Химиялық анализдегі маңызы өте зор. Химиялық анализ метрологиясы стандарттауда, өнеркәсіпті интенсивтендіруде, өнімнің сапасын жоғарылатуда, қоршаған ортаны қорғауда және т б



бет3/11
Дата17.04.2023
өлшемі98,53 Kb.
#174669
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Лекция 6 Аргимбаева
физикадан тестері, физикадан тестері
Қателерді «п-варианттан» тұратын таңдама үшін есептеудің әдістері бойынша топтау

Қатенің түрі

Математикалық өрнек

1. Абсолютті қате

xi - хақиқ , мұндағы
xi - алынған мән, хақиқ- ақиқат мән.

  1. Салыстырмалы қате




  1. Салыстырмалы пайыздық қате

xi xа и
xа и
xi xа и 100 xа и

4. Ауытқу – d
а) Абсолютті ауытқу dі

di xi x
Мұндағы x – орташа мән

b) Орташа ауытқу, d

n n
xi di
x i 1 d i 1
n n

5. Орташа квадраттық

  1. Дисперсия (V немесе S2)




  1. Жеке бірлікті анықтаудың стандартты ауытқуы Sx немесе S

i
(ОКА – орташа квадратты ауытқу; ОҚҚ – орташа квадраттық қате).

  1. Sx - орташа нәтиженің стандартты ауытқуы (арифметикалық орта мәннің ОҚҚ- і)

  2. салыстырмалы стандартты ауытқу Si

n
di 2
S 2 i 1
n 1


n
di Sx S S 2 i1
i n 1
S 2
Sx n
S Sxi S
i x x



Анализдің абсолютті қатесін xi деп белгілейді, оны мына теңдеумен анықтайды:
xi xi   ,
бұндағы, xi – анализ нәтижесі,  – анализденетін компоненттің сынамадағы ақиқат мөлшері.
Абсолютті қатенің өлшенетін ақиқат мәнге қатынасын анализдің салыстырмалы қатесі дейді.
Әдетте салыстырмалы қатені пайызбен, кейде бірлік үлесімен де көрсетеді:
xi 100  xi 100%
 
Анализденетін компоненттің сынамадағы ақиқат мәні анализ нәтижесінде қатенің болуына байланысты белгісіз болып қалады. Тәжірибеде есептеу барысында ақиқат мәннің орнына шын мәнінде болатын мәнді қолданады, ол бірнеше параллельді анықтаулардың орташа арифметикалық мәніне тең болады.
Өлшеу қатесі көптеген факторларға байланысты болады: қолданылатын құрылғылардың қандай дәлдік класына жататындығына, өлшеу әдістемесіне, байқаушының индивидуальды (жеке) қабілеті мен ерекшеліктеріне және т.б.


      1. Жүйелі қателер


Анализдің қайталап өлшегенде тұрақты болып қалатын немесе белгілі бір заңдылыққа сәйкес өзгеретін қатесін систематикалық (жүйелі) қате деп атайды.
Жүйелі қатенің таңбасы бір тәжірибеден екіншіге ауысқанда өзгермейді. Жүйелі қате нәтижені тек қана төмендетеді немесе тек қана жоғарлатады.
Жүйелі қателердің пайда болу себептері мен олардың көздері алуан түрлі болады. Байқалу сипатына байланысты жүйелі қатені бірнеше түрге бөлуге болады – тұрақты, прогрессивті (қарқынды) және басқалары. Жиі кездесетін түрі – тұрақты жүйелі қателер, олардың мәндері ұзақ уақыт бойы сақталады.
Прогрессивті (қарқынды) қателер үздіксіз өседі немесе кемиді. Пайда болу себептеріне байланысты жүйелі қателерді инструментальды қате, әдістің қатесі, субъективті қате және т.б. деп бөледі.
Инструментальды (аспаптық немесе құралдық) қате анализ барысында әртүрлі құралдар мен құрылғыларды қолданумен байланысты болады. Аналитикалық тәжірибеде қолданылатын құралдар мен құрылғылар дәлдіктің белгілі бір класымен сипатталады, көп жағдайда инструментальды қатені дәлдігі жоғары класқа сәйкес келетін құрал не құрылғыны қолданып төмендетуге болады. Инструментальды қатенің көзі ретінде дәлденбеген салмағы әртүрлі гирлерді, калибрленбеген өлшем ыдыстарын, спектрофотометрдің призмасының қозғалуын, фотоэлементте қараңғылаушы токтың пайда болуын және т.б. айтуға болады. Көбінесе бұндай қателерді калибрлеу кезінде немесе құрылғының көрсетулерін басқа дәлдігі жоғары құрылғының нәтижесімен салыстыру арқылы алынған түзету крэффициенттерін енгізіп мейлінше төмендетуге болады.
Құрылғылардың тозуы, ескіруі және істен шығуы әдетте сырт көзге байқалмайды, сондықтан олардың жұмысқа қабілеттігін белгілі деңгейде ұстап тұру үшін оларды тексеруден өткізеді және градуирлейді. Құралдар мен құрылғыларды тексеруден өткізу заңды түрде және метрологиялық қызмет орындарының қатысуымен іске асырылуы тиіс.
Әдістің қатесі анализденетін жүйенің қасиетіне, яғни тұндыру немесе жуу кезіндегі тұнбаның ерігіштігіне, қосарланатұнуға, фотометрленетін ерітінділердің уақыт бойынша тұрақсыздығына, реакцияның толық жүрмеуіне және т.б. байланысты болады.
Сонымен қатар анықталатын компонентке кедергі әсер ететін қоспасы бар реактивті қолдануда жүйелі қатені тудырады. Реактивті алдын ала жақсылап тазарту жүйелі қатені нөлге дейін төмендетуге және жоюға мүмкіндік береді. Әдістемелік қателер көп жағдайда байқалмай қалады. Оперативті және жеке, немесе субъективті қателердің маңызы зор, өйткені олар анализ барысында орындалатын операциялармен, әсіресе аналитиктің квалификациясымен және оның жеке қабілеттерімен байланысты. Мысалы, аналитиктің титрлеу кезіндегі индикаторлар түсінің ауысуын дәл анықтай білуі өте маңызды.
Әдетте, жүйелі қатені дер кезінде табу және оны ескеру міндетті. Жүйелі қатені табудың практикада кең тараған тәсілі анализді тәуелсіз әдіспен орындау, яғни бос тәжірибе жасау және стандартты үлгілер анализін орындау.
Бос тәжірибе кезінде көбінесе алынған нәтиже жүйелі қатені көрсетеді немесе дұрыс нәтиже алу үшін оның мәнін сынаманың аналитикалық сигналының мәнінен шегеріп тастайды.
Жүйелі қатені табудың қолайлы және жиі қолданылатын тәсілі стандартты үлгілер анализінің нәтижесін стандартты үлгінің паспорттағы мәндерімен салыстыру болып табылады. Стандартты үлгілер – бұлар әртүрлі материалдар, анықталатын элементтің олардың құрамындағы мөлшері жоғары дәрежелі дәлдікпен белгілі болады. Оларды әртүрлі аналитикалық әдістерде градуирленген графиктер тұрғызу үшін, анализдің дұрыстығын бақылау үшін және әртүрлі анализ әдістерінің объективті метрологиялық сипаттамаларын алу үшін және т.б. қолданады.
Стандартты үлгілерге белгілі талаптар қойылады. Олардың ішіндегі маңыздысы мыналар: эталондалған элементтер ақиқат мәннен өзгеше болмауы тиіс, стандартты үлгілердің паспорттары болуы тиіс, ұзақ уақыт сақтағаннан олардың құрамдары өзгермеуі тиіс, химиялық құрамы біркелкі және сынамаға сәйкес болуы тиіс.
Қара және түсті металдардың сенімді эталондары болады. Ал рудалар, минералдар, тау жыныстары және т.б. бойынша эталон дайындау мейлінше қиын, бұл олардың құрамдарының біркелкі болмауымен түсіндіріледі.
2.3-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет