Спирттердің қасиеттерін зерттеу
Жұмыс мақсаты: Мысал ретінде этил спиртін алып, бір атомды қаныққан спирттердің физикалық және химиялық қасиеттерімен танысу.
Реактивтер мен жабдықтар: абсолюттік этил спирті, пропил спирті, глицерин, калий иодидіндегі иод ерітіндісі, изопропил спирті, натрий металы, газ жүретін түтікшелі тығын, фенолфталеин, пробиркалар, мыс сымы, калий дихроматы, концентрлі күкірт қышқылы, спирт шамы, 2н. натрий гидроксиді
1-тәжірибе. Натрий алкоголятын алу және оның қасиеті
Жұмыс барысы: Құрғақ пробиркаға 4-5мл абсолютті этил спирттін құйып, оның үстіне тазартылған металл натрий түйірін салады. Пробирканы газ жүретін түтікшелі тығынмен жабыңдар. Бөлінген газды жағыңдар. Пробирканы суытқаннан кейін 1-2мл дистильденген су қосып, фенолфталеин ерітіндісін тамызыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |