Анықтау шегі. Анықталатын мөлшерлердің диапазоны
Кездейсоқ шамалардың таралу параметрлері арқылы анықтауға болатын кейбір түсініктерді қарастырсақ. Бұл алдымен әдістің немесе әдістеменің сезімталдық сипаттамасы. Сезімталдық сипаттамасы дегеніміз – анықтау шегі және анықталатын мөлшерлердің ең төменгі мәні.
Анықтау шегі cmin,P – компоненттің мөлшерін берілген әдістеме бойынша, берлгілі бір сенімді ықтималдықпен анықтауға болатын ең аз мөлшер. Сонымен, анықтау шегі түсінігі сандық анализдің ұғымдарына жатады және компоненттің мейлінше жоғары ықтималдықпен ( Р = 0,95 немесе Р = 0,99) анықталуы мүмкін минимальды мөлшерін mmin (немесе минимальды концентрациясын cmin) анықтайды. Анықтау шегі, бақылау тәжірибесінің сигналынан уфон өзгеше болатын, минимальды аналитикалық сигналмен де ymin берілуі мүмкін. Минимальды аналитикалық сигнал компонентті анықтауда қателерді болдырмайтындай етіп таңдалуы керек. Анықтау шегінің сандық мөлшерін төмендегідей теңдеумен анықтауға болатыны статистикалық әдістермен дәлелденген:
Cmin, P
3Sôîí
S
(2.27)
бұндағы sфон – фонның аналитикалық сигналының стандартты ауытқуы; S – сезімталдық ко- эффициенті.
Анықтау шегін есептеудің басқа да әдістері бар, бірақ (2.27) теңдеуін жиі қолданады.
Анықталатын минималды аналитикалық сигнал, сонымен бірге анықтау шегі фондық сигналдың орташа деңгейімен емес, осы сигналдың орташа мәнімен (sфон) салыстырғандағы ауытқу аумағымен анықталатынын атап көрсетеміз. Бұл шаманы параллельді анықтаулардың жеткілікті санынан (п≥ 20) анықтаған жөн.
Sr(c)
cт cж c
2.6-сурет. Анализ нәтижелерінің салыстырмалы стандартты ауытқуының анықталатын компоненттің концентрациясына тәуелділігі.
|
анықтауға болатын ең аз мөлшерін білу маңызды. Төменгі мөлшер аумағында sr шамасы мөлшер төмендеген сайын өседі (2.6-сурет), ал анализ нәтижесінің дәлдігі, сәйкесінше, нашарлайды.
Әдетте, анықталатын мөлшерлердің төменгі шекарасы ретінде sr ≤ 0,33
|
Әдетте сандық химиялық анализде анықталатын мөлшерлердің диапазоны келтіріледі. Анықталатын мөлшерлердің диапазоны дегеніміз – берілген әдістеме бойынша анықталатын мөлшерлердің төменгі және жоғарғы мәндерімен шектелген анықталатын мөлшерлер шамасының аумағы. Жоғарғы шекара (mж, сж) – компоненттің берілген методика бойынша анықтауға болатын ең үлкен сандық мөлшері немесе концентрациясы. Бұл шама зерттелген интервалмен немесе аналитикалық сигналды жеткілікті дәлдікпен өлшеу мүмкіндігімен шектелген. Мысалы, фотопластинканың қараю интенсивтігі немесе үдеріс жылдамдығы өте үлкен болуы мүмкін, сондықтан оларды қажетті дәлдікпен өлшеу қиын болады. Әдетте аналитик үшін анықталатын мөлшердің төменгі шекарасын (mт, ст), яғни компоненттің берілген әдістеме арқылы
болғаннан бастап анықтауға болатын минимальды санды немесе концентрацияны алады. Нақты мақсаттарға байланысты sr мәнінің басқа да шекті мүмкін мәні көрсетілуі мүмкін.
Сонымен бірге, кейде анықталатын концентрацияның төменгі шекарасы ретінде kcmin,P-ге тең шаманы алады, мұндағы коэффициент k әдетте 2-ден 10-ға дейінгі мәндерге тең деп алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |