«Химия» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Химия
osh fo himija 9-klass kaz
Тұздардың бір бірімен әрекеттесуі Дескриптор Білім алушы - берілген қосылыстардың қайсы бірі күкірт қышқылымен әрекеттесетінің дұрыс таңдап, олардың реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде сауатты жазады; берілген қосылыстардың сілтілермен және негіздермен жүруі мүмкін болған реакция теңдеулерін дұрыс жаза алады; қышқылдардың химиялық қасиеттерін дұрыс болжап, жүруі мүмкін реакция теңдеулерін жазып қорытынды шығара алады. Бөлім 9.1А Электролиттік диссоциация Оқу мақсаты 9.3.4.4 Орта тұз гидролизінің теңдеуін молекулалық және иондық түрде құрастыру 9.3.4.5 Орта тұз ерітіндіcінің реакция ортасын болжау Бағалау критерийі Білім алушы Орта тұз гидролизінің теңдеуін молекулалық және иондық түрде құрастырады Орта тұз ерітіндісінің реакция ортасын болжайды Ойлау___дағдыларының__Қолдану__деңгейі'>Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Тапсырма Гидролиз теңдеулерін құрыңыз, келесі заттарға гидролиз түрін және тұздың сулы ерітіндісінің ортасын анықтаңыз: K2S – калий сульфиді, AlBr3 – алюминий бромиді, LiCl – литий хлориді, Na3PO4 – натрий фосфаты, K2SO4 – калий сульфаты, ZnCl2 – мырыш хлориді, Na2SO3 – натрий сульфиті, (NH4)2SO4 – аммоний сульфаты, BaBr2 – барий бромиді. Есептеулерді жүргізбей тұз ерітінділерінің ортасын салыстырыңыз: а) Na2SO4; б) Na2SO3; в) Na2CO3. Дескриптор Білім алушы - 4-5 қосылыс үшін гидролиз теңдеулерін құрап, тұздың сулы ерітіндісінің ортасын дұрыс анықтайды; - өздерінің білімдерін дұрыс қолдана отырып берілген тұз ерітінділерінің ортасын дұрыс анықтап, оларды салыстырады. Бөлім 9.1В Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдауы Оқу мақсаты 9.4.1.8 Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ металл катиондарын анықтау үшін жалын түсінің боялу реакциясын жүргізу және сипаттау 9.4.1.9 Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарына сапалық реакция жүргізу Бағалау критерийі Білім алушы Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ металл катиондарын анықтау үшін жалын түсінің боялу реакциясын жүргізеді және сипаттайды Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарына сапалық реакция жүргізеді Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Тапсырма Зертханалық жұмыс: Металл катиондарын жалын түсі бойынша анықтау. Жұмыстың мақсаты: Болжам: Құрал-жабдықтар мен реактивтер: Жұмыс барысы: Шыны таяқшаны біраз уақыт тұз қышқылы ерітіндісінде ұстап, оны литий тұзына батырып спирт шамы жалынына ұстаңыздар. Дәл осылай натрий, калий, кальций, стронций, рубидий, барий, мыс ерітінділеріндегі катиондардың жалын түстерін анықтаңыз. Нәтижесінде шыққан жалын түсін кестеге бейнелеңіз (Түрлі-түсті қаламмен салу ұсынылады). Кестені толтырыңыз:
Қорытынды: Металл катионын жалынының түсімен сәйкестендіріңіз:
Дескриптор Білім алушы оқушы өз алдына зертханалық жұмыстың мақсатын дұрыс қойып, өзінің болжамдарын негіздеп ұсынады; жұмыс барысын негізге ала отырып тапсырмаларды сауатты орындайды және металдардың жалын түстері бойынша өз бақылауларын кестеге енгізеді; жасаған зертханалық жұмысы негізінде қорытынды шағарады; берілген катиондардың жалын түсін дұрыс сәйкестендіреді. Бөлім 9.1В Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдауы Оқу мақсаты 9.4.1.10 Хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат, карбонат-, нитрат-, силикат- иондарына сапалық реакцияларды жүзінде жүргізу және ион алмасу реакцияларын нәтижесін сипаттау фосфат-, тәжірибе бақылап, Бағалау критерийі Білім алушы Хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат- иондарына сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жүргізеді Ион алмасу реакцияларды бақылайды, нәтижесін сипаттайды Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Тапсырма Зертханалық жұмыс: «Тұздар ерітінділеріндегі аниондарды анықтау» Жұмыстың мақсаты: Құрал-жабдықтар мен реактивтер: Жұмыс барысы: Екі сынауыққа үш үлгіден көлемі 0,5 мл-ден сынама алып, тәжірибе жүргізіңіз. Жасалған жұмысты реакция теңдеулерімен дәлелдеңіз. Берілген заттар:______________________________________________________________________ Хлорид, бромид, иодид-иондарды анықтау. Тұздар ерітінділеріндегі аниондарды анықтаңыз; Сапалық реагентерін анықтаңыз; Екі сынауыққа үш үлгіден көлемі 0,5мл-ден сынама алып, тәжірибе жүргізіңіз; Жасалған жұмысты реакция теңдеулерімен дәлелдеңіз: Сульфат-, нитрат- және карбонат- иондарды анықтау Тұздар ерітінділеріндегі аниондарды анықтаңыз; Сапалық реагентерін анықтаңыз; Қорытынды: Дескриптор Білім алушы оқушы өз алдына зертханалық жұмыстың мақсатын дұрыс қойып, өзінің болжамдарын негіздеп ұсынады; жұмыс барысын негізге ала отырып тапсырмаларды сауатты орындайды және аниондардың сапалық реакциялары бойынша өз бақылауларын кестеге енгізеді; сульфат-, нитрат- және карбонат аниондарын олардың тұз ерітінділерінен сапалық реагенттерін дұрыс көрсете отырып анықтайды; жасаған зертханалық жұмысы негізінде қорытындылайды. Бөлім 9.1В Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдауы Оқу мақсаты 9.4.1.11 Белгісіз заттардағы тәжірибесінің жоспарын асыру катион құру мен және
аниондарды анықтау оны практикада жүзеге
Бағалау критерийі Білім алушы Белгісіз заттардағы катион тәжірибесінің жоспарын құрады мен аниондарды анықтау Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Тапсырма Практикалық жұмыс: «Сапалық реакциялар көмегімен катиондарды және аниондарды анықтау» Жұмыстың мақсаты: Болжам: Құрал-жабдықтар мен реактивтер: Жұмыстың жоспары: Берілген заттар: Сапалық құрамын анықтаңыздар: Сапалық реагенттерін анықтаңыздар: Қорытынды: Дескриптор Білім алушы оқушы өз алдына зертханалық жұмыстың мақсатын дұрыс қойып, өзінің болжамдарын ғылыми негіздеп ұсынып, нақты жоспар құрады; жұмыс барысын негізге ала отырып тапсырмаларды сауатты орындайды және өз бақылауларын кестеге енгізеді; берілген заттардың сапалық құрамын қажетті реаганеттерді дұрыс қолдана отырып анықтайды: жасаған зертханалық жұмысы негізінде қорытындылайды. Бөлім 9.1В Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдауы Оқу мақсаты 9.2.3.1 Әрекеттесуші заттардың біреуі артық берілген
реакция
теңдеулері бойынша есептеулер жүргізу Бағалау критерийі Білім алушы Әрекеттесуші заттардың біреуі артық теңдеулері бойынша есептеулер жүргізеді берілген реакция Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі Тапсырма Массасы 20 г мыс сульфаты бар ерітіндісін массасы 8 г натрий гидроксидінің ерітіндісімен араластырғанда түзілетін мыс гидроксидінің массасын есептеңіз. 28 г темір мен 22,4 г күкірт әрекеттестіріп темір (II) сульфиді алынды. Темір (II) сульфидінің неше грамы түзілетінін табыңыз. Реакция нәтижесінде артық қалған заттың массасы қандай? 2 л азот пен 4 л сутек әрекеттескенде (қ.ж.) түзілетін аммиактың көлемін табыңыз. Дескриптор Білім алушы реакция теңдеулерін жазады және теңістіреді; көлемі бойынша моль санын немесе моль бойынша массасын есептеп тапсырманы дұрыс орындайды. Бөлім 9.1С Химиялық реакциялар жылдамдығы Оқу мақсаты 9.3.2.2 Реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды анықтау және оны бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру |