орнын ескере отырып жазыңыз.

  1. Электрондық конфигурациясын

  2. Электронды-графикалық формуласын




  1. Кестеде берілген химиялық реакиялардың типтерін анықтап жазыңыз.






Химиялық реакция теңдеулері

Реакция типі

1

H2+Cl2→2HCl




2

CuO + H2→ Cu +H2O




3

CaCO3 →CaO +CO2




4

NaCl + AgNO3→ AgCl +NaNO3




[2]

[2]





  1. Зертханада сутегі газын алу үшін төмендегідей реакция жүргізеді. Oрташа белсенді металл + сұйылтылған қышқыл → тұз+ сутегі Реакция типін анықтаңыз.

[1]


  1. Адамды құмырсқа шаққанда шаққан жері дуылдап аши бастайды. Оның себебі құмырсқадан бөлінетін қышқылда. Қышқыл теріге тиген жерін күйдіреді сондықтан тері дуылдап ашитын болады. Осы қышқылдың құрамы: көміртек - 26,09% , сутек - 4,35% , оттек

-69,54% тұратындығы белгілі болса құмырсқа қышқылының формуласын жазыңыз.

[3]



  1. Суретте темір шегенің әр түрлі ортада жемірілу (коррозия) үрдісі көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет