Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет133/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ

К = [Ca Y2- ]/ [Ca2+] . [Y4-]
Комплексонометриялық титрлеу процесін анализдеу үшін мына координаталарда рН-VY (рМ = - lg [Mn+]) титрлеу қисығын тұрғызады.
Мысалы, Са2+ иондарын титрлегенде титрлеу қисығын рСа – VЭДТА, мл
координаталарында салады. рМ мәнін мына формулалармен есептейді:



титрлеу

э.н.-ге дейін

э.н

э.н.-ден соң

алғ.
рМ= - lg[Cмn+ (1-Р)]

алғ.
рМ= lg √Cмn+

алғ. алғ.
рМ=-lg (Cмn+/[КСY (Р-1)]




Комплексонометриялық титрлеуде эквивалент нүктені (э.н.) анықтау үшін металлохромды индикаторлар қолданылады. Ол индикаторларды титрлеу көрсеткіші рТ не рМInd сипаттайды. рТ=рК [MInd]=pMInd , ауысу интервалы рМInd=lgK [MInd] ±1. Индикаторды таңдағанда рМInd мәні титрлеу секірісі арасында болуы қажет. Ең көп қолданылатын металл индикаторға эриохром қара T жатады, оның молекуласында диссоциацияға түсетін үш протон (сутегі ионы) бар, сондықтан формуласын Н3Ind деп жазады.


Мысалы, Мg2+ анықтағанда индикатор Мg2+-ионымен MgInd- қызыл түсті комлекс түзеді (индикатор түсі көкшіл). ЭДТА-мен титрлеген кезде ол MgІnd- қосылысынан индикаторды ығыстырып түссіз МgY2- комплексін түзеді: MgІnd- + Н2Y2- → MgY2- + НІnd2- + Н+
қызыл түссіз түссіз көкшіл
Сонда МgY2- комплексі MgІnd- комплексіне қарағанда берігірек болуы керек, олай болмаса ЭДТА индикаторды ығыстыра алмайды. Сонымен бірге металл индикатор комплексінің тұрақтылығы да жоғары болуы керек, олай болмағанда ол комплекс титрлеу басында бұзылып, түстің өзгеруі анық болмайды.
Сонымен, металдың титрантпен комплексінің беріктігі металдың индикатормен комплексінің беріктігінен 10-100 рет артық болуы қажет.
Са2+ және Мg2+ иондарының ЭДТА-мен комплекстерінің тұрақтылық константаларының мәні жақын, сондықтан оларды бірге титрлеп, судың жалпы кермектігін анықтайды. Судың кермектігін ppmСаСО3 бірлігімен анықтайды, сонда кальций мен магнийдің қосынды мөлшерінің мәні анықталады. Егер магний болмаса, кальцийді ЭДТА-мен титрлегенде эриохром қара T индикаторын қолданбаған жөн, себебі СаIn- комплексі тұрақсыз, түстің ауысуы жақсы көрінбейді. Егер Мg2+, Са2+ иондары ерітіндіде бірге жүрсе, алдымен Са2+ титрленеді, себебі оның ЭДТА-мен комплексі берігірек. Са2+ мен Мg2+ ЭДТА-мен титрлегенде NH4CI+NH4OH
ерітінділерінен жасалған буфер ерітіндісі арқылы рН~ 10,0 жасау керек.
Химиялық анализде комплекс түзілу тек титрлеу әдісінде ғана қолданылмайды, сонымен бірге экстракцияда, спектрофотометрияда, гравиметрияда (никельді диметилглиоксиммен тұнбаға түсіріп) қолданылады.
Комплекс қосылыстар көптеген химиялық және биохимиялық процестерде маңызды роль атқарады. Мысалы, гем молекулаларында (қан құрамына кіретін заттар) темір (II) иондары азот атомдарымен байланысып комплекс түзіп, берік ұсталып тұрады. Сонымен бірге осы темір (II) иондары молекулалық оттегіні оңай байланыстырып алып өкпеден бастап бүкіл ағзада тасымалдайды да, содан соң оңай өзінен бөледі, себебі темір (II) иондары азот атомдарымен берігірек байланысқан.
Комплексонометриялық тәсілмен аниондарды да анықтауға болады, ол үшін оларды бір катионмен тұнбаға түсіріп алу қажет, сосын катионның артық мөлшерін комплексон ерітіндісімен титрлейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет