Хрестоматия



Pdf көрінісі
бет30/38
Дата07.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#96909
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38
Байланысты:
kyraubaeva alma ezhelgi duir debieti khrestomatiia
3-4 хтс, 1011563.pptx
Ол – тырна. 
11)
Сенде, менде жоқ,
Сеңгір тауда жоқ,
Өте берік таста жоқ,
Қапшықта жоқ. 
 Ол – құстың сүті. 
12) Қошқар мүйіз – қойыртпақ,
Қойыртпақтан да қоюырақ.
Теке мүйізі түйіртпек (иіртпек),
Түйіртпектен де иірірек – 
Екі мүйізі тең.
Ол – (...) 
13) Ұзын ағаш басында,
«ұрғыныл» атты құс отырады, 
Оны атуға ер керек,
Екі ұшына таспа керек. 
Ол – тұмақ. 
14) Ұзын ағаш басына
Ұлы жазу жаздым, 
Алтын қабыршақтының тұқымы (ұлы) келсін 
деп, 
Өзім күтіп отырдым.
 Ол – қармақ пен балық. 
16)
Аққұба қайда қыстайды? –
Қанды жерде қыстайды,
Қаны неге жұқпайды, 
Қап ішінде қыстайды. 
Ол – іш май (қарындағы ішмай). 


239 
17)
Бес басты елші келеді.
 Ол – етіктің басынан бес башпайдың шығып 
 тұрғаны. 
17) Тау үстінде даукестің 
Таяғы бар бес батпан.
Ол – түлкінің құйрығы. 
18) Арбаға шақ,
Тас арбаға шақ. 
Ол – шақпақ пен шақпақ тас. 
19) Сиырдың сырты,
Қойдың қоң еті. 
Ол – кереге. 
20) Көкше лағым көгенде семіреді.
Ол – қауын. 
21) Түнде барады қара лақ, 
Ерте келеді қара лақ.
Ол – түңлік. 
22) Бір ұшы қыс қыстайды,
Бір ұшы жаз жайлайды.
Ол – сырық. 
23) Отырғаным – оба жер.
Басқаным – бақыр шанақ. 
Ол – үзеңгі (мен ер). 
24) Қияқ үстінде қияқ.
Ол – қамыс. 


240 
25) Жазда жаңа келін иіліп тұрады.
Ол – қамыстың басы (үлпілдегі). 
26) Айдалада майлы тоқпақ жатыр.
Ол – кірпі. 
27) Айдалада майлы қайыс жатыр.
Ол – жылан. 
28) Ішер, жер, ініне кірер. 
Ол – пышақ (пен оның қыны). 
29) Көзімді салып көпке дейін оқыдым.
Ол – көк пен жұлдыздар. 
30) Мұрны болмаса да мұз теседі.
Ол – қойдың құмалағы (боғы). 
31) Оң мен солды айырған
Отыз түмен, он айдын.
Ол – күн, ай, жұлдыздар. 
32) Алдын айыра білген тура түсер,
Ал торқам ырғалып түсер. 
Ол – биенің құлындағаны. 
33) Ой, үйіреді («әндетеді»),
Сасық көлде қыстайды. 
Ол – тұмсығын бұтына тығып ұйықтап 
жатқан ит. 
34) Түйін түйдім,
Тұтылатынға салдым.
Ол – лашын. 


241 
35) Кесіртке сияқты, қаны тамып
(немесе: кесірткедей сары алтын)
қара ұлысқа жайылады. 
Ол – от (өрт). 
36) Ұзын-ұзын теп-тегіс (жып-жылтыр),
Ұшына дейін теп-тегіс (жып-жылтыр), 
Қысқа-қысқа теп-тегіс (жып-жылтыр), 
Кірігетін жеріне (сабына) дейін теп-тегіс 
(жып-жылтыр).
Ол – пышақ пен білеу (қайрақ). 
37) Міне барды – ізі жоқ.
Ол – кеме (қайық). 
 
38) Әуелі тауып ал,
Көтеріп тастап, жауып ал.
Ол – есік (киіз үйдікі). 
39) Аузымды ашсам – өкпем көрінеді
Ол – есікті ашқанда оттың көрінуі. 
40) Қызыл тері қалтам бар, 
(Оның ішінде) алты-ақ турам асым бар.
Ол – жаңғақ. 
41) Сеңгір-сеңгір тау басында сегіз қоян іні бар,
Сен оны таппасаң, сенек иін илегін
Аулың менен таппасаң, ауру инін илегіл.
Ол – шөміш. 
42) Көктен түскен тоқпақ,
Төрт аяқты, маймақ.


242 
Ол – кірпі. 
43) Өзегі берік шарт терек, –
Бұғанасы сықырлайды,
Қара күшпен шынданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет