Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет131/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.Не себепті перманганат концентрациясын 7-10 күн өткен соң ғана анықтайды?
2. Бихроматометрия әдісінің перманганатометрия әдісінен артықшылығы.
3.Неге иодометрияда йод-иодид-ионы жұбы тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та бола алады?
4.Не себепті иодометрияда титрлеуді тек 5 минуттай уақыт өткен соң ғана жүргізеді?


БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА (БӨЖ) ЖӘНЕ ОҚЫТУШЫ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ОРЫНДАЙТЫН БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА (БОӨЖ) АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР



  1. Редоксиметрия әдісінің негізінде қандай принцип жатады?

  2. Тотығу-тотықсыздану потенциалы деген не? Олар қалай анықталады және нені көрсетеді? Тотығу-тотықсыздану реакциясы жүру үшін тотықтырғыштың ба, тотықсыздандырғыштың ба потенциалы жоғары болу керек?

  3. Титрлеу анализін жүргізу үшін кез-келген тотығу-тотықсыздану реакциясын қолдануға бола ма?

  4. Тотығу-тотықсыздану индикаторлары деген не? Олардың түрі неге өзгереді?

  5. Бихроматты тотықтырғыш ретінде алғанда оның перманганат алдында қандай айырмашылығы бар?

  6. Переманганатометрия және бихроматометрия әдістерінде КМnO4 , K2Cr2O7 тек тотықтырғыш ретінде қолданылады, ал иодометрия әдісіне I2 тотықтырғыш ретінде де , тотықсыздандырғыш ретінде де қолданылады. Неге?

  7. Автокатализ дегеніміз не? Мысалдар келтіру қажет.

  8. Қандай теңдеу бойынша тотығу-тотықсыздану потенциалын есептейді?

  9. Тотығу-тотықсыздану потенциалына температураның әсері.

  10. Тотығу-тотықсыздану потенциалына түрлі факторлардың әсері.

  11. Тотығу-тотықсыздану потенциалына сутек иондарының әсері.

  12. Cr2O72--ті Cr3+-ке дейін I- -пен қышқыл ортада тотықсыздандыруға болады ма?

  13. Оксидиметрия тәсілінде индикатордың потенциалын қандай теңдеу бойынша есептейді?

  14. Тотығу-тотықсыздану реакцияларында эквиваленттік факторды және эквиваленттік массаны қалай анықтайды ?

  15. Потенциалдың тотыққан және тотықсызданған формаларына тәуелділігі.

  16. Рейнгард-Циммерман қоспасы.

  17. Кнопп қоспасы, не үшін пайдаланылады?

  18. Нормальды (стандартты) тотығу-тотықсыздану потенциалы дегеніміз не?

  19. Аs2O3 пен KBrO3 Br -пен қышқыл ортада тотықсыздандыруға болады ма?

  20. КМnO4 ерітіндісін даярлау, оның Т және Сн анықтау.

  21. Қандай теңдеу бойынша индикатордың түсінің ауысу интервалын есептейді?

  22. Броматометрия тәсілінің жалпы сипаттамасы. Жұмыс ерітінділері, индикаторлары.

  23. Цериметрия тәсілінің жалпы сипаттамасы. Жұмыс ерітінділері, титрлеудің соңғы нүктесін анықтау.

  24. Fe(III)-ті перманганатометрия тәсілімен анықтау. Fe(III) тұзын SnCl2 ерітіндісімен тотықсыздандыру, SnCl2 артық мөлшерін жою. Тотығу-тотықсыздану реакцияларын жазу керек.

  25. Қандай индикаторлар сыртқы деп аталады. Дихромат ерітіндісімен Fe(II) сыртқы индикатормен қалай титрленеді. Химиялық реакцияларды жазу керек.

  26. Не себепті иодометриялық тәсілде тотықтырғыштарды анықтағанда KI артық мөлшерде қосылады? Анықтауды қалай аяқтайды?

  27. Тиосульфат ерітіндісінің титрін анықтағанда оны йодпен титрлеуге бола ма?

  28. Қышқыл ортада КМnO4 эквиваленттік факторы және эквивалент массасы нешеге тең? Ионды-электрондық кестесін жазу керек.

  29. КМnO4 ерітіндісінің көлемі және нормальды концентрациясы арқылы Н2С2О42Н2О массасын анықтау қажет.

  30. Қосылыстың массасын және ерітілген көлемін біле тұрып, оның Т және Сн есептеу қажет.

  31. Сілтілік ортада КМnO4 эквиваленттік факторы және эквивалент массасы нешеге тең? Ионды-электрондық кестесін жазу керек.

  32. КМnO4 ерітіндісінің FeSO4 бойынша титрін анықтау керек.

  33. Әлсіз қышқыл ортада (бейтарап) КМnO4 эквиваленттік факторы және эквивалент массасы нешеге тең? Ионды-электрондық кестесін жазу керек.

  34. Қышқыл ортада K2Cr2O7 эквиваленттік факторы және эквивалент массасы нешеге тең? Ионды-электрондық кестесін жазу керек.

  35. КМnO4 титрі Н2С2О42Н2О бойынша анықталған. КМnO4 титрін анықтау қажет.

  36. KBrO3 пен йод қышқыл ортада әрекеттескен жағдайда оның эквиваленттік факторы және эквивалент массасы нешеге тең? Ионды-электрондық кестесін жазу керек.

  37. 250см3 CaCl2 ерітіндісінде қанша грамм кальций бар екенін анықтау керек, егер оның 25,00см3 ерітіндісіне 40,00см3 0,1н (NH4)2C2O4 ерітіндісін құйып, алынған СаC2O4 тұнбасын бөліп алған соң, қалған (NH4)2C2O4 ерітіндісіне 15,00 см3 0,02н КМnO4 ерітіндісі кеткен болса. Жауабы: 0,7415г.

  38. 1л хлорлы судағы хлор мөлшерін анықтау керек. Егер КI ерітіндісінен бөлінген 25,00 см3 йодты титрлеуге 20,10 см3 0,11н тиосульфат ерітіндісі жұмсалған болса. Жауабы : 3,135г.

  39. Тотығу-тотықсыздану титрлеуіне керек темірдің 0,05н 100 см3 ерітіндісін дайындау үшін керек FeSO47H2O массасын есептендер. Жауабы: 1,390 г.

  40. Титрлейтін зат 0,1н қымыздық қышқылы, титрант – 0,1н КМnO4, реакция ортасы үшін 1н H2SO4 ерітіндісін қолданылса, алынатын титрлеу қисығын сызындар.

41.Калий перманганатының нормальды концентрациясы 0,02н болса, оның Н2C2O4, Fe, H2O2 арқылы табылған титрлері нешеге тең болады?
Жауабы: ТКМnO4/ Н2C2O4 = 0,0009904 г/мл;
ТКМnO4/ Fe = 0,001228 г/мл;
ТКМnO4/ H2O2= 0,0003741 г/мл;
42. 500мл 0,05н K2Cr2O7 ерітіндісін даярлау үшін K2Cr2O7 неше грамм алу қажет?
43. Na2S2O3 5H2O йодпен (I2) әрекеттесу реакциясында оның эквиваленттік факторы және эквивалент массасы нешеге тең?
44. 500 мл 0,05н Н2C2O42H2O ерітіндісін даярлау үшін неше грамм
Н2C2O42H2O алу қажет?
45. Тотығу реакциясында KNO2 эквиваленттік факторы және эквивалент массасы нешеге тең?
46. Мына реакциялардың тепе-теңдік константасын жазу қажет:
1. Fe2+ + MnO4 - + H+ ↔ Fe3+ + Mn2+ + H2O
2. Cr2O72- + I- + H+ ↔ Cr3+ + I0 2 + H2O
3. Zn0 + Cu2+ ↔ Cu0 + Zn2+
4. Fe3+ + Sn2+ ↔ Fe2+ + Sn4+
47. Sn4+/Sn2+ жұбының электродтық потенциалын анықтау қажет, егер иондар концентрациялары Sn4+ = 0,1 моль/л, Sn2+ = 0,0001 моль/л тең болса?
48. Mn2+/Mn0 жұбының потенциалы нешеге тең, егер иондар концентрациялары:
а. Mn2+ =2моль/л
б. Mn2+ =0,005моль/л болса.
49. MnO4-/Mn2+ жұбының потенциалы нешеге тең болады, егер иондар концентрациялары : MnO4-, Mn2+ тең және сутек иондарының концентрациясы: а.1моль/л; б.10 -3 моль/л болса.
50. Химиялық таза массасы 0,1200 г Na2C2O4 қышқыл ортада титрлеу
үшін 25,00 мл KMnO4 ерітіндісінің темір бойынша титрі нешеге тең болады?
51. 10,00мл 0,015н K2Cr2O7 ерітіндісіне артық мөлшерде KI ерітіндісі
қосылып, түзелген йодты титрлеуге 14,5мл Na2S2O3 ерітіндісі жұмсалған. Na2S2O3 ерітіндісінің титрі нешеге тең болғаны?
52. Иодометрия тәсілінің мәні, негізгі химиялық теңдеулері, ерітіндінің рН-ы.
53. Иодометрия тәсілінде қандай жұмысшы ерітінділер (титранттар) пайдаланылады, концентрациялары қандай ? Стандарт зат ретінде қандай қосылысты пайдаланады ?
54. Белгілі концентрациялы йод ерітіндісін оның нақты мөлшерін еріту арқылы даярлауға болады ма? Na2S2O3 ерітіндісін оның нақты мөлшерін кесімді көлемде еріту арқылы концентрациясы дәл ерітінді даярлауға болады ма?
55. Иодометрияда қандай индикторлар пайдаланылады. Крахмалды пайдалану ерекшелігі.
56. Йод, тиосульфат ерітіндісін даярлау және сақтау.
а. иод ерітіндісінің титрінің
б. тиосульфат ерітіндісінің титрінің өзгеруіне қандай факторлар әсер етеді? Химиялық теңдеулерді жазып көрсету қажет.
57. Не себепті йодты КI ерітіндісінде ерітеді? Химиялық теңдеуін жазу керек.
58. Na2S2O3 және I2 ерітінділерінің титрін қалай анықтайды?
59. I2/ 2I- жұптың тотығу-тотықсыздану потенциалына байланысты сипаттау қажет.
60. Бихромат ерітіндісін даярлау.
61. Иодометрия тәсілінде орын басушы реагентті тирлеудің мәні.
62. Иодометрия тәсілінде пайдаланылатын реакциялардың жылдамдығына температура қалай әсер етеді?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет