Х ------ 1000г , одан Х = 5,53г.
Ерітінді моляльдығы С = 5,53/137,12 = 0,0403 моль/кг. tқ = КкС,
сонда Кк=0,278/0,0403; Кк= 6,9 градмоль-1 кг.
Мысал 4. 22С температурада 1,2л ерітіндіде 20,5г қант (М= 342г/моль)
ерітілген болса, осмос қысымы қанша болады? Шешуі: 342г қант 0С 1л ерітіндіде 2270 кПа осмос қысымын тудырады, сонда
342г ----- 2270 кПа ------ 0С ( 273К) ------ 1л
20,5г ----- х кПа ------ 22С ( 295К) ------ 1,2л
х = 122,5 кПа.
Мысал 5.250 мл ерітіндіде 2,3 г зат ерітілген, оның осмостық қысымы
27С температурада 249 кПа болған, заттың молекулалық массасын есептеу керек. Шешуі: 1 л ерітіндіде 2,34 = 9,2 г еріген зат болады ( 1000 : 250 = 4 ). Бұл ерітіндінің 0С ( 273К) температурадағы осмостық қысымы пропорциядан 227 кПа болады:
273 ------ х кПа
300 ------ 249 кПа , сонда 9,2 зат 1 л ерітіндіде 227 кПа осмос қысымын тудырса, 2270 кПа қысымды х г 1 л ерітіндідегі зат тудырады:
9,2 г 1 л ерітіндіде --------- 227 кПа
Х г 1 л ерітіндіде ---------- 2270 кПа, х = 92
1 моль еріген зат 0С (273К) температурада 22,4 л ерітіндіде болса, оның осмостық қысымы 101,3 кПа, ал заттың осы мөлшері (1 моль) 1л ерітіндіде болса, сол температурада 2270 кПа осмос қысымын тудырады.
Мысал 6.720г суда 25С температурада 45г глюкоза ерітілген.
Ерітінді буының қысымын есептеу керек. 25С – та су буының қысымы
3167 кПа. Шешуі: р = (3167 720/18) / (720/18 + 45/180); р = 3145 Па.