Химия пәнінен өткізілетін практикалық жұмыстар (оқу-әдістемелік нұсқау) Нургалиева Зәмзәм Нурбауловна



бет15/18
Дата28.11.2023
өлшемі3,41 Mb.
#193905
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
d0b0d0bfd0b0-d0bad0bdd0b8d0b3d0b0-d185d0b8d0bcd0b8d18f-567 (1)

Жұмыстың орындалуы.

  1. Синтездік талшықтардың физикалық қасиеттерін тексеріңдер: а) түсі; ә) балқуы; б) органикалық еріткіште еруі; в) созылуы. Талшықтың созылуын суретте көрсетілгендей тексеріңдер: жіптің бір ұшын сақинаға байлаңдар да, жайлап бұрыңдар. Жіп үзілгенше қанша бұрадыңдар, соны санаңдар. Осылай жасанды талшықтарға да тексеру жүргізіңдер.

  2. Синтездік талшықтардың химиялық қасиеттерін тексеріңдер: а) күкірт қышқылының әсері; ә) сірке қышқылының әсері; б) сілтінің әсері.



Лавсан Вискоза Жүн Мақта
12-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Пластмассаның қасиеттерін зерттеу»
Жұмыстың мақсаты: оқушылардың күнделікті өмірде кездестіретін пластмассаларды танып білу икемділіктерін қалыптастыру. Полимерлер туралы білімдерін қорытып, бекіту.
Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: электрөткізгіштікті сынайтын құрал, сынауық орнатылған тұрғы, газ жүретін түтікше, қысқыш, қайшы, спиртшам, сіріңке, әртүрлі пластмасса: полиэтилен, поливинилхлорид, полистирол, полиметилметакрилат, фенол-формальдегид пластмассасы, 20%-тік күкірт қышқылы және азот қышқылы, натрий (калий) гидроксиді, бром суы, 0,1%-тік калий перманганатының ерітіндісі, бензин, дихлорэтан, лакмус қағазы (көк, қызыл), су.
Сабақты жүйелі түрде өткізу үшін алдын ала зертханада пластмасса үлгілері беріледі. Пластмасса түйіршіктерінің көлемі сынауыққа енетіндей болу керек. Пластмассалардың атын қысқартылқан күйде қолданған жөн. ПЭ – полиэтилен, ПС – полистирол, ПВХ – поливинилхлорид, ПМ – полиметилметакрилат, Ф – фенопластар. Пластмассаларды анықтау үшін нөмірленіп бөлек қалтаға салынған 5-6 пластмасса үлгілерінің түйіршіктері беріледі.
Мұғалім оқушыларға пластмассаларды сыртқы түріне, тығыздығына, қыздыру мен жану барысында байқалатын ерекшеліктерге байланысты анықтауға болатынын ескертеді. Анықтайтын пластмассалар үлгісі әрбір оқушыға ең кемінде нөмірленген 4-6 үлгіден беріледі. Оқушыларға жеке тәжірибелерді орындау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертіледі.
Пластмассаларды танып білу үшін төмендегідей жазылған кесте алдын ала толықтырылып, оқушылардың алдына қойылады.

  1. Қандай пластмассалармен таныстыңдар?

  2. Пластмассаларды қандай қасиеттеріне сүйеніп анықтадыңдар?


Поливинилхлорид Полистирол Полиэтилен Полиметилметакрилат




Пластмассалардың аты

Пластмассаның негізгі элементтік құрамы

Жануға әсері

Қыздыруға әсері

Еріткіштердің әсері

ацетон

бензол

дихлорэтан

1

Полиэтилен



Жанған парафиннің иісін шығарып, көкшіл жалынмен жанады. Жанған кезде полиэтилен тамшысы бөлінеді. Жалыннан алса да жануын тоқтатпайды.

Балқыған күйінде жіп созуға болады

ерімейді

ерімейді

ерімейді

2

Поливинилхлорид



Cl

Түтіндеп жанады, жалыннан алса, бірден жануын тоқтатады

60-70 градуста жұмсарады. 110-120 градуста ыдырайды.

ерімейді

ерімейді

ерімейді

3

Полистирол





Стирол иісін таратып, түтіндеп жанады, жалыннан алған соңда жана береді.

Жұмсарады, балқымасынан жіп созу оңай.

Ісініп, қоймалжың ерітінді береді

Ісініп, қоймалжың ерітінді береді

Ісініп, қоймалжың ерітінді береді

4

Полиметилметакрилат











Жанған эфирдің иісін шығарып, сарғыштау жалынмен жанады

Жұмсарады, жіп созуға келмейді

Ісініп, қоймалжың ерітінді береді

ерімейді

ерімейді

5

Фенолформальдегид пластмассасы фенопластар





Фенол иісін тарата бықсып жанады, жалыннан алса, біртіндеп сөнеді

Қатты қыздырғанда ыдырайды

ерімейді

ерімейді

ерімейді





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет