Хор орындау негіздері, құрамды хор және хор сыныбы


- тақырып: A cappellaлық шығарманы талдау



бет27/40
Дата06.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#79390
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40
Байланысты:
Хор жүргізу кітабы

10 - тақырып: A cappellaлық шығарманы талдау.
Жоспар:

  1. A cappellaлық шығарма ұғымына түсініктеме.

  2. Шығарманы талдау әдісі.

  3. Хордағы партиялармен жұмыс.

A cappellaлық шығарманы, яғни сүйемелдеусіз әнді орындауды еңгізуді ерекше хор сыныбында басты орын алады. “Қазіргі уақытқа дейін акапеллалақ шығармаларды орындау тек кәсіби дәрежедегі ұжымдарға ғана тән деген көзқарас көпшілігінде қалыптасып кеткен. Бірақ бұндай көзқарастың терістілігін, бұрыстылығын іс­‑тәжірибе дәлелдеп отыр, яғни акапелланы оқушы хорына орындатудың көп пайдасы бар. Ең біріншіден, кез‑келген аспаптық сүйемелдеу өзіне тән таза, ашық, жұмсақ, табиғи дыбысталу нақышын бұзып бұрмаламайды. Екіншіден, сүйемелдеусіз шығармаларды орындау кезінде хордың дайындық дәрежесі, шеберлігі, ансамбль, строй, нюансировка секілді басты хор элементтері бірден айқындала түседі. Үшіншіден, акапелла таза унисонды қалыптастыруға негіз болады.”


Акапеллалық шығармаларды репертуарға хордың алғаш сабағынан еңгізуге болады. Шығарма жатталып, ансамбль жағынан үйлескен кезде акакпелланы сүйемелдеумен орындауға болады. Оқыту үрдісінде сүйемелдеу мен акапелланың кезектесіп қолдану пайдасы зор. Бұндай кезекті тізбек музыкалық есту қабілетінің қарқынды түрде дамуына жәрдемдеседі және де айта кететін маңызды жайттардың бірі ерте кезеңнен орындалатын сүйемелдесіз шығармалар кейінгі уақытта репертуардың күрделене түсуінің кепілі. Және де, керісінше, акапелла шығармалардың орындауға дағдыланбаған хор ұжымы кәсіби деңгейде өсе алмай, мүмкіндігі шектеліп қалады. Өйткені аспаптық сүйемелдеуге машықтанған олар таза интонациялауға мән бермей, фальшпен орындайды.
Акапелланы әндетудің өзіне тән артықшылығы – шығарманың тональдігін өзгертуге қолайлы болуы, яғни шығарманың тональдігін диапазонына қарай жарты тонға немесе бір тонға дейін көтеріп төмендетуге болады. Тональдік қандай мақсатпен өзгертіледі?‑ деген сұрақ туындауы мүмкін. Көптеген шығармалар ыңғайсыз тональдікте жазылғандықтан орындауға қолайсыз болып келеді. Және де екі түрлі тональдікте жазылған хор шығармасы екі түрлі дыбысталады. Мысалы, оқушылар хоры до мажор тональдігінде шығарманы сәтсіз орындаса, до диез тональдігінде керемет болып шығады. Бұл берілген шығармадағы интервалдардың акустикалық ерекшелігімен түсіндіріледі. Сондықтан да хор жетекшісі осы жағдайды ескеруі қажет. Репетиция кезінде хор ұжымын ыңғайсыз тональдікте айтқызу бір жағынан пайдалы дейді дирижердың көпшілігі. Көп жағдайда төмен тональдікте айтқызу өте пайдалы. Өйткені төмен тесситураға байланысты туындаған қолайсыз жағдайды жене отырып, еріксіз түрде стройды белгілі дәрежеде теңестіреді. Осындай тепе‑теңдік күйі алғашқы тональдікке көшкенде де сақталынады. Осылайша акапеллалық шығармаларды орындау хор мүшелерінің шығармашылық, кәсіби дәрежеде өсуіне зор ықпалын тигізеді.
Сұрақтар:

  1. A cappella ұғымына түсініктеме бер?

  2. A cappellaлық шығарманың тиімділігін жіктеп айт?

  3. Репертуарға енгізу неше дауыстан басталғаны жөн?

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Музыка әлемі 2008 №1

  2. Әсембекова Хорға арналған шығармалардың кейбір ерекшеліктері.

  3. Дмитриевский Г.А. Хор және оны басқару. А.1998.

  4. Әбеуова Хор және оны басқару. А. 1997





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет