Hum1341 Әлеуметтік-саяси білім модулі (МӘдениеттану, психология) ПӘні бойынша дәріс кешені



бет8/61
Дата22.11.2023
өлшемі0,77 Mb.
#193010
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   61
Байланысты:
Дәрістер жинағы (копия)

Бақылау сұрақтары:
1. Стресстің физиологиялық механизмдері.
2. Бұл ерік-жігері. Мысалдар келтіріңіз.
3. Ерік актісінің негізгі кезеңдерін атаңыз
Пайдаланатын әдебиеттер
1. Богословский В.В. және т.б Психология. Алматы, «Мектеп», 1980, -350б.
2. Блонский П.П. Избранные педагогические и психологические сочинения:
в 2-х т. Т.1/Под ред. А.В.Петровского – М., Педагогика, 1979г.,-222с.
3. Бодалев А.А. Психология личности. М:, Изд-во МГУ, 1988г., -312с.
4. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы 2005ж., -415б.
5. Крылова А.А. Психология, М., «Проспект», 1998г., -583с.
6. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993, 144-159б.
7. Маклаков А.Г. Общая психология, Питер, 2006, 200-234с.
8. Сәбет Бап-Баба Жантану негіздері Алматы, «Дәнекер», 2001ж.,293б.
9. Фресс П., Пиаже Ж. Зкспериментальная психология./СБ.статей Пер. С
фр.Вып.6-М: Прогресс 1978г., 262с.


5 дәріс. Тұлғаның жеке-типологиялық ерекшеліктері.
1. Темпераменттердің ерекшеліктері мен жіктелуі.
2. Мінез туралы түсінік.
3. Қабілеттер, олардың құрылымы және көріну деңгейлері.

1. Темперамент – нерв жүйесiнiң тума қасиеттерiнен туындайтын адамның жеке өзгешелiктерiнiң бiрi. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсендiлiгiнен жақсы байқалады. Темперамент – организмнiң физологиялық өзгешелiктерiмен, әсiресе жоғары нерв қызметiнiң тума қасиеттерiмен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да, мәселен: бiреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, ендi бiреулер жай қимылдап, асықпай iстейдi, сонымен қатар психиканың күшi мен тереңдiгiнен де, мәселен: бiреу өжет, алғыр болса, екiншi бiреу керiсiнше сылбыр, жiгерсiз болады, сонымен қоса адамның көңiл-күйiнiң ерекшелiктерiнен де, мысалы: бiр адам салмақты, тұрақты болса екiншiсi жеңiл, тұрақсыз болады, онымен қоймай адамның эмоция, сезiмдерiнен де, мысалы: бiреу сабырлы, екiншiсi күйгелек т.б. жағдайлардан жақсы байқалып отырады.


Темперамент туралы алғашқы ой-пiкрлер ғылымда өте ерте кездiң өзiнде-ақ айтыла бастады. Ежелгi Грецияның белгiлi ғалымы, дәрiгер – Гиппократтың еңбектерiнде бұл жөнiнде бiраз пiкiрлер айтылған. Оның айтуынша, әр түрлi темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесiнде төрт түрлi сұйық заттарға байланысты. Олар: дненi жылытып тұратын – қан, салқындатып тұратын – шырын (слизь), құрғатып тұратын – бауырдағы сары өт және оған дымқылдық берiп тұратын қара өт. Осы төрт түрлi сұйықтың араласуының пропорциясын грекше “красис”, латынша темпераментум деп атап кеткен.
Адамдардағы темпераменттiң әр түрлiлiгi организмдегi осы төрт түрлi сұйықтың азды-көптiгiне байланысты деп түсiндiрген Гиппократ пен оның шәкiрттерi. Мәселен, организмде қанның пропорциясы көп болса, ол сангвиникалық “сангиус” – қан, ал шырын басым болса “флегма” –шырын, флегматикалық темперамент, ал организмде қара өт басым болса “мейланхоле” – қара өт, меланхолик, ал сары өт басым болса “холе” - өт, холериктiк темперамент деп атаған.
Рим дәрiгерi – Гален темпераменттiң санын он үшке жеткiзген. Оның айтуынша адам организмiнде жылылық неғұрлым басым болса, солғұрлым адамның темпераментi күштi болады, ал адамның денесi салқын болса, онда темпераментi де баяу болады деп айтқан.
Орта ғасырдағы ғалымдар темпераменттi организмдегi химиялық заттардың құрамына байланысты деп түсiндiредi. Темперамент туралы теориялар ХIХ ғасырдың аяқ кезiнде де кең өрiс алды. Мәселен, немiс анатомы Гейне темпераменттiң түрлiше болуы нерв жүйесiнiң тонусына байланысты десе, орыс антропологы Зеланд ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен бiркелкiлiгiне байланысты дедi.
Темпераменттiң физиологиялық негiздерiн ғылыми тұрғыдан дәйектi етiп түсiндiрген академик И.П.Павлов болды. И.П.Павловтың “Нерв жүйесiнiң типтерi” деген iлiмiнде ми қабығындағы қозу, тежелу процестерiнiң үш негiзгi белгiсiнiң: күшi, тепе-теңдiгi, қозғалғыштығының жиынтығының құрастырылуына байланысты нерв жүйесiнiң типтерi анықталынады. Нерв жүйесiнiң әрбiр типiнiң үш белгiсi болады. Мәселен, күштi типтердiң бiрi – ұстамсыз тип. Ұстамсыз тип жұмыс iстеу қабiлетi күштi , қозу, тежелу процестерi бiр-бiрiмен сәйкес келмейтiн, қозуы ылғида басым келiп отыратын ерекше қозғалыстағы тип. Күштi типтiң екiншiсi ширақ типтер деп аталады. Мұнда қозу мен тежелу процестерi тең келiп, тез алмасып отырады. Күштi типтiң үшiншiсi қозу мен тежелуi бiр-бiрiне тең , бiрақ алмасуы сараң , баяу қозғалатын тип. Әлсiз типте қозу мен тежелу процестерi баяу көрiнiп отырады.
И.П.Павлов сангвниктердi ширақ , нерв жүйесi күштi , қозуы мен тежелуi тең қозғалғыш типттегi адамдарды суреттейдi. Ал холериктердi ұстамсыз, нерв жүйесi күштi , қозуы тежелуiнен басым деген. Флегматиктердi нерв жүйесi күштi , қозуы мен тежелуi бiр-бiрiне тең болғаны мен қозғалысы баяу адамдар, Ал меланхоликтердi нерв жүйесi әлсiз типтегi адамдар деп сипаттады.
Темпераменттердiң психологиялық сипаттамасы
И.П.Павловтың айтуынша сангвник темпераментiнiң өкiлдерi, өте қуатты, тұрлаулы, ширақ тип. Олар жұмысқа өте қабiлеттi, iстеген нәрсесiн қай уақта болмасын берiлiп iстейдi , басқа адамдармен тез тiл табыса бiледi , коллективте өзiн көңiлдi ұстайды , ақ көңiл , қызу iстiң адамы. Оның осал жерi iсi жоқ кезде сылбыр күйге түсiп немесе жеңiл мiнездiлiкке салынып кетедi. Бұл оның эмоцияларының тұрақсыздығынан , қозғалғыштығынан туатын нәрсе.
Флегматик темпераментiндегi адам көбiнесе сабырлы, салмақты, кез-келген нәрсеге сезiмiн бiлдiре бермейтiн, асықпай баппен жүрiп тұратын адамдар. Олардың осал жерi қимыл-қозғалысының баяулығы, өмiрде болып жатқан жағдайларға селқос қарайтындығы, оңтайлылықтың жоқтығы. Бiрақ мұндай типтегi адамдардың салқын қандылығы, адамның мiнез бiтiстерi үшiн таптырмайтын қасиеттер болып табылады.
Меланхолик темпераментiндегi адамдарға әсер етпейтiн нәрсе жоқ, бiрақ әсер еткен нәрсенiң бәрiне өз сезiмiн бiлдiре бермейдi, неде болса iшiнде жүредi. Мұндай адамдар оңаша жалғыз жүргендi жақсы көредi, айтайын деген ойын тиiстi жерiнде дөп басып айта алады, осал жерi өте сылбыр.
Холерик темпераментiндегi адамдардың нерв процестерi күштi, бiрi екiншiсiне тең келмейтiн, ұйытқымалы, қимыл-қозғалысқа шапшаң келедi. Олар ұстамсыз күйiп-пiсуге дайын тұратын күйгелек адамдар.
Әр адамның темпераментi психикалық әрекетiнiң көрiнуiнде сырттай iз қалдырғанымен ақыл-ойының дамуына ешқандай елеулi әсер ете алмайды. Нерв жүйесi әлсiз жуас адамдардың темпераменттерi көп жағдайда ортаға байланысты қалыптасып, өзiнiң ерiк күш жiгерi күштi, мiнездi, ұжымның бағалы мүшесi етiп, тәрбиелеуге болатындығы байқалады.
Темпераменттердi тәрбиелеу жолдары
Адамдардың темпераментiн анықтау үшiн оны өте мұқият зерттеу қажет болады. Көпшiлiк жағдайда темпераменттердiң кейбiр ерекшелiетерi байқала қоймайды да, осыған орай кейде қате қорытындылар жасалады. Темпераменттер нерв жүйесiнiң тума типтерiне көбiрек тәуелдi болғандықтан, оларды тек лаборатория жағдайында ғана зерттеу жақсы нәтиже бередi. Адамдардың iске қызығуы әуестенуi мен байланыстылығын және iстiң әр саласында бiр темпераменттiң өзi әртүрлi көрiнетiндiктерiн психология ғылымы дәлелдеп отыр.
Әр адам сыртқы дүниенiң көптеген тiтiркендiргiштерiне өз әлiнше түрлiше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, бiртiндеп беки келе сол адамның үйреншiктi әдетiне, мiнез-құлқының мәнерiне айналады. Сөйтiп, әр адамда әр түрлi мiнез бiтiстерiнiң болуы оның сыртқы ортамен түрлiше қарым-қатынас жасауының нәтижесi болып табылады.
Адамның сыртқы ортамен байланысу үшiн жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мiнезiн құрайды.
Адамның үйреншiктi әдетi болып қалыптасқан мiнез бiтiстерiнiң кейде оның сыртқы ортамен жасайтын негiзгi қатынастарына сәйкес келмейтiн кездерi де болады. Мәселен, бiреудiң қатал, не қытымыр болуының негiзiнде адамды менсiнбеу, тәкәппарсыну сияқты мiнез қатынастарының тұрақты жүйесi жатпай, оның темпераментiнiң нерв жүйесiнiң тума қасиеттерiне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерiнiң жатуы ықтимал.
Мiнез – адамның негiзгi өмiрлiк бет алысын және оның өзiндiк әрекетiнiң айрықшылығын сипаттайтын сапалы өзгешелiк. Ол – көп қасиеттiң бiрлiгi, түрлi өзгешелiктердiң қосындысы, сонымен қатар жеке адамды әр қырынан көрсететiн қасиет. Мiненз бiтiстерi көп. Олардың бәрi де жеке адамның қасиеттерi болып табылғанмен, мұның кез-келгенi мiнездiң бiтiстерi болып саналмайды.
Мiнездi даралық өзгешелiктердiң өзегi, адамның негiзгi тiршiлiк бағытының өрнегi деуге болады. Мiнезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бейнеленедi.
Мiнез – кең мағыналы ұғым. Онда түрлi сапалар тоғысып жатады. Мiнездiң моральдық жағынан тәрбиелiлiгi, бiрқалыптылығы, толықтылығы, күшi мен айқындылығы, салмақтылығы – оның негiзгi сапалары болып есептелiнедi.
Ұжымшылдық, гумандылық, адамдарға қамқорлық, жолдастықты қадiр тұту, жұртшылық пiкiрiмен санаса бiлушiлiк, өзiнiң мiндетiн орындауға асқан жауапкершiлiкпен, адалдықпен қарау – мiнездiң осы сапасының негiзгi компоненттерi.
Рухани дүниесi бай, қажеттерi мен қызығулары, талғамы мен ой-өрiсi кең адамдарды – толық мiнездi адам дейдi. Мiнез сапаларының бiрi – оның бiрқалыптылығы. Мұндай адам құйындай ұйытқып тұрмайды, оның қастерлейтiнi ылғи да сөзбен iстiң бiрлiгi. Кiмнiң мiнезi толық болса, соның мiнезi де бiрқалыпты болып келедi. Бұл екеуi мiнездiң егiз қозыдай, бiрiнен екiншiсi ешқашан ажырамайтын қасиеттерi. Мiнездiң тұрақтылығы адамның саяси моральдық ұғымынан, түсiнiктерiнен туындайды. Бұл қасиеттер адамның өмiр сүруiнiң мән-мағынасын, әрекетiнiң мазмұнын белгiлейтiн мiнездiң сапасы.
Бiрқалыпты, тұрақты мiнезi бар адам басқалардың жетегiнде кетпейдi, оның өзiнiң белгiлi көзқарасы, принципi, мiнез-құлқы болады, қауiп-қатерден бой тасаламайды, керек жерiнде батылдық көрсете бiледi. Инциатива мен белсендiлiк, достық пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық осындай мiнездер адамға тән қасиеттер. Ал мiнездiң күшiне – мақсатқа жету жолында алда тұрған кедергiлердi жеңе бiлуде көрiнетiн адам ұстамдылығының мөлшерi жатады. Жақсы мiнезге тән сапалардың бiрiне оның байсалдылығы жатады. Мiнез адамның дүниеге көзқарасы мен сенiмiне байланысып жатса ғана онда жоғарыдағы аталған сапалар қоры молая түседi. Тек осындай мiнезi бар адам ғана алдына айқын мақсат қоя алады және ол соған деген берiк сенiмнен туады. Мұнсыз тиянақты әрекетету қиын. Жаман болсын, жақсы болсын адамда әйтеуiр бiр мiнез бiтiсi болады. Бiрақ барлық жақсы сапалардың бәрiн бойына жинаған адам өмiрде жиi кездесе бермейдi. Бiреуде ол жағы, бiреуде бұл жағы жетпей жатады. Мiнез үшiн тұрақты қасиеттердiң мәнi зор. Барлық жерде, барлық жағдайда адам тәртiп сақтайтын болса, тек сонда ғана тәртiлiктi сол адамның мiнез бiтiсi деп санауға болады.
Мiнез адамның басқа қасиеттерiмен, атап айтқанда, қабiлет, темпераментiмен тығыз байланысты. Адамда қабiлеттiлiктiң дамуы кейбiр тиiстi мiнездiң болуын қажет етедi. Ал темперамент болса, мiнез бiтiстерiне өзiндiк бояу, реңк бередi.
И.П.Павлов мiнез жөнiнде былай деп жазды: “адамның мiнез-құлқының бейнесi нерв жүйесiнiң туа бiткен қасиеттерiне ғана байланысты болып қоймайды, сонымен қатар адамның жеке өмiр сүру барысында болатын ықпалдарға да байланысты, демек, үнемi тәрбиелеу немесе үйрету жұмыстарына да байланысты болады”. Мiнез өзгермейтiн тума қасиет емес, ол өмiрде қалыптасады.
2. Адамдардың өмiр жолы мен әрекетiнiң сипаты түрлiше болатындықтан, оның мiнез бiтiстерiнде басқа бiреуде қайталанбайтын жеке ерекшелiк көптеп кездесiп отырады. Сонымен қоса, адамдарда өзi өмiр сүрiп отырған қоғамның ерекшелiктерiне байланысты қалыптасқан, көпшiлiкке ортақ типтiк мiнездерi де болады. Типтiк мiнездер – белгiлi бiр тарихи-қоғамдық жағдайлардың нәтижесi. Типтiк мiнезден әр адамның ұлттық, кәсiптiк және жас ерекшелiгiне сәйкес өзгешелiктерi де тиiсiнше орын алып отырады. Үстем тап өкiлдерiне тән эгоистiк, озбырлық, өктемдiк, әдiлетсiздiк, қанағатсыздық мiнез бiтiстерi де, еңбекшi халықтың бойынан табылатын ұйымшылдық, төзiмдiлiк, жiгерлiлiк, намыстылық сияқты тамаша мiнез бiтiстерiде – қоғамдық жағдай тудырған психологиялық қасиеттер.
Адамның сансыз мiнез бiтiстерiнiң кейбiрiн белгiлi топтарға жинақтауға болады. Жеке адамның ұстаған бағытынан, яғни бүкiл психикалық тұрпатынан байқалатын мiнез бiтiстерi әр түрлi жағдайда көрiнiп отырады. Бұларға: ұжымшылдық, гумандылық, қайырымдылық, үйiрсектiк, адалдық және осыларға қарама-қарсы жекешiлдiк, қатыгездiк, тұйықтық, зымияндық т.б. бiтiстерi жатады. Осы топқа сондай-ақ адамның өз iсiне, еңбегiне қатынасын бiлдiретiн мiнез бiтiстерi жатады. Бұларға: еңбексүйгiштiк, құнттылық, инициативалық жинақтылық және осыларға қарама-қарсы жалқаулық, салақтық, тиянақсыздық, кертартпалық т.б. бiтiстерi кiредi.
Адамның өзiне-өзi қатынасын бiлдiретiнмiнез сипаттары да осы топтың негiзгi бiр жағы. Бұларға кiшi пейiлдiлiк, қарапайымдылық, өзiн-өзi сынай бiлу, талап қоя бiлушiлiк және бұларға қарама-қарсы өр көкiректiк, мақтаншақтық, жасқаншақтың т.б. жатады.
Мiнез бiтiстерiнiң келесi тобын адамның өзiн-өзi меңгере алу қабiлетiне орай қалыптасқан өзгешелiктерi құрайды. Бұл топты мiнездiң ерiктiк сапалары немесе мiнездiң жотасы деп атайды.
Мiнездiң ерiктiк сапаларының өзi күштi және әлсiз, яғни нашар мiнез болып екiге бөлiнедi. Күштi мiнезге – мақсатқа талпынғыштық, дербестiлiк, тоқтамға келгiштiк, батылдық, шыдамдылық, тәртiптiлiк, жинақылық, ерлiк т.б. жатса, әлсiз мiнезге терiсмiнездiлiк, иланғыштық, қыңырлық, ұстамсыздық, жүрексiздiк, тентектiк т.б. кiредi.
Патриотизм – отанға деген шексiз сүйiспеншiлiк мiнез, сонымен қоса өз халқын, оның мәдениетiн, әдебиетiн, әдет-ғұрпын, ата салтын, дәстүрiн сүюдi бiлдiредi.
Принципшiлдiк мiнез – дүниетанымы мен сенiмi жолында ешбiр тайсақтамай күресе бiлу қабiлетi. Принципшiл адам қандай жағдайда болмасын халық мүддесi үшiн қызмет етедi, кешiлiктерге төзбейдi, әдiл сынмен санасады, өз қатесi болса мойындап, оны кезiнде түзетуге дайын тұрады.
Инциативашылдық мiнез – адамның iске бастамашы бола алу қабiлетiн көрсетедi. Өзiнiң қимыл-қозғалыстарын ақыл-ойына бағындыра алу, еңбекке творчестволық көзқарас, қиыншылықты жеңiп шығуға үнемi дайын болу, басқа бiреудiң нұсқауын, жарлығын күтпеу, өмiрдегi түрлi жаңалықты сезе бiлу, қажеттi жерде тәуекелге бел байлау – инциативашыл адамның негiзгi ерекшелiгi.
Адалдық пен шыншылдық мiнездер бiр-бiрiне бiте қайнасқан қасиеттер. Адал адам шынайы да, шыншыл адам – адал. Адалдық – адам сөзiнiң, оның дүние танымы мен ұштасуы, сөзiнiң iсiне қайшы келмеуi. Ал шыншылдық – адамның азаматтық борышына, ар-ожданына қалтқысыздығы. Адал, әдiлеттi және шыншыл болу еңбек пен оқуға, жалпы iс-әрекетке ар-ұятпен қарау, жоғары идеялы,принциптi болу деген сөз. Адалдық пен шыншылдық адамнан кiшi пейiл, әдiлеттi болуды, жеке бастың ары мен абыройын сақтауды талап етедi.
Кiшi пейiлдiлiк пен қарапайымдылық мiнез бойында бар адам кеудесiн көтермей, жұрттың көзiне түссем демейдi. Қарапайымдылық – ұстамдылықтан, жинақылықтан, сабырлылықтан, адамдарды құрметтеуден көрiнетiн қасиет. Мұндай адам өзiн-өзi мақтаудан, дандайсушылықтан бойын аулақ ұстайды.
Достық мiнез - өзара терең ұғынысу мен сыйласуға, бiр-бiрiне көмектесуге негiзделетiн нағыз адамдық қасиет. Достық – мақсат пен идеяның бiрлiгiнен және өзара кiршiксiз таза жүрекпен құрметтесуден туады. Бiр-бiрiне қалқысыз сену, керек болса бiрiнен бiрi жанын аямау – шынайы достықтың белгiлерi. Жақсы дос – жан ашыр, қамқоршы. Достық өмiрдi нұрландырып, қуанышқа бөлейдi, адамды рухани жағынан байытады, iс-әрекетке белсендi кiрiсуге қуат бередi.
Күнделiктi ауызекi сөзде қабiлет деген сөздi жиi қолданамыз. Мектептегi оқушыларға түрлi қоғамдық жұмыстар жүктелгенде олардың кейбiреуiнiң ұйымдастырғыштық, екiншiсiнiң музыкалық, үшiншiсiнiң суретшiлiк қабiлетi еске алынып, бұған ерекше мән берiлiп отырады. Бұл әр адамның әрекеттiң бiр түрiне жарамдылығын көрсететiн дара ерекшiлiгi болатынын байқатады. Мұндай дара ерекшелiктер әрекеттi орындау үстiнде, әсiресе оның нәтижесiнен жақсы көрiнiп отырады.
3. Қандай да болмасын бiрер нәрсеге қабiлетi жоқ адам болмайды, ол бiреуде күштi, бiреуде шамалы болып келуi мүмкiн. қабiлеттiлiктiң өлшемi – белгiлi бiр iстiң нәтижелi болып орындалуында. Қабiлет адамның iс-әрекетiнiң белгiлi бiр түрiне, өнер саласының бiрiне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгiлi бiр iстi үздiк орындауға мүмкiндiк беретiн адамның әр түрлi жеке қасиеттерiнiң (музыкалық саңлау, түстердi жақсы ажырата бiлу, қолдың икемдiгi т.б.) қиысып келуiн, яғни адам қасиеттерiнiң синтезiн - қабiлет деп атайды.
Қабiлеттiң құрылымы жеке адамның дамуына тәуелдi. Қабiлеттердiң дамуын репродуктивтiк және творчестволық деп аталатын екi деңгейге бөлуге болады. Қабiлет дамуының бiрiншi деңгейiндегi адам бiлiм игеруде, iс-әрекеттi меңгеруде, оны белгiлi үлгiде жүзеге асыруда жоғары iскерлiк көрсетедi. Қабiлеттiң дамуының екiншi деңгейiнде адам жаңа, соны туынды жасай алады.
Қабiлеттiң дамуы оны қажет ететiн қызмет саласында және әрекетке үйрену үстiнде көрiнiп отырады.
Қабiлеттiң ойдағыдай дамуы адамда тиiстi бiлiм жүйесiнiң, икемдiлiк пен дағдының болуына байланысты болады. Баланың бiлiмi тереңдеп, икемдiлiгi артып, дағдысы көбейе түссе, оның қабiлетi де ойдағыдай дамып отырады.
Оқу-тәрбие процесiнде қабiлет, бiлiм, дағды, ептiлiк сияқты психологиялық ұғымдарды өз мәнiнде түсiне алмау мұғалiмдердi педагогикалық қателерге ұшыратуы мүмкiн. Адамның қабiлеттiлiгi бiлiмi мен икемдiлiгi, дағдыларды тез меңгеруге жағдай туғызатынын, сондай-ақ балалардың қабiлеттерiн дұрыс байқай алып, онымен санасып отырудың қажеттiлiгiне мұғалiмдердiң зер салуын керек етедi.
Қабәiлет негiзiнен екiге бөлiнедi. Адамның ақыл-ой өзгешелiктерiнiң жеке қасиеттерiн көрсететiн кез келген адамнан табылатын қабiлет – жалпы қабiлет деп аталады. Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейiндiлiк пен бақылағыштық, зеректiк пен тапқырлық т.б. осы секiлдi ақыл-ой әрекетiнде көрiнетiн өзгешелiктер жалпы қабiлет болып табылады.
Iс-әрекеттiң жеке салаларында ғана көрiнiп, оның нәтижелi орындалуына мүмкiндiк беретiн қабiлеттi - арнаулы қабiлет деп атайды. Бұған суретшiнiң, музыканттың, актердiң, спортсменнiң, математик-ғалымның қабiлеттерiн жатқызуға болады. Соңғы кездерi кейбiр зертттеушiлерiнiң қабiлеттiң үшiншi түрi деп практикалық iске қабiлеттiлiктi айтып жүр. Бұған ұйымдастырғыштық, педагогтық, конструктивтi-техникалық қабiлеттердi жатқызады. Қабiлеттердiң осы түрлерi iс-әрекеттiң басты салаларына (ғылым, өнер, практика) орайлас бөлiнедi. Ал өмiр шындығының көрсетуi басқаша. Бiрiншiден, арнаулы қабiлеттер жалпы ақыл-ой қасиеттерi мен табиғи байланыста. Адамның жалпы қабiлетiнiң жақсы жетiлуi оның арнаулы қабiлетiнiң өрiстеуiне iшкi жағдай туғызады. Арнаулы қабiлеттер өз тарапынан белгiлi жағдайларда ақыл-ойдың (интеллект) дамуына жақсы әсерiн тигiзедi. Екiншiден, әр түрлi: әдеби, математикалық, ғылыми, өнерлiк қабiлеттерi жоғары дәрежеде дамыған жеке адамдар аз кездеспейдi. Үшiншiден, практикалық қабiлеттер творчестволық әрекетте жоғары деңгейде дамыған интеллетiсiз дамымайды және iс жүзiне аспайды. Адам қабiлетiнiң дамуы қоғамның дамуына, оның әлеуметтiк сипатына байланысты болып отырады. Өйткенi өткен ғасырларда қауырт дамып келе жатқан өндiрiс барған сайын жаңа ғылыми бiлiмдердi талап ете бастады. Мұның өзi бiлiмдi адамдардың көбейе түсуiне қолайлы жағдай туғызды. Сол кездерi жан-жақты қабiлеттi, аса дарынды адамдар көп болды, өйкенi бұл қоғамның қажетiнен туған құбылыс едi. Ол кезде алысқа сапар шекпеген, төрт-бес тiлде сөйлемеген, творчествоның бiрнеше саласында жарқырап көзге түспеген бiрде-бiр iрi адам болған жоқ. Леонордо да Винчи – ұлы суретшi, ұлы математик, механик және инженер болды. Альбрехт Дюрер – суретшi, гравер, скульптор, архитектор болды т.б.
Қабiлеттiлiктiң ең жоғарғы дәрежесiн талант деген сөзбен белгiлейдi. Талант – бiр әрекеттi творчестволық орындау мүмкiншiлiгiн қамтамасыз ететiн қабiлеттiң ерекше қиысып келуi.
Адамның кейбiр өзгешелiктерi ана құрсағында жатқанда-ақ пайда болады. Мәселен, баланың ата-анасы мен туысқандарына ұқсап тууы. Мұны анатомиялық нышан дейдi. Нерв жүйесiнiң, кейбiр анализаторлардың ерекшелiктерi де туысынан пайда болады. Мұны физиологиялық нышан дейдi.
Нышан әрекет үстiнде байқалады. Былайша айтқанда, нышанды әлi дами қоймаған, бiрақ iс-әрекетте алғаш сыналудан-ақ көрiнiс беретiн, қабiлеттiң бастапқы табиғи негiзi деп бiлуiмiз керек. Қабiлеттiң мидың құрылымының белгiлi бiр тума анатомиялық ерекшелiктерiмен, ең алдымен, оның микроқұрылымының ерешелiктерiмен байланысты болатыны сөзсiз. Мұндай ерекшелiктер жеке адамның мiнез-құлқынан және бейнелендiру процесi сипатынан аңғарылады. Нышанның соңғы түрi қабiлеттiң дамуында белгiлi орын алады. Мәселен, баланың есiту анализаторларының жетiле дамуы музыкалық қабiлет үшiн, көру анализаторларының өзгешелiгi сурет қабәiлетiнiң көрiнуiне себiн тигiзедi. Бiрақ нышан қабiлет дамуының бiрде-бiр шарты бола алмайды. Ол – адамның iшкi мүмкiндiгiнiң көрсеткiшi. Егер адамның туысынан нышаны болса да, дұрыс тәрбие көрмесе, яғни белгiлi әрекетпен айналыспаса, оның қабiлетi айтарлықтай дамымайды. Әрбiр қабiлетке арнаулы нышан сәйкес келедi деп ойлау да қате. Нышан көп мәндi қасиет, яғни сол нышанға негiзделiп, адам өмiрiнiң жан-жақтылығына қарай түрлi қабiлет қалыптасады. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабiлеттiң түрiн – дарындылық дейдi. Адамның дарындылығы оның жоғары нерв қызметiнiң тума типiне (мида уақытша байланыстардың тез жасалып, берiк орнығуы, нерв процестерiнiң қозғалғыштығы, динамикалық стереотиптердiң шапшаң жасалып, оiңай өзгеруi т.б.) байланысты болып келедi.
Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса, ол ерте көзге түсетiн болады. Тарихта болсын, күнделiктi өмiрiмiзде болсын мұндай мысалдар өте көп. Дарынды адамдардың қабiлетi әдетте ерте ашылатынын зерттеу жұмыстары байқатып жүр. Дарынды балалар мектептiң оқу бағдарламасын ерте меңгерiп, 5 - 6 жаста ондай балалар өзiнен екi есе үлкен балалардың бiлгенiнен артық бiлетiн болады. Кейде дарынды балалардың мектептегi оқуға көңiл бөлмейтiн кездерi де кездеседi. Мысалы: Д.Байрон, В.Скотт, Ч.Дарвин бала күндерiнде түк бiлмейтiн кеще саналған. Мұндай дарынды адамдардың балалық шақтары туралы көптеген шығармалар бар. Айталық Дюрер үш жасында өз портретiн салған, жетi жасар Моцарт төрт соната жазып үлгерген, Лист, Шопен мен Иегуди Менухин он бiр жасында үлкен концерт қоюға қатысса, тоғыз жасар Гете – немiс, латын, грек тiлдерiнде өлең жазатын болған.
Творчестволық қызметтiң асқан дарынды өкiлдерiнiң барлық қуат-қабiлеттерiнiң бiрдей шарықтайтын кездерi болады. Мұндайда олардың барлық санасы барынша өткiрленiп, мейлiнше айқындалады, бақылампаздығы одан сайын арта түседi, жазатын нәрсесi мұқият әрi тез дайындалумен қабат, iштей жетiлiп пiседi. Бұл – адам талантының шарықтауының тамаша бiр көрiнiсi.
Кез келген адамда нышан алдымен iс-әрекеттiң белгiлi бiр түрiне бейiмдiлiктен, не барлық нәрсенi бiлуге құмарлықтан көрiнiс бередi. Бейiмдiлiк пен қабiлет көп жағдайларда бiрге болады. Өйткенi адамның бiр нәрсеге қабiлеттiлiгi оның бейiмдiлiгiне орай қалыптасады.
Бейiмдiлiк – адамның белгiлi бiр әрекетпен айналысуға бет бұрысы, көңiл аууы, оянып келе жатқан қабiлеттiң алғашқы белгiсi. Сонымен қатар бейiмдiлiк әрекеттiң бiр саласына ұмтылысынан әуестенушiлiктi көрсетедi. Бейiмдiлiктi балада қандай да бiр нышанның барлығын хабарлайтын белгi деуге болады. Балаллық кезде ерекше көзге түсетiн бейiмдiлiктер оның келешек қабiлетiнiң көрсеткiшi болып та табылады. Осындай шынайы бейiмдiлiкпен қатар жалған не алдамшы бейiмдiлiкте болады. Жас балаларда әрекеттiң әр түрiне байланысты бейiмдiлiк жиi ұшырайды. Нағыз бейiмдiлiктен алдамшы, шүбәлi бейiмдiлiктi айырған дұрыс. Шынайы бейiмдiлiк болған жағдайда әрекетке деген зор ынталық қана емес, шеберлiктi шапшаң игеру, елеулi нәтижелерге жетуi байқалады. Ал бейiмдiлiктiң алдамшы түрiнде адам iске қатты әуестенгенмен сол салада жақсы нәтижеге ие бола алмайды. Оның мүмкiндiгi орта дәрежеде ғана болады. Жалған бейiмдiлiк көбiнесе үлкендердiң сендiруiнен немесе өзiн осылай сезiнуден, өзiн-өзi иландырудан, кейде осылардың дамудың потенциялды мүмкiндiгiнсiз бiрiгiп келуiнен болады. Нағыз бейiмдiлiкте әрекетке адамның бар сезiм-еркi жұмыла талпынады. Мұндай бейiмдiлiк адам нышандарының қабiлетке ауысуына қолайлы жағдай жасайды.
Баланың бейiмдiлiктерiн дамытып отыру оның жалпы дамуына, ақыл-ой қабiлетiнiң жақсы қалыптасуына жағдай жасайды. Сондықтан мұғалiмдер мен тәрбиешiлер балалардың бейiмдiлiктерiн уақытында дұрыс көре бiлiп, осыған сәйкес келетiн қабiлеттердi дамытып отыруы керек.
Бейiмдiлiк пен қабiлет ересек адамдарда да қосақтаса көрiнiп отырады. Адамда күштi, әсерлi, тиянақты бейiмдiлiктiң болуы онда зор қабiлеттiң бар екенiн аңғартады. Бұл екеуiнiң бiр-бiрiмен қабыспай жататын кездерi де болады. Бiреу тек өзiн көрсету үшiн ғана iс-әрекетке бағыт алатын болса, мұны оның бейiмдiлiгiне қарай туып отырған қабiлеттiң көрiнiсi деуге болмайды.
Баланың дүниеге белгiлi бiр нышандармен, табиғи мүмкiндiктермен келетiнi рас, бiрақ осы нышандар тек оқу-тәрбие ықпалымен ғана қабiлетке айналады. Бала айналасындағы нәрселердi танып бiлуде өзi белсендiлiк көрсетпейiнше, оны дұрыс ұғына алмайды. Бала қабiлетiнiң дамуы үшiн де оның белсендiлiгi аса қажет. Iс-әрекетсiз, оны меңгеруге бағытталған белсендi қимыл-қозғалыссыз қабiлеттiң дамуы мүмкiн емес. Бұл жерде ескеретiн бiр нәрсе, нышан оқу-тәрбие жұмысын жүогiзу үшiн зор мүмкiндiк тудырады және нышанды балалар бiр нәрсенi үйренуге оңтайлы болады.
Сөйтiп, қабiлет адамның табиғи және жүре пайда болатын қасиеттерiнiң сомдалып құйылуы.
Адамдардың қабiлет саласындағы дара айырмашылықтары сан алуан болып келедi. Мәселен, бiреу iске күштi жiгермен, қатты мейiрмен кiрiседi, әрi жұмысты сапалы орындай алады. Ендi бiреуi, керiсiнше, сол iстi әрi баяу, әрi сапасы төмен етiп орындайды. Қабiлеттi адамдардың бiрi – зеректiлiгiмен, екiншiлерi байқағыштығымен, үшiншiлерi материалды еске сақтағыштығымен ерекше көзге түседi. Бұл айтылған қасиеттер кейде бiр адамның басында тоғыса бередi. қандай да болмасын әрекеттi сапалы етiп орындау үшiн қабiлеттiң бiр ғана түрiне сүйенуге болмайды, кейде бiр әрекеттiң өзiн орындау үшiн бiрнеше қабiлеттiң жиынтығы қажет болады.
Адам қабiлетiнiң ахз, көп деп сан жағынан өлшеп, есептеудiң қажетi шамалы, өйткенi алғашқы кезде түрлi себептермен көрiне алмаған қабiлеттiң оның есейген кезiнде көрiнуi әбден мүмкiн, бұл ғажап емес. Жас шақта сөзге олақ адамдардың есейе келе iрi ақын, жазушы болғандары, көрген нәрсенi есiне жөндi сақтай алмайтын адамдардың кейiннен талантты суретшi болып шыққандары да бар.
Адам психикасының басты бiр ерекшелiгi: бiр қасиеттiң орнын екiншi бiр қасиетпен толтыра, яғни адамның өзiнде жетiспеген бiрер қабiлеттi басқа қабiлеттермен алмастыра алатындығы. Сөйтiп, адамның белгiлi бiр әрекетпен шұғылдануына оның бейiмдiлiгi, қызығуы және басқа қабiлеттерi демеу берсе, ол ерiк-жiгерi күштi еңбек сүйгiш адам болса, жеке бiр қабiлеттiң жеткiлiксiздiгi оның iс-әрекеттi ойдағыдай орындауына бөгет бола алмайды. Қабiлеттiң даму шегi жоқ. Ми қабығында жасалатын уақытша байланыстар жүйесiнiң пайда болу жылдамдығы мен берiктiгi қозу, тежелу, процестерiнiң күшi мен тепе-теңдiгiне, қозғалғыштығына байланысты болатындығы, ал адамның iс-әрекетiнiң белгiлi бiр түрiн нәтижелi етiп орындауда осылардың елеулi роль атқаратындығы күнбе-күнгi тәжiрибеде жақсы байқалып жүр.
Адам қабiлетiнiң әр қилы болып келуi сигнал жүйелерiнiң ерекшелiктерiне де байланысты. Нерв әрекетiнiң жеке көрiнiстерiнде сигнал жүйелерiнiң бәiр-бiрiмен басым келуiн И.П.Павлов адамға тән нерв қызметiнiң үш түрлi типi болады деп тұжырымдады. Егер адамның нерв әрекетiнде бiрiншi сигнал жүйесiнiң жұмысы басым болса, оны “суретшi тип” , ал екiншi сигнал жүйесiнiң жұмысы басым болса басым болса, “ойшыл тип” деп атады. Суретшi тип – қабылдау мен естiң образдылығы және ашықтығы, қиялдың байлығымен сипатталса, ойшыл тип – абстрактылық ойлаудың басымдылығымен көрiнедi. Сигнал жүйелерiнiң типтiк ерекшелiктерi психикалық әрекеттердiң кез келген түрiнен көрiнедi және олар өмiрде бiр-бiрiне ауысып, өзгерiп отырады. Осы типтердiң кез-келгенiнiң негiзiнде қабiлеттi жан-жақты дамытып отыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет