1.2 Өздік жұмыстардың дидактикалық бағыттары
Өздік жұмыстардың белгілі бір дидактикалық бағыты бар.Негізгі бағытына сәйкес әрбір сабақты химия сабақтарының негізгі үш типінің біріне жатқызуға болады. Олар:
1.Жаңа материалды оқып - үйрену.
2.Білім мен біліктерді жетілдіру.
3.Білім мен біліктерді тексеру және есепке алу сабақтары.
Оқу материалының мазмұны көбінесе сабақ әдістемесін белгілейтіні мәлім. Алайда сабақ пен оның жекеше кездерінің алдына оқу тәрбиелік мақсаттарды іске асыруға оқыту әдістері мен оқушылардың қызметін ұйымдастырудың формаларын таңдап алудың әсері мол.
Бір тақырыптың өзін бірнеше түрлі мақсат қойып, түрліше өткізуге болады.
1.Тапсырмалар бойынша оқушыларға өздігінен жұмыс орындату.
2. Материалды мұғалімнің өзінің баяндауы.
3. Материалды әңгімелеп түсіндіру.
Бұл әдістердің әрқайсысымен белгілі бір педагогикалық әдістемелік дидактикалық мақсат іске асады. Мұғалім оқушыға өздігінен жұмыс істеу арқылы оқушылардың дербестігін өз бетінше ойлау жүйесін, жүйелі білім алу тәртібін қалыптастырады. 2.Оқушылардың танымдық әрекетіне байланысты типтері. Оқушылардың танымдық белсенділігінің сипаты тұрғысынан өздік жұмыстың төмендегідей үш типін ажыратуға болады:
1.Репродуктивті(копирующие);
2.Ішнара–ізденушілік(эвристические);
3. Зерттеушілік (исследовательские).Таным әрекетіне орай оқушыларға тапсырманы саралап, даралап беруге болады- жақсы оқитын оқушылар үшін
8
күрделі, орташа және нашар оқитын оқушылар үшін өз күштеріне орай тапсырма беріледі. Негізінде тапсырманы оқушылар өздері таңдап алады. Бірінші ретті қиындықтағы тапсырмалар нұсқасында теориялық жағынан келуді талап ететін тапсырмалар болады. Мысалы теориялық көзқарас тұрғысынан химиялық құбылысты түсіндіру болжамын ұсынып, соңынан эксперимент жүзінде дәлелдеу. Ал үшінші ретті тапсырмалар негізінен репродуктивті сипатты. Ал екінші ретті тапсырмалар бірінші мен үшінші ретті тапсырмалар аралығынан орын алады [14-18].
Әрбір тақырыпты оқып зерттеудің алғашқы кезеңінде химияның негізгі ұғымдарын игеру үшін бәрінен бұрын репродуктивті сипаттағы тапсырмалар орындалады. Ондай тапсырмалар келесі жеке ізденіс, яғни эвристикалық сипатты тапсырмаларды орындауға негіз болады.Танымдық белсенділіктің қалыптасуының дәрежесі оқушының әр түрлі тапсырмаларды орындау барысындағы өз бетінше жұмыс істей алу қабілетімен, деңгейімен анықталады. Оны тағайындау үшін мынадай көрсеткіштерді пайдалануға болады: тапсырма өз бетінше орындалған; оны орындауда біршама көмек керек; тапсырманың орындалуы кезінде үнемі көмек көрсетіледі.Танымдық белсенділігі төмен оқушылар игерілетін материалдың негізгі мәнін ашып бере алмайды; логикалық байланысты таба алмайды. Бұндай оқушылар заңдар мен заңдылықтарды формальды түрде игереді, өз білімін тәжірибеде қолдана алмайды. Алгоритмдік үлгі бойынша тапсырмалар мен стандарттық емес үлгідегі тапсырмаларды орындауда оларға тапсырманың орындалу барысы, шарттың жүзеге асуы және нақты әдістердің көрнекті үлгісін жасау үшін мұғалімнің көмегі қажет болады[19-21].
Оқу-танымдық белсенділіктің орта деңгейі қалыптасқан оқушылар жалпы заңдылықты игеруге және қорытындылауға біраз қабілеті бола тұра, тақырып мазмұнының негізгі өзегін ашып бере алмайды. Дегенмен үлгі бойынша және стандарттық емес, біраз қиындығы бар тапсырмаларды мұғалімнің көмегінсіз орындай алады, бірақ шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін олар едәуір күш жұмсайды. Сондықтан бұндай тапсырмаларды орындауда оқушыларға үнемі көмек қажет. Қалыптасудың жоғары деңгейіне ие оқушылар қорытындылауда жоғары дәрежеге жетеді. Әр түрлі тапсырмаларды орындауда, теориялық материалды игеруде белсенділік пен ынталылық танытады. Игерілген тақырыптың логикалық байланысын еркін игереді. Олар стандартты және стандартты емес тапсырмаларды дербес орындайды.
Шығармашылық тапсырмаларды не өзі, не мұғалімнің көмегімен орындайды. Осындай деңгейге ие оқушылардың білім дәрежесі жоғары, олар өз білімін тәжірибеде еркін қолданады, тапсырма орындаудағы және мазмұн игерудегі қиындықтарды қиналмай жеңеді. Негізгі алға қойған міндеттерге сәйкес химия курсын оқытқанда оның жетекші идеяларына жете назар аударған жөн. Бұлар - заттар қасиетінің құрлысына тәуелділігі, қолданудың олардың қасиетіне байланыстылығы, химиялық реакцияларды олардың жүру заңдылықтарына сүйене басқару мүмкіндіктері, органикалық және бейорганикалық заттардың материалдық бірлігі, танымның құрлыстан
9
біртіндеп тереңдеу мәнге қарай қозғалуы, елімізде халық шаруашылығын дамытудағы химияның рөлі қоршаған ортаны қорғаудың қажеттілігі туралы идеялар. Жетекші идеяларға назар аудару арқылы негізгі ұғымдарды меңгеруге және оқушыларға политехникалық бағдар беруге болады. Сондықтан химияда өтілетін барлық сабақтарда шығармашылық еңбекке қабілетті, өз білімін ұдай толтыруға құштар ұрпақ қалыптастыруға ұмтылу керек. Қазіргі кезде химияны оқытудың формаларын, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіру керек. Сабақ, оқу таным жорықтары (экскурсиялар) факультативтік сабақ және сабақтан тыс жұмыстар химияны оқытудың негізгі формасы.
Оқытудың барлық формалары өзара байланысты. Ол ең алдымен жалпы педагогикалық, дидактикалық, әдістемелік мақсаттардың ортақтығы негізінде іске асырылады [22-23].
Оқушыларға химиядан жүйелі түрде білім беруде сабақ басты орын алады. Сабақ - өте күрделі, көп жақты және көп қызмет атқаратын педагогикалық құбылыс
Бұл сабақтардың барлығы мақсаты, мазмұны, өткізу әдістері жағынан өзара тікелей байланысты.
Оқу таным жорықтары
сыныптан тыс Факультативтік сабақтар
көпшілік жұмыс
САБАҚТАР
сыныптан тыс сыныптан тыс
топтық жұмыс жеке жұмыс
Сурет 1. Химияны оқытудың ұйымдастыру формаларының жүйесі
Достарыңызбен бөлісу: |