Зертханалық сабақтар
№ 1 зертханалық сабақтың тақырыбы: Заттардың эквивалентін анықтау
Сабақтың мақсаты: Металл эквивалентінің молярлық массасын Мэ қосылыстан бөлінген сутегі көлемі арқылы анықтау әдісін үйрену.
Зертханалық жұмыс бойынша сұрақтар:
1.Заттың эквиваленті деген не?
2.Жай және күрделі заттардың эквивалент массалары қалай анықталады?
3.Тәжірибеге керек құралдың газды өткізбейтіндігін (шығармайтындығын) қалай тексереді?
4.Тәжірибеде бөлінген сутегі көлемін қалай қалыпты жағдайдағы(қ.ж.) көлемге айналдырады?
Жұмысты жүргізу:
1. №1- суретте көрсетілген құралды жинап, оның газ өткізбейтіндігін (шығармайтындығын) тексеру керек. Ол үшін пробиркадан тығынын алып, екінші бюретка арқылы пробиркамен қосылған бюреткадағы судың деңгейін белгілі бір деңгейге қою керек, сосын пробирканы тығындап, екінші бюретканы 10-15 см төмен түсіру керек.
Егер судың деңгейі пробиркамен қосылған бюреткада өзгермесе, бұл құрал газ шығармайды.
2. Аналитикалық таразыда 0,2грамға жуық металл (Ғе, Zn, Mg, Al) өлшеп алу керек.
3. Пробиркаға 10мл 2н. тұз қышқылын құйыңдар. Пробирканы еңкейтіп ұстап, өлшенген металды пробирканың жоғары жағында сақтаңдар. Пробирканы тығындаған кезде металл қышқылға түсіп кетпеуін қадағалаңдар.
4. Судың деңгейі бірдей деңгейде тұратындай етіп екі бюретканы орналастырыңдар. Бастапқы деңгейді зертханалық дәптерге жазыңдар (V1). Металды қышқылға түсіріңдер. Металл мен қышқыл арасында реакция жүре бастайды, сутегі бөлініп, су ығыса бастайды.
5. Металл еріп болған соң және пробирка суыған соң, сутегінің көлемі анықталады. Бөлінген сутегінің көлемі V пробирка қосылған бюреткада көрсетілген соңғы судың деңгейінен (V2) бастапқы деңгейді алу арқылы анықталады.
6. Атмосфера қысымы Ратм,кПа, тәжірибе температурасы - tтәжірибе0С, тәжірибе температурасына сәйкес келетін су буының қысымы (№1 кестеге қара) - РН2О, кПа және сутегінің қысымы РН2, кПа (РН2, кПа= Ратм –РН2О) өлшеңдер.
Бөлінген сутегі көлемін қалыпты жағдайға(қ.ж.) мына формула арқылы келтіріңдер:
V0 = V∙РН2∙273
101,3∙(273+tтәжірибе)
V - тәжірибе кезінде бөлінген сутегі көлемі.
Металл эквивалентінің молярлық массасын қалыпты жағдайда (қ.ж.) есептеңдер:
m,г металл – V0 мл сутегін ығыстырады.
M (fэквМе)- 11200 мл сутегін ығыстырады. Барлық өлшемді №2- кестеге жазыңдар.
№1 сурет Металл эквивалентінің молярлық массасын анықтауға арналған құрал
№1- кесте. Қаныққан су буының сумен тепе-теңдігі қысымы
Температура 0С
|
Будың қысым Па∙103 (мм сынап бағанасы)
|
0
|
0,61 (4,58)
|
5
|
0,87 (6,54)
|
10
|
1,23 (9,20)
|
15
|
1,70 (12,79)
|
16
|
1,82 (13,63)
|
19
|
2,20 (16,48)
|
20
|
2,37 (17,53)
|
21
|
2,48 (18,65)
|
22
|
2,64 (19,82)
|
23
|
2,80 (21,09)
|
№2- кесте. Қорытынды кесте
m, г
|
tтәжірибе 0С
|
Р, кПа
|
РН2О, кПа
|
Vтәж
|
V0, мл
|
M (fэкв Ме)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |