Химия пәнінен қызықты тәжірибелер


Сүтті өзен Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар



бет46/53
Дата05.10.2023
өлшемі41,84 Mb.
#183866
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   53
Байланысты:
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР
Шығарма «Мұғалім қалай киіну керек», Эссе Қоғамға қалай қызмет ете аламын, ҚМЖ Химиялық байланыстың түрлері, Жұмаева Гүлназ БӨЖ №3 «Сакральды Қазақстан» бағдарламасы (wecompress.com), Еңбек іс-әрекетінің мотивациясы., Ағеділова Органикалық химия, Мектеп химия экспериментің жүргізу әдістемесі, Коллоидтық химия негіздері, 1 сабақ. зат молшері моль, Презентация Жаңа педагогикалық технологиялар
Сүтті өзен


Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:



Тәжірибе барысы:
Бір стақанға 2 ас қасық кальций хлоридін, ал екінші стақанға сонша сода (натрий карбонаты) салып, әрқайсысына шамамен стақанның 1/3 көлемде су құямыз. Сосын алынған ерітіндіні бірге қосамыз. Алынған сұйықтық сүт сияқты ақ түсті болады. «Сүт» кальций карбонатының тұнбаға түсуіне алып келетін алмасу реакциясының нәтижесінде түзіледі.
Бұл тәжірибені тез көрсету керек. Өйткені, кальций карбонаты тез тұнбаға түсіп, стақанның түбіне шөгеді.
СаСl2 + Na2CO3 = CaCO3↓ + 2NaCl,



    1. Тотығу-тотықсыздану реакциялары



Бёттгер жанартауы


Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

Тәжірибе барысы:
1843 жылы Рудольф Бёттгер сарғылт-қызыл кристалды зат – аммоний дихроматын (NH4)2Cr2O7 алды. Ол бұл затты сынап көрейін деді. Ол тәрелкеге кристалды тау қылып үйіп оған жанып тұрған шыраны апарды. Кристалдар тұтанбады, бірақ жанып тұрған шыраның соңында бірнәрсе «қайнағандай» болды да, қызған бөлшектер ұша бастады. Үйілген тау үлкейе бастады және бірден үлкен көлемге айналды. Түсі де өзгерді: сарғылт-қызылдан жасыл түске айналды. Кейінірек аммоний дихроматы тек жанып тұрған шыраның немесе сіріңкенің әсерінен ғана емес, сонымен қатар қыздырылған шыны таяқшадан да ыдырайтыны белгілі болды.















(NH4)2Cr2O7 = Сr2O3 + N2↑ + 4H2O


Нәтижесінде газ тәрізді азот, су буы, қызған хром оксиді және жылудың көп мөлшері түзіледі. Бұл кезде молекулаішілік тотығу-тотықсыздану реакциясы жүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет