Хирургия стандарт. Асептика және антисептика


Ота бөлімі медбикесінің көмекші көмегімен стерильді халатты кию техникасы



бет67/76
Дата25.01.2022
өлшемі150,24 Kb.
#114149
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   76
Байланысты:
хирургия стандарт 2018

Ота бөлімі медбикесінің көмекші көмегімен стерильді халатты кию техникасы

Мақсаты: ота кезіндегі асептикалық шарттарды қалыптастыру.

Қоры: стерильді киім мен жаялықтар салынған бикс, қолды залалсыздандыратын ерітінді.

Әрекеттер алгоритімі:

1.Киім салынған стерильді биксті сөреге қойып, нықтаңыз.

2.Сыртынан бикстің маркерін, залалсыздығын тексеріңіз.

3.Биксті бас қыштың көмегімен ашып, оның стерильдік индикаторын алып, күйін бағалаңыз.

4.Бикстен халатты жағасынан сол қолмен алып, созылыңқы қолмен айналасындағы заттарға тигізбей жазыңыз, оң қолыңыздан киіңіз.

5.Кейін жағасын оң қолмен ұстап сол қолдан киіңіз.

6.Екі қолды кеуде тұсына созып, жеңдерін бекітіңіз.

7.Халаттың артқы жоғарғы бауларын бекітіңіз.

8.Қалтасынан белбеуді шығарып өзіңізден 30-40 см ара қашықтықта ұстаңыз, ұштарын көмекшіге беріңіз.

9.Қалтадан стерильді қалқаны шығарыңыз. Қалқаны бетке жақындатып, үстіңгі бауын көмекші ұстай алатындай етіп, стерильді қолға тигізбей ыңғайлап ұстаңыз.

Ескерту: залалсыздандырылған халат қолды хирургиялық әдіспен өңдегеннен кейін киіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет