Химия сабағында жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты арттыруға негізделген тапсырманы жоспарлау М. Н. Кыдырова* 1



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата22.09.2023
өлшемі435,88 Kb.
#182033
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
document 2, 2953097420, Документ Microsoft Office Word, Әртүрлі тамақ өнімдеріндегі көмірсулардың биологиялық құндылығы
Материалдар мен әдістер
Орта мектепте химия пәнін оқыту про-
цесінде жаңа технологияларды білім 
бағдарламасын қолдана отырып, әртүрлі 
әдіс-тәсілдерді пайдаланып оқушыларға 
химиялық тілді меңгертіп, соның ішінде 
химиялық функционалды сауаттылықты
әр жаңа сабақ сайын қолдану оқудың 
тиімділігін арттыруға және мұғалім-
дер мен оқушыларға әдістемелік көмек 
көрсету арқылы химиялық білім беруді 
жетілдіруге мүмкіндік берді. Функцио-
налдық сауаттылықты қалыптастыру үшін 
қолайлы болатын әдістемелерді анықтау-
да мұғалімнің жеке ізденісінің маңызы 
зор. Зерттеу жеке тұлғаны кәсіби өзін-өзі 
анықтау проблемасына жүйелі көзқа-
растың теориялық ережелеріне және 
білім беруді оңтайландыру мақсатын-
да мұғалім құзыреттілігінің алатын орны 
ерекше [6]. 
Л. М. Перминованың әдістемесін талдау-
да оқушылардың функционалдық сауат-
тылығына қол жеткізу мақсатында химия 
бойынша білім беру құзыреттілігін құруға 
мүмкіндік берді. Функционалдық сауат-
тылықты қалыптастыру үшін қолайлы бо-
латын әдістемелерді анықтау ең маңызды 
болды. Оқушының химиялық құзырет-
тілігін арттыруда осы әдістерді күнделікті 
қыз метінде пайдалану қабілетімен бай-
ланысты [8]. 
Функционалдық сауаттылықты қалып-
тастыру әдістерінің бірі химиялық экспе-
римент болып табылады, ол зерттеу және 
коммуникативтік міндеттерді шешуге 
мүмкіндік береді, оқушылардың тіршілік 
қауіпсіздігі тұрғысынан оқу үдерісіндегі 
әртүрлі жағдайларды талдау білігін қа-
лыптастырады. Сабақтарда виртуалды хи-
мия зертханасын пайдалану пәнге деген 
қызығушылықты едәуір арттырады, ком-
пьютерлік технологияларды дамытуға 
ықпал етеді. 
Тағы бір әдіс – жоба әдісі. Өзгеретін 
жағдайларға бейімделу, әртүрлі жағдай-
ларда шарлау, түрлі ұжымдарда жұмыс 
істеу қабілетін қалыптастырады. 
Ойын технологияларын пайдалану (ре-
бустар, кроссвордтар, рөлдік ойындар) 
– бұл мінез-құлықпен өзін-өзі басқаруды 
дамытатын және жетілдіретін қоғамдық 
тәжірибені құруға және игеруге бағыт-
талған әртүрлі жағдайлардағы қызмет 
түрі [9].
Сондай-ақ, функционалдық сауаттылықты 
қалыптастыруға проблемалық оқыту 
ықпал етеді. Мәселе әрқашан кедергі бо-
лып табылады. Кедергілерді жеңу – қозға-
лыс, дамудың тұрақты серігі. Сабақта 
проблемалық тапсырмаларды қолдану 
тапқырлық, стандартты емес шешімдер 
қабылдау қабілеті, ақыл-ойдың икемділігі, 
ұтқырлық, ақпараттық және коммуника-
тивті сияқты жеке қасиеттерді дамытуға 
мүмкіндік береді. 
Оқушылардың көпшілігі қоғамда өмір 
сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін қа-
жетті дағдыларының оның бойында 
жоқтығын білмейді, бұл технологиялық 
сипатқа ие. Білім берудегі құзыреттілік 
тәсіл теориялық білім мен мұғалімнің 
білім беру процесін басқарудың практи-
калық қабілеті арасындағы алшақтықты 
жоюға арналған, ал оқушы үшін нақты 
өмірлік мәселелерді шешу үшін білімді 
практикада қолдана алады. Демек, білім 
берудегі құзыреттілік тәсіл дегеніміз – бұл 
білім беру нәтижелеріне бағытталған, 
оның деңгейін едәуір арттыратын және 
оқыту сапасын арттыратын жеке тұлғаға 
және практикаға бағытталған іс–әрекет 
тәсілі. Осы ретте, химия сабағында ситуа-
циялық тапсырмаларды қолдану – бұл 


85
БІЛІМ • ОБРАЗОВАНИЕ • EDUCATION, ISSN 1607-2790 
UBA.EDU.KZ 
№1 (104) 2023
2. METHODOLOGY OF TEACHING DISCIPLINES
оқушыға ақпаратпен жұмыс жасау бары-
сында зияткерлік операцияларды дәйек-
ті түрде игеруге мүмкіндік беретін мін-
деттер: танысу – түсіну – қолдану – талдау 
–синтез – бағалау. 
Ситуациялық мәселенің ерекшелігі – ол 
практикаға бағытталған, бірақ оны шешу 
үшін нақты пәндік білім қажеттілігі. Көбі-
несе бірнеше оқу пәндерін білу қажет. 
Сонымен қатар, мұндай тапсырмада 
дәстүрлі ситуация емес, қызықты атауы 
бар қызығушылықты оятатын проблема-
лық сұрақ. Оқушы мұндай сұраққа жа-
уап тапқысы келетіндей етіп тұжырымдау 
керек. Әдістерді қолдана отырып сабақ 
барысында тақырыпқа, оқу мақсатына 
сай тапсырмалар қолдандым. Бұл орай-
да оқушыларда функционалдық сауат-
тылығының дамуымен қатар тақырыпты 
толықтай меңгеруіне мүмкіндік туындай-
ды.
1-ші сабақтың тақырыбы: Майлар. Май-
лардың құрылысы мен қасиеттері. Оқу 
мақсаты: 1.4.2.11 Майлардың құрамы мен 
құрылысын білу.
1-тапсырма. Сары май – сиыр, ешкі, қой 
сүтінен қаймақ, қаймақты былғау неме-
се күбіде пісу арқылы алынатын майлы, 
құнарлы тағам. Сары майдың тағам өнімі 
ретінде қаншалықты жоғары бағаланаты-
нын жақсы білесіздер.
Сары май – бұл кілегейді былғау арқылы 
алынған, сүт майының концентраты. 
Сары майдың майлылығы 82,5%–дан кем 
емес. Сары майды дайындау үшін кіле-
гей, қаймақ немесе ашыған сүтті қол-
данған. Сары майды таңдау барысында 
оның сыртқы орамасына көңіл аудару қа-
жет. Жұқалтыр ға (фольгаға) оралған май 
өзінің құрамындағы А дәруменін жақсы 
сақтап қалады. Сары майды мұздатқышта 
сақтаған жөн. Егер май бөлме температу-
расында сақталатын болса, онда оған күн 
сәулелерінің түспеуі тиіс. Күн сәулелері 
түсуі нәтижесінде сары май өзінің құнды 
қасиеттерін жояды. Сары майды үстел-
ге арнайы май салатын ыдыста қойған 
дұрыс.
1. Сары майдың құрамына қандай зат-
тар кіреді?
а) Түрлі органикалық қышқылдардың 
күрделі эфирлері.
в) Сүт майы.
с) Бос май қышқылдарының органика-
лық қышқылдары.
д) Сары майдың құрамына А, Д, В вита-
миндері және ақуыздар, т.б. органи-
калық заттар.
2. Сары май – тез бұзылатын азық. Оны 
сақтау жолдары туралы не білесіздер? 
Өз ойларыңызды тұжырымдаңыздар.
2-ші сабақтың тақырыбы: Гесс заңы және 
оның салдары. Есеп шығару «Гесс заңы 
және оның салдарын қолдану». Оқу 
бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: 
10.3.1.4 Гесс заңының физикалық мәнін 
түсіндіру және оны химиялық реакция-
ның энтальпия өзгерісін есептеу үшін
қолдана алу; Бағалау критерийі: Гесс заңы 
салдарының тұжырымдамасын көрсетеді; 
үзілген, пайда болған байланыстар санын 
айқындайды; реакция энтальпиясының 
өзгерісін есептейді; 
Жаратылыстану-ғылыми 
сауаттылықты 
дамытуға арналған тапсырма сипатта-
масы. Бағалаудың құзыреттілік саласы: 
ғылыми білім негізінде жаратылыстану 
құбылыстарын түсіндіру немесе сипат-
тау, сондай–ақ өзгерістерді болжау. Мән 
мәтін: қоршаған орта. Жауап форматы: 
Жауапты таңдау тапсырмасы, толық жауа-
бы бар тапсырма. 
«Найзағай-әсері» Найзағай – бұл атмосфе-
радағы бұлттардың әртүрлі зарядталған 
немесе бұлтпен жердің арасындағы 
электр разряды. Найзағайды разрядқа 
бөлу үдерісі мен бұлттағы электрлік раз-
рядтың жиналуы, сулы булардың қарқын-
ды конденсациясы мен сулы булардың 
бүркілуімен, олардағы кіруі күшті ауалық 
ағындардың пайда болуымен байланыс-
ты, бүрку кішкентай сулы шаңның теріс 
зарядталып бүркілуі кезінде, ал ауыр 
тамшылар оң зарядталып бүркілуі кезінде 
түзіледі. Разрядтың әсері екі түрлі болуы 
мүмкін. Найзағай разрядтың әсері – ол өз 


86
БІЛІМ • ОБРАЗОВАНИЕ • EDUCATION, ISSN 1607-2790 
UBA.EDU.KZ 
№1 (104) 2023
2. ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
кезінде өрт пен жарылыс туғызуы мүм-
кін, ұшқынның пайда болу себебі болады 
және табиғатта химиялық реакцияның 
жүруіне себепкер болады. Сәулелердің 
жоғары температурасы бұл реакцияның 
қалыпты жағдайда жүруіне жол бермей-
тін энергия кедергісін бұзады. N2 моле-
куласын құрайтын N

N үштік байланы-
сымен түзілген атмосферадан инертті газ. 
Найзағай салдарынан газ молекулалар 
арасындағы байланыстар үзіліп жаңа зат-
тардың түзілуі жүзеге асады. Атмосфера-
лық бекіту – найзағай болғанда көбінесе 
азот оксиді: N2—NO түзіледі. Азот оксид-
тері дегеніміз – көлік құралын басқарудан 
немесе темекі шегуден бастап, ластаушы 
қалдықтар сияқты өндірістік процестер-
ге дейінгі адамдардың көптеген әрекет-
тері нәтижесінде пайда болатын газдар. 
Алайда, табиғи түрде NO электрлік да-
уыл кезіндегі ферментативті реакциялар 
мен найзағай әсерінен пайда болады:
N2(г)+O2(г)=>2NO(г). Ол кейін тотығып, 
сумен әрекеттескен кезде топыраққа тү-
зетін азот қышқылын HNO3, кейіндеу ни-
траттар түзеді.
1 – тапсырма. Найзағай кезінде атмос-
ферадағы азоттан түзілетін алғашқы зат: 
а) HNO3, в) N2O, с) HNO2, д) NO2, е) NO.
2 – тапсырма. Азот (IV) оксиді түзілуінің 
энтальпия циклін жасаңыз. 
3 – тапсырма. Реакция энтальпиясының 
өзгерісін есептеңіз.
Дескриптор:
• найзағай кезінде түзілетін затты 
анықтайды.
• энтальпия циклін көрсетеді.
• реакцияның энтальпиясын есептейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет