Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет130/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ
Бихроматометрия әдісінің негізінде мына реакция жатыр:
Cr2O72- + 14H+ +6e → 2Cr3+ + 7H2O. E = 1,33В.
Қышқыл орта ретінде HCI, H2SO4 ерітінділерін алады.
ECI2/2CI- = 1,36в. Потенциалдар мәні жақын болғандықтан, хлорид-ионы тотықпайды (Перманганатометрияда тұз қышқылы ерітіндісін қышқыл орта жасауға алуға болмайды).
Калий бихроматының калий перманганатына қарағанда артықшылығы:

  1. Қайта кристалдау әдісін қолданып, химиялық таза, формуласына сәйкес K2Cr2O7 алуға болады, сондықтан өлшенген сынамадан оның титрленген(стандартты) ерітіндісін жасауға болады.

  2. Калий бихроматы тұрақты қосылыс, қайнатқаннан, ерітіндіге қышқыл құйғаннан, көп уақытқа сақтағаннан оның титрі өзгермейді. Бихромат түсі тоқ сары, бірақ тотықсызданғанда жасыл түсті Cr3+ - ион түзіледі, сондықтан эквивалент нүктені анықтағанда қиындық туады.

Иодометрия әдісінде мына I2 + 2e ↔ 2I- тотығу-тотықсыздану процесі қолданылады. Стандартты потенциалы 0,54в, сондықтан бұл жұпты тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш ретінде де қолдануға болады, себебі потенциалдар кестесінің орта шенінде орналасқан. Иодометриялық анықтауды жүргізу жағдайлары:

  1. I2/2I- жұбының потенциалы үлкен емес болғандықтан көптеген иодометриялық реакциялар қайтымды.

  2. Йод – ұшқыш зат болғандықтан, титрлеуді суық жағдайда жүргізеді, сонымен бірге температура жоғарылағанда крахмалдың сезімталдығы кемиді.

  3. Иодометриялық титрлеуді сілтілік ортада жүргізуге болмайды, себебі йод сілтімен әрекеттеседі: I2 +2OH-→IO- + I- + H2O. Бөлінген гипоиодид иодометрияда қолданылатын натрий тиосульфатымен әрекеттеседі:

  4. S2O32- + 4IO- + 2OH- → 4I- + 2SO42- + H2O, сондықтан анализ нәтижесі дәл болмайды.

  5. Анықталатын тотықтырғыш пен I- -ионы арасындағы реакция баяу жүреді, сондықтан реакция аяқталу үшін 5 минуттай қараңғы жерде ұстау керек, сонымен бірге қараңғы жерде ұстағанда жарық әсерінен жүретін мына реакция 4I- + 4H+ + O2 ↔ 2I2 + 2H2O болмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет