Hum1341 Әлеуметтік-саяси білім модулі (МӘдениеттану, психология) ПӘні бойынша дәріс кешені



бет11/61
Дата22.11.2023
өлшемі0,77 Mb.
#193010
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   61
Байланысты:
Дәрістер жинағы (копия)

Бақылау сұрақтары
1. Копинг дегеніміз не? Копинг стратегиясы.
2. Стрессті жеңу стратегиясын атаңыз.
3. Копингті жақсарту үлгілері туралы айтып беріңізші.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Аймауытов Ж. Псиқология. Алматы, «Рауан», 1995, - 303б.
2. Богословский В.В. және т.б Психология. Алматы, «Мектеп», 1980, -350б.
3. Блонский П.П. Избранные педагогические и психологические сочинения:
в 2-х т. Т.1/Под ред. А.В.Петровского – М., Педагогика, 1979г.,-222с.
4. Еникеев М.И., Основы общей, юридический психологии, М.,1996г., -
630с.
5. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы 2005ж., -415б.
6. Жұмасова К.С. Психология Астана -2006, -289б.
7. Намазбаева Ж.И. Психология Алматы: 2005, -293б.
8. Тәжібаев Т. Жалпы психология – А. «Қазақ университеті», 1993 -240 б.


8 Дәріс. Тұлғаның денсаулық психологиясы.


1. Денсаулық психологиясы
2. Адамның психикалық денсаулығын сақтауда есінің өзгеруі
3. Психика саулығы
4. Дене шынықтыру сабағында керек психологиялық денсаулық негіздері
Психика мен дененің өзара байланысы және өзара ықпалы. Аурулардың пайда болуы мен денсаулықты нығайтудың психологиялық факторлары. Психикалық белсенді заттарды қолдану мен зиянды әдеттер денсаулықты әлсіріретуші фактор ретінде. Салауатты өмір салты тұлғаның жетістікке жету негізі ретінде.
Қазақстанда соңғы жылдары демографиялық көрсеткіштер нашарлап, туу, халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім- жітім арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп туғызуда.Созылмалы дертпен ауыратын 2 млн. балалар мен жасөспірімдер диспансерлік есепте тұр. Алматы қаласындағы мектеп оқушыларының денсаулығын зерттегенде, олардың 85 %-ы созылмалы дертпен ауыратыны, ал Өскеменде сырқаттану деңгейінің 91%-ға жеткендігі анықталды. Ұлт денсаулығы және оның интеллектуалды потенциалы кез келген ауқатты елдің тек стратегиялық емес, сонымен бірге ұлттық қауіпсіздігі мен еркіндігінің кепілдігі болып табылады.
Жастар халықтың белсенді еңбекке қабілетті бөлігін құрайды. Олар еліміздің болашақ экономикалық, қорғаныс және мәдени потенциялы. Біз жастарға қандай білім және мәдениет қалыптастырамыз, олардың денсаулығын қалай сақтаймыз, міне, тәуелсіз Қазақстанның болашағы осыларға байланысты.
20%-дан көп студенттер созылмалы аурудың екі-үш формасымен ауырады. Ең жиі кездесетін потологияларға тыныс алу мүшелерінің, ас қорыту, зәр айдау жүйесінің ауруларын жатқызамыз. Туберкулез, вирусты гепатит, ішек инфекцияларының деңгейі де жоғары.
Студенттердің 80%-ы шылым шегеді, 70%-ға дейін алкоголь қолданады,17%-ға дейін есірткі мен токсиндердің «дәмін» тартқан. Наркомания, алкоголизм, туберкулез біздің қоғамымыздың диагноздарына айналды.
Көрсетілген дәйектермен аурулардың 62%-ы, ерте өмірден кетудің жарты оқиғалары, физикалық дұрыс дамымаудың 60%-ы байланысты болып келеді және өмір ұзақтығының орта есеппен 5-7 жылға қысқаруына әкеледі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының көрсеткіштері бойынша, халықтың денсаулығының 55%-ы –өмір сүру салтына, 18%-ы генетикалық және тұқым қуалаушылық факторларына , 17%-ы экологиялық және табиғи- климаттық факторларға, тек 10%-ы ғана денсаулық сақтау ұйымына тәуелді.Балалар мен жастар арасында санының өсуіне байналысты қазіргі уақытта олардың денсаулығын сақтау жөнінде жаңа амалдар қолданылуда.

Әр уақытта бүкіл әлем жұртшылығының және қоғамның өзгермейтін құндылығы физикалық және психологиялық денсаулық болып табылады. Ерте кездің өзінде оны дәрігерлер мен философтар адамның еркін іс-әрекеті, оның жетілуі ретінде түсінді. Бірақ үлкен құндылығына қарамастан, «денсаулық» түсінігі нақты ғылыми анықтамаға ие болған жоқ. Қазіргі кезде оның анықтамасын түсіндіретін бірнеше көзқарастар бар.


Көптеген авторлар: философтар, дәрігерлер, психологтер (Ю.А. Александровский, 1976 ж.; В.Х. Василенко, 1985ж;В.В. Николаева, 1991ж.; В.М.Воробьев, 1995ж.) денсаулық анықтамасына қатысты бір-бірімен келісетін бір мәселе – ол қазіргі кезде жалпы қабылданған ортақ ғылыми негізделген «индивид денсаулығы» түсінігінің жоқтығы /1, б.364/
Ең алғашқы денсаулық анықтамасы – Алкмеон анықтамасы қазіргі кезге дейін өз жақтаушыларына ие: «Денсаулық қарама-қарсы бағытталған күш үйлесімділігі».
Цицерон – денсаулықты әртүрлі рухани жағдайлардың дұрыс қатынасы ретінде сипаттайды.
Стоиктар мен эпикурлықтар денсаулықты барлығынан жоғары қойып, оны интузиазммен, барлық шексіздік пен қауіптілікке қарсы қойды. Эпикурлықтардың пікірінше, денсаулық – бұл барлық қажеттіліктердің толық қанағаттануына байланысты ләззат алу. К.Ясперстің ойынша, психиатрлар денсаулықты «адамның тума потенциалдарын» жүзеге асыру қабілеті ретінде қарастырды.
Басқа да көзқарстар бар: денсаулық – адамның «Менін» жүзеге асыру, адамдардың қоғамына толыққанды және үйлесімді араласуы. К.Роджерс, денсаулығы сау адамды қозғалымпаз, ашық, қорғаныс реакцияларын қолданбайтын, сыртқы әсерден тәуелсіз, өзінен тірек іздеуші адам ретінде қабылдайды. Оптималды актуализанцияланған мұндай адам өмірдің әр сәтімен қанағаттанады. Мұндай адам қозағалымпаз және өзгермелі жағдайларға жақсы бейімделуші, басқаларға шыдамды, эмоционалды және рефлексивті /2, б.155/.
Ф. Перлз адамды біртұтас психикалық денсаулығын өзінің қажеттіліктерін саналау қабілеттілігі мен көрінетін тұлғаның жетілуімен байланыстырады және конструктивті мінез-құлық, сау бейімделушілік және өзі үшін жауапкершілікті қабылдау шеберлігі ретінде қарастырады. Жетілген және сау тұлға аутентті, спонтанды және іштей еркін /3, б.360/.
З. Фрейдтің пікірінше, психологиялық сау адам – бұл қанағаттанушылық принципін шындық принципімен үйлестіре алушы адам.
К.Г. Юнг бойынша, өзіңнің санасыздығыңның мазмұнын ассимиляциялаған және қандай да бір архитептің шырмауынан еркін адам ғана сау бола алады.
В.Райха көзқарасынша, неврологиялық және психосоматикалық бұзылулар биологиялық қуаттың тұрып қалуынан туындайды, яғни саулық жағдайы қуаттың еркін өтуімен сипатталады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ережесінде, денсаулық тек қана ауырудың және физикалық кемшіліктердің болмауы ғана емес, сонымен бірге толық әлеуметтік және рухани үйлесімділікті көрсетеді.
БМЭ –нің екінші басылымының сәйкес томында денсаулық адам ағзасының күйі ретінде анықталады, мұнда қандай да бір ауыру туғызған өзгерістер жоқ және ағза мүшелерінің функциялары сыртқы орта жүйесімен тұтастылықта болады. Берілген анықтаманың негізіне денсаулықты үш белгі бойынша бағалайтын категориялар кіреді.
Олар:

  • әлеуметтік;

  • соматикалық;

тұлғалық /4, б.40/.
Әлеуметтік адамның әлемге әркетті қатынасы, әлеуметтік белседілік, еңбекке қабілеттілік мөлшері.
Соматикалық – қоршаған ортаға жоғары деңгейде бейімделу физиологиялық процесстердің үйлесімділігі, ағзаның өзін-өзі реттелуінің жетілуі.
Тұлғалық белгі - өмірлік жағдайларды басқара алу деңгейі, адам өмірінің стратегиясын білдіреді.
И.А. Аршавский ағза өзінің даму барасында қоршаған ортамен тепе-теңдікте болмайды, керісіше, тұрақсыз жүйе бола отырып ағза өзінің даму барысында қоршаған ортамен өзара әрекет формаларын өзгертеді /5, б.49/.
Г.Л. Апанасенко адамды психика, дене және рухани элементтерінен тұратын жүйешелердің пирамидалы құрылымымен сипатталатын, биоэнерго ақпаратты жүйе ретінде қарастырады. Бұл жерде денсаулық түсінігі берілген жүйенің үйлесімділігін білдіреді /5, б.60/.
Кез келген деңгейдегі бұзылулар ағзаның тұрақтылығына әсер етеді. Г.А. Кураев, С.К. Сергеев және Ю.В. Шленовтар көптеген денсаулыққа байланысты анықтамаларында адамның ағзасы өзінің мүмкіндіктерін кеңейтуге, сақтауға, төзімді болу және бейімділігін көрсетіп, қарсы тұра алу керек деген көзқараста болды.. Авторлар денсаулықты осылай түсіну адамды агрессивті табиғи және әлеуметтік ортада тұратын күрескер тіршілік иесі ретінде қарастыруға әкелетіндігін көрсетті.
Зерттеушілер адам ағзасының незігі функциясының жұмыс істеуіне байланысты денсаулықты анықтауды ұсынады. Ағзаның өзара әрекеттесуші жүйелерінің қабілеті ретінді өмірдің әлеуметтік және мәдени аймақтарына бағытталған фенотиптік мінез-құлық пен адам ақыл-ой іс-әрекетін, генеративті функцияларды, инстинктивті процестерді шартсыз рефлекторлы генетикалық бағдарламаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Денсаулықты философиялық тұрғыдан түсіндірсек, онда ол құбылыстардың негізінен шығатын, қажеттілікті бейнелейді, ал ауру – бұл ортақ сипаты жоқ кездейсоқтық, сондықтан да қазіргі заманғы медицина заңды және қажетті болып табылатын денсаулықпен емес, кездейсоқ құбылыстар – аурулармен айналысады /6, б.40/.
И.А. Гундаров пен В.А. Палесский «денсаулыққа анықтама бергенде денсаулық пен ауру өзара дихатомия принципі бойынша қарастырылмайды деген пікірді ұсынды:не адамның дені сау, не адам ауру.
Денсаулық 0- ден 1-ге дейінгі өмірлік континиуум түрінде беріледі. Тіпті қатты ауру адамда өте аз болса да денсаулықтың бір мөлшері болады. Денсаулықтың толығымен болмауы өліммен тең» /6, б.206/.
Көптеген жұмыстарда абсолютты денсаулық абстракция болып табылады делінген. Адамның денсаулығы медико-биологиялық ғана емес, сонымен қатар алдыменен қоғамдық өндірістің тәсіліне тәуелді әлеуметтік факторлар мен шарттардың, қатынастардың сипаты мен шығу тегін анықтайтын әлеуметтік категория болып табылады.
Н.В. Яковлева қолданбалы зерттеулерде көрініс берген, денсаулықты анықтайтын бірнеше келістерді бөліп көрсетеді. Солардың бірі қарама-қайшылық келісі, онда денсаулық аурудан арылу ретінде қарастыралады. Осы келістердің негізінде медициналық психологиямен тұлға психологиясында зерттеулер жүргізілген. Шындығында да денсаулық феноменін осылайша қарастыру, соңғы бола алмайды. Әртүрлі авторлар денсаулықты осылай түсіндіруде келесі кемшіліктерді келтіреді:
1. денсаулықты ауру емес ретінде қарастырудың өзінде логикалық қателік жатыр, себебі, түсінікке терістеу арқылы анықтама беру болып есептелмейді;
2. берілген кеміс субъективті себебі, мұнда денсаулық барлық белгілі ауруларды терістеу ретінде қарастырылады, бірақ белгісіз аурулар анықталмай қалады;
3. мұндай анықтаманың сипаттамалы және механистикалық сипаты бар, мұның өзі индивидуалды денсаулық феноменінің негізін оның ерекшеліктерінің динамикасын ашуға мүмкіндік бермейді /6, б.298/.
Ю.П. Лисицын былай дейді: «Денсаулық бұзылыстар мен аурулардың болмауынан да маңыздырақ, бұл – толыққанды еңбек ету, демалу, бір сөзбен адамға тән функцияларды іске асыру, еркін көңілді өмір сүру» деген қорытынды жасайды /6, б.346/.
М.В. Яковлева екінші келісті комплексті – аналитикалық ретінде сипаттайды. Берілген жағдайда кореляциялық байланыстарды санау жолымен денсаулықты зерттеу кезінде денсаулыққа әсер ететін жеке факторлар анықталады. Содан кейін нақты адамның өмірлік ортасында берілген фондардың кездесу тиімділігі талданады және осының негізінде оның денсаулығы туралы қорытынды жасалады. Автор осы келістің келесі кемшіліктерін көрсетеді:
- адам денсаулығы туралы қорытынды жасау үшін нақты формалардың жетіспеушілігі, факторлар қосындысының жиынтығы ретіндегі денсаулықтың бірегейлі абстрактілі эталлонының болмауы;
- адам денсаулығын сипаттайтын, жеке белгінің бірдей сандық көрсеткіштерінің болмауы.
Денсаулық мәселелерін зерттейтін алдыңғы келістерге альтернативалар ретінде жүйелі келіс қарастырылады. Оның принциптері төмендегідей:

  • ауру емес ретінде денсаулықты анықтаудан бас тарту;

  • денсаулықтың жүйелі критерилерін анықтау (адам денсаулығының гештальт-критерилерінің жүйесі).

Әртүрлі әсерлер негізіндегі жүйенің қаншалықты икемділігін көрсететін жақын арадағы даму аймағын анықтау, жүйенің динамикасын міндетті зерттеу, ол дегеніміз – коррекция және коррекция мүмкіндігін көрсету.
А.Я. Иванюшкин денсаулықтың құндылықтарын сипаттау үшін үш деңгейді ұсынады:
1) биологиялық – физиологиялық процестердің үйлесімділігі, ағзаның өзіндік реттелуінің жетілуін білдіреді.
2) әлеуметтік – денсаулық адамның әлемге әрекетті қатынасын, әлеуметтік белсенділіктің өлшемі болып табылады;
3) тұлғалық, психологиялық – денсаулық ауырудың жоқ болуы емес, оны терістеу, яғни оны жеңу. Бұл жағдайда денсаулық ағзаның күйі ретінде ғана болмай, «адам өмірінің стратегиясы» ретінде де қарастырылады /7, б.29/.
І. Illich денсаулық дегеніміз бейімделу процесін анықтайды.... өлім мен күйзелістерге, бұзылыстар кезіндегі емдеуге, қартаюға қоршаған ортаның өзгерістеріне бейімделуге мүмкіндік жасайды (Брехман И.И.) /8, б.125/.
Р.М. Баевский мен А.П. Берсенева денсаулықты қоршаған ортамен өзара әрекеттесудің нәтижесі және орта талаптарына бейімделу қабілеті ретінде қарастырады /9, б33/.
Отандық әдебиеттерде денсаулықты, ауруларды және олардың арасындағы күйлерді бейімделу деңгейімен байланыстыру дәстүрге айналған.
Л.Х. Гаркави және Э.Б. Квакина денсаулықты донозологиялық күйлермен олардың арасындағы жағдайларды адаптациялық реакциялардың спецификалық емес теориясы тұрғысынан қарастырады. Берліген жағдайда денсаулық жоғарғы белсенділікпен стресске қатысты қалыпты реакцияның үйлесімділігімен сипатталады.
И.И. Брехман бойынша, денсаулық дегеніміз – адамның басқаларға, табиғатқа, өзіне мейірімді қатынасы, оның әлеуметтік және физикалық үйлесімділігі. Адамның денсаулығы бұл – сенсорлы, вербалды және құрылымдық ақпараттардағы сапалық және сандық параметрлердегі күрт өзгерістер кезінде жасына сәйкес тұрақтылықты сақтауы /8, б.125/.
Денсаулық - адамның бейімделу мүмкіндіктері (денсаулық потенциалы) арасындағы тепе-теңдіктің күйі ретінде түсінуді академик В.П. Петленко 1997 жылы ұсынды /10, б.49/.
Н.Д. Лакосина мен Г.К. Ушаков денсаулықты адамның мүшелері мен жүйелерінің құрылымдық және функционалды сақталуы ретінде әлеуметтік және физикалық ортаға жоғары индивидуалды бейімделгіштігі ретінде қарастырды.
В.П. Казначеев индивид денсаулығын өмірдің максималды ұзақтығы кезіндегі әлеуметтік белсенділік пен оптималды еңбекке қабілеттілік, биологиялық, физиологиялық және психологиялық функциялардың дамуымен сақталынуының динамикалық жағдайы ретінде анықталуы мүмкін екендігін көрсетті. Оның ойынша, бұл анықтамада индивидтің өмірлік мақсаттары мен негізгі әлеуметтік биологиялық функциялардың толыққанды жүзеге асуы ескеріледі /11, б.178/.
Сонымен, денсаулықтың келесі түрлерін көрсетеміз:

  • физикалық немесе (соматикалық) денсаулық;

  • психикалық денсаулық;

  • рухани адамгершілік саулық;

  • әлеуметтік денсаулық
    Физикалық денсаулық бұл ағзаның максималды адаптация және жетік өзіндік реттелуінің негізінде ағзада әртүрлі сыртқы орта факторларының әсерінен болып жатқан физиологиялық процестерде үйлесімділік байқалады. Ол биологиялық заңдылықтарға бағынады және өмірдің әлеуметтік жағдайларына байланысты болады.

Енді психологиялық денсаулықты қарастырайық. «Психологиялық саулық» терминін ғылыми лекционға И.В. Дубровина енгізе отырып, оның анықтамасын категориялық жіктеу арқылы берді: «психологиялық саулық тұлғаны толық қамтиды, адам жан дүниесінің жоғары сатыларымен тығыз байланысты, психикалық саулықтың психологиялық аспектісі» /14, б.7-19/ десе, О.В. Хухлаева «психологиялық саулық – психикалық саулықтың психологиялық аспектілері: адамның жасерекшелік, әлеуметтік, мәдени рольдерін адекватты орындау шарты; адамның өмір бойы үздіксіз даму мүмкіндігіне байланысты», - деп жазады /14, б.7-8/.
Психологиялық денсаулық – тұлғаға қатысты, тұлғалық дамудың жоғарғы деңгейі, өзін және басқаларды түсіну, өзін-өзі басқара алу, өзіне және басқаларға дұрыс қатынаста болу, өз тағдыры мен дамуына жауапкершілігін саналы түсінуді білдіреді /14, б.7-9/.
Психологиялық денсаулық, біржағынан адамның өзінің жасерекшелік, әлеуметтік және мәдени рөльдерін адекватты орындаудың шарты болып табылса, ал екінші жағынан оның өмір бойы үздіксіз даму мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Даму жайлы айтқанда бұл түсінік мазмұнының «өзгеріс» мазмұнынан өзгеше екендігін айқындап айту керек. Даму өзгеріске қарағанда тұрып қалудың және қозғалыстың болуын ғана емес, сонымен бірге адамның позитивті жаңаға қарай мақстақа талпынысында көрсетеді.
Егер психологиялық денсаулық толыққанды функция жасаудың негізгі шарты болса, ол психикалық денсаулық пен қаншалықты өзара байланыста «психологиялық денсаулық» терминінің қолдануының өзі адамның тән және психи касының бөлінбейтіндігін, яғни бір-бірінсіз толыққанды қызмет ете алмайтындығын көрсетеді. Сонымен қатар соңғы кезде психологиялық денсаулықтың жаңа ғылыми бағыты, - «денсаулықтың психологиялық себептері, әдістері және оны сақтау, нығайту және дамыту құралдары жайлы бағыты» - бөлінді. (В.А. Ананьев).
Бұл бағыт шеңберінде денсаулықты сақтауға және ауырудың пайда болуына психикалық факторлардың әсері толық зерттеледі. Денсаулықтың өзі өзіндік мақсат ретінде емес, адамның жер бетінде өзіндік дамуының, оның индивидуалды миссиясын өтеуінің шарты ретінде көрсетіледі. Сондықтан психологиялық денсаулықты негізге ала отырып, психологиялық денсаулық физикалық денсаулықтың шарты болып табылатынын айтуға болады. Егер генетикалық немесе апаттық факторларды, стихияларды және т.б. әсерлерін есепке алмасақ онда психикалық сау адам, физикалық сау да болады.Психика және соматиканың өзара байданысы ерте кез медицинасында белгілі болған: «көзді бассыз емдеу, басты денесіз, денені жансыз емдеу дұрыс емес»- Сократ.
Қазіргі кезде бірталай өңделген бағыттар бар – психосоматикалық медицина, яғни психиканың дене функцияларына әсері механизімдерін қарастырады, психосоматикалық бұзылуларды жүйелейді олардың профилактикасы мен емдеу әдістерін анықтайды. Соңғы кездерде психосоматикалық аурулар спектірінің кеңею тенденциясын байқауға болады, яғни ғылымның дамуына байланысты психикалық шартталған аурулар саны көбеюде. Егер психологиялық сау адам портретін құрастыратын болсақ, онда психологиялық сау адам – ол ең алдымен спонтанды және шығармашыл, өмірге құштар және көңілді, ашық және өзін-өзі қоршаған ортаны тек қана ақылмен емес сезім және интуиция арқылы танушы. Ол толығымен өзін қабылдаушы және құныдылқтарды қоршаған адамдардың ерекшелігін бағалаушы. Мұндай адам өз өмірі үшін жауапкершілікті өз басына алады және жағымсыз жағдайларды сабақ етеді. Оның өмірі мәнділікке толы. Ол үнемі даму үстінде және басқа адамдардың дамуына да ықпал жасайды. Оның өмірі жеңіл болмауы да мүмкін, кейде тіпті ауырда, бірақ ол тез өзгергіш өмір жағдайына тамаша бейімделе алушы. Ең маңыздысы - ертеңіне сеніп белгісіздік жағдайында бола алады. Писхологиялық саулықты сипаттаудың кілтті сөзі «үйлесімділік» немесе тепе-теңдік. Ең алдымен бұл адамның өзін құрайтын арасындағы үйлесімділік: эмоционалдылық және интеллектуалдылық, тән және психика т.б. сонымен бірге адам мен оны қоршаған адамдар, табиғат космос арасындағы үйлесімділік. Бұл жерде үйлесімділік статикалық жағдай емес, процесс ретінде қарастырылады. Соған байлансты психологиялық саулық, - өзінің өмірлік міндеттерін атқарудың алғы шарты болатын индивид қажеттілігі және қоғам арасындағы үйлесімділігін қамтамасыз ететін адамның психикалық қасиеттерінің динамикалық жиынтығын көрсетеді /14, б.7-8/.
Егер, психологиялық саулықты сипаттаудың «кілтті» сөзі «үйлесімділік» сөзі деп келіссек, онда адамның психологиялық саулығының негізгі сипаттамасы ретінде өзіндік реттеуді атауға болады, яғни жағымды, сонымен бірге жағымсыз жағдайларға, әсерлерге адекватты бейімделе алушылық. Мұнда әсіресе, көңілді, жағымды жағдайларға бейімделудегі күреліліктерге аударған жөн. Сонымен психологиялық саулықтың негізгі функциясы – бұл тұлға ресурстарын мобилизациялауды талап ететін жағдайларда адам және қоршаған орта арасында белсенді динамикалық тепе-теңдікті ұстау.
Балалардың психологиялық денсаулығы өзіндік спецификаға ие. И.В. Дубровинаның көзқарасы бойынша психологиялық саулықтың негізі – онтогенездің барлық кезеңдеріндегі толыққанды психикалық дамуы болып табылады. Сондықтан бала мен ересектің психологиялық саулығы тұлғалық жаңа құрылымдардың жиынтығымен ерекшелінеді. Олар балада әлі дамымаған, бірақ ересек адамдарда болуы шартты. Сонымен, психологиялық саулық – бұл өмір бойы дамып отырады, бірақ оның алғы шарттары пренатальды кезеңде қалыптасады. Оның өмір жасында ол ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен үнемі өзгеріп отырады.
Психологиялық саулықтың мазмұнын толықтыруды талап ететін дискуссионды позицияның бірі – бұл оның руханилықпен өзара байналысын қарастыру. В.И. Дубровнинаның пікірінше, психологиялық саулықты тұлғалық дамудың жан-жақтылығы көзқарасымен қарастыру керек, яғни психологиялық саулыққа руханилықтың басы абсолютты құндылықтарға бағдарлануды қосу:

  • Шындық, Сұлулық, Мейрімділік.
    Сонымен, егер адамда этикалық жүйе жоқ болатын болса онда оның психологиялық саулығы жайлы айту мүмкін емес.

Енді психологиялық саулық құрылымын қарастыралық. Әдебиеттерді және жүргізілген зерттеу жұмыстарын талдау, психологиялық саулықты аксиологиялық, құралды және қажеттілікті – мотивациялық құрылым ретінде сипаттауға болатынын көрсетеді /14, б.25/.
Аксиологиялық құрылым адамның өзіндік «мен» құныдылықтарымен басқа адамдардың «мен» құндылықтарының мазмұныны көрсетеді. Оған өзін толық білу арқылы, басқа адамдарды жыныстық, жас ерекшелік, мәдени ерекшеліктерін және т.б. қарамастан абсолютты қабылдай алу сәйкес еді.
Құралды құрылым адамда өзін танудың өз санасын өзіне, өзінің ішкі і\әлеміне және басқалармен өзара қатынаста шоғырландырудың құралы ретінде рефлексия қасиетінің болуы. Оған адамның эмоционалды жағдайын және басқа адамдардың жағдайын, басқаларға қиянат жасамай еркін және ашық сезімін көрсету, өзінің қоршағандардың мінез-құлқының көріну себептерімен нәтижесінің саналы түсіндіруді сәйкестендіруге болады.
Қажеттілікті мотивациялық құрылым – адамда өзіндік даму қажеттілігінің болуын анықтайды. Бұл адамның өзінің өмірлік іс-әрекетінің субъектісі болатынын, оның дамуының қозғалыс күші ретінде белсенділіктің ішкі көзі бар екендігін көрсетеді. Өзінің дамуына жауапкершілікті толығымен қабылдайды және «өз биографиясының авторы» болады. (В.И. Слабодчиков).
Қарастырылған құрылымдарды қортындылай келе психологиялық саулық өзіне және басқа адамждарға деген оң қатынас тұлғалық рефлексия және өзіндік дамуға деген қажеттілік, - аталған құрылым компоненттерінің өзара байланысы немес динамикалық өзара әрекеттестігі. Адамда позитивті даму үшін, оң өзіндік қатынас болуы қажет. Ал өз кезегінде адамның өзіндік дамуы өзіндік қатынастың өзгеруіне әкеледі. Ал тұлғалық рефлексия өзіндік дамудың механизмі болып табылады. Соған байланысты өзіндік қатынас, рефлексия және өзіндік даму бір-бірін өзара шарттайды, үнемі өзара әрекеттестікте болады.
Психологиялық саулық нормалары мен критерилеріне тоқталайық.
Психологиялық саулық нормасы – бұл қоғамға бейімделу ғана емес, сонымен бірге өзі дами отырып, қоғамның да дамуына әсер ететін белгілі тұлғалық сипаттамалардың болуы. Норма – бұл жетістікке жетуге арналған педагогикалық шарттарды ұйымдастырудың бағдары болатын бейне. Психологиялық саулық нормасы психологиялық критерилер мәселесімен байланысты. Қазіргі кезде психологиялық саулықтың анықтамасына көп жағдайда деңгейлі тәсіл ұсынылады, бірақ деңгейлерді анықтауда әртүрлі негіздер қолданылады. М.Р. Роговин сыртқы және ішкі реттелу функциялараның сақталуына негізделеді. Б.С. Братус тұлғалық – мәнділік немесе тұлғалық саулық, индивидуалды психологиялық денсаулықтың жоғары деңгейі ретінде – мәнді талпыныстардың адекватты тәсілін құру қабілеттілігі және психикалық іс-әрекеттің нейрофизиологиялық ұйымдастырылуының ерекшелігі ретінде психофизиологиялық саулық деңгейін көрсетеді.
Психологиялық денсаулықтың жоғарғы деңгейі – креативтілікке – ортға тұрақты бейімделушілігі, стрестік жағдайларды меңгеруге резервті күші бар және шындыққа белсенді шығармашылық қатынастағы жасаушылық позициясы адамдарды жатқызуға болады.
Орташа деңгей – бейімделушілікке – социумға толқы бейімделген, бірақ біршама жоғары мазасыздығы бар адамдарды жатқызамыз.
Төменгі деңгей – бұл дезадаптивті, немесе ассимилятивті – аккомодативті. Мұнда ассимиляция және аккомодация процестерінің бұзылған тепе-теңдігі және ішкі қақатығысты шешуде ассимиляцитивті немесе аккомодативті құралдарды қолданатын адамдарды жатқызамыз. Ассимилятивті мінез-құлық стилі ең алдымен адамның сыртқы жағдайға өз тілектеріне және мүмкіндіктеріне зиян келтірумен сипатталады. Қоршағандардың тілектеріне толығымен сәйкестенуге тырысады.
Аккомативті – мінез – құлық стилі керісінше, қоршағандарды өз қажеттіліктеріне бағындырғысы келеді.
Психологиялық саулықтың бұзылуына әсер ететін факторларды талдайық. Оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады:

  • объективті немесе орта факторлары;

  • субъективті индивидуалды тұлғалық ерекшеліктерімен шартталған /3, б. 15/.
    Экономикалық кері жағдайлар және отбасындағы қолайсыз әсерлер соматикалық әсерлермен қатар балаларда психологиялық денсаулық ауытқуларына әкеліп соғады. Оқушылардағы психологиялық денсаулықтың бұзылуларының ішінде кең тарағандары – эмоционалды тұрақтылықтың бұзылуы, іс-әркеттегі ауытқушылық және гиперактивтілік.

Сыртқы орта факторларының отбасындағы жағымсыз жағдайлар және балалар тәрбиеленетін мекемелермен, кәсіби іс-әркетпен, мемлекеттегі әлеуметтік экономикалық жағдайлармен байланысты факторлар жатады. Сыртқы орта факторларының маңызы балалық және жасөспірімдік кезеңдерде жоғары болады. Әрбір жас кезеңінде психикалық дамудың «жаңа құрылымыныдағы» неғұрлым мәнді психологиялық сипаттамаларды бөліп көрсетуге болады. Бұлар әрбір баланың даму жолындағы бағалай сипатаның критериі ретінде көрінеді және оның психологиялық денсаулығының көрсеткіші қызметін жасайды /16, б.22/.
Нәрсетелік кезеңде (туғаннан 1 жасқа дейін) қалыпты даму факторы болып баланың анасымен жеткілікті жақын қарым-қатынасы орын алады. Сондықтан анасымен қарым-қатынастың жетіспеушілігі бала дамуында әртүрлі ауытқуларға әкеледі. Алайда, бүгінгі отбасыларында жиі кездесетін жағдай – жоғарыда айтылғанға қайшы, қарым-қатынастың шектен тыс көп болу потологиясы да психологиялық саулықтың бұзылуына әкелетін фактор болып табылады. Отбасылық қарым-қатынастың осы типі ата-аналарымен де, маман психологтерімен де ауытқуға әкелетін фактор ретінде қарастырылмайды. Ашып айтсақ, қарым-қатынастың шектен тыс көп болуы – гиперқамқорлық – баланың жүйке жүйесінің шектен тыс қозуына, стимуляциясына әкеледі. Мұндай жағдайда бала ата-ананың «эмоционалды балдағына» айналады, олармен симбиотикалық тығыз байланыста болады, балаға еркінділік берілмейді, оның әр іс-әрекеті гиперқамқорлыққа – шектен тыс күтімге алынады.
Қарым-қатынас потологиясының келесі түрі – шектен тыс стимуляцияның қарым-қатынастың жеткіліксіздігімен араласып келуі, яғни баланың өмірлік ритімдерінің құрылымдылық ұйымдастырылмауы ретсіздігі. Қарым-қатынас потологиясының үшінші түрі – формалды қарым-қатынас, яғни баланың қалыпты дамуына қажетті эмоционалды сезімдік негізінен айырылған қарым-қатынас.
Баланың анасымен қалыпты қатынасының бұзылуы жағымсыз тұлғалық құрылымдардың қалыптасуына әкеледі, яғни қоршаған дүниеге сеніммен тәуелсіздіктің орнына мазасыз тәуелділік пен сенімінің жойылуы орын алады (М.Эйнсворт, Э.Эриксон).
Ерте балалық шақ кезінде (1 – ден 3 жасқа дейін) баланың өзіндік «Мені» қалыптасып, өзіндік сана сезімі дамиды. Осы кезеңнің соңында балада автономия, еркінділік қалыптасады. Сондықтан анасы балаға еркінділік беруі керек. Еркінділікті беру жылдамдылығын және еркінділік көлемі шешуші рөль атқарады.
Мектепке дейінгі кезеңде (3-тен 7 жасқа дейін) психологиялық саулықтың бұзылысына әкелетін фактор – отбасындағы «бала отбасы табынатын адам» типіндегі қарым-қатынас стилі. Бұл тип кезіндегі баланың қажеттіліктерін қанағаттандыру отбасының басқа мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандырудан басым қойылады. 3-7 жасар баланың психологиялық саулығына қауіп төндіретін факторларға, сонымен қатар бір ата-ананың болмауы, ата-ананың бала болашағын өзінше бағдарлауы жатады. Соңғы аталған қарым-қатынас типі Э.Берн терминологиясы бойынша «көнгіш баланың» қалыптасуына әкеледі /14, б.24/. Ол Э.Г. Эйдемиллер атаған доминантты гиперпротенция тәрбие типімен, яғни отбасының балаға шектен тыс бақылау жасап, еркінділігін шектеумен байланысты. «Көнгіш балада» мектепке дейінгі кезеңдегі маңызды жаңа құрылым – ынталылық қалыптаспайды. (Э.Эрискон).
Ондай балада әдетте мектепке дезадаптация ашық байқалады, алайда зеттеулер жоғары мазасыздықты, өз-өзіне сенімсіздікті, қорқыныштарды көрсетеді.
Бастауыш сынып кезеңінде ( 6-7 –ден 10 жасқа дейін) баланың ата-анасымен қарым-қатынасы мектеппен байланыстырыла бастайды. А.И.Луньковтың айтуынша, егер ата- ана баладағы өзгерістерді түсінетін болса, отбасындағы баланың статусы жоғарылап, ол жаңа қатынастар жүйесіне енеді /16, б.30/.
Баланың өзіндік бағасы мен өзіндік сана – сезімі дамудың қатаң критерилерін алады: оқудағы үлгерім және тәртіп. Бастауыш сынып оқушысы өзін тек осы екі бағытта танып, олардың негізінде өзіндік бағасын қалыптастырады.
Жеткіншектік кезең (10-11- ден 15-16 жасқа дейін) дербес болудың маңызды кезеңі. Дербестікке жетудің табыстылығы көп жағдайда отбасы факторларымен, дәлірек отбасынан бөлектену процес імен жүзеге асады.Жеткіншектің отбасынан бөлінуі жеткіншек және оның отбасы арасындағы өзара қароым- қатынастың, яғни қолпаштауға емес, партнерлікке негізделген жаңа типінің қалыптасуымен байланысты. Бұл кезеңде мектепті , ересектенудің маңызды психоәлеуметтік қақтығыс, сонымен бірге еркіндік пен дербестік мақсатына жету орны ретінде қарастыруға болады. Нәрестелік кезеңнен жеткіншектік кезеңге дейін психологиялық денсаулыққа сыртқы орта факторларының әсері азаяды. Сондықтан, ересектерге бұл факторлардың әсер етуін сипаттау күрделірек.Психологиялық сау ересек кез келген факторға өзінің денсаулығына зиян келтірмей адекватты бейімделе алуы керек.
Осы позициямен келісе отырып, ішкі субъективті факторлардың психологиялық саулыққа әсерін қарастырайық.
Психологиялық саулық стресс жағдайларына төзімділікті білдіреді /13, б.7/, сондықтан стреске төтеп бере алуды – толеранттылықты азайтатын психологиялық қасиеттерді анықтайық. Осы орайда индивидуалды типологиялық қасиеттердің ішінде темперамент елеулі ролді атқарады. Ең алдымен А. Томастың классикалық эксперименттерінен бастайық, ол темпераменттің «қиын» деп атаған қасиеттерін бөліп көрсетті: ырғақсыздық, бейімделудің төмендігі, қашқақтау тенденциясы, нашар көңіл- күйдің басымдылығы, жаңа жағдайлардан қорқу, шектен тыс қыңырлық, шектен тыс көңіл бөлушілік, жоғары немесе төмен белсенділік.Мұндай темперамент күрделілігі мінез- құлық бұзылуының жоғары тәуекелдігінде. Бірақ аталғанбұзылулар қасиеттерден туындамайды, қоршаған ортамен ерекше өзара әрекеттестік тудырады.Темпераменттің индивидуалды қасиеттерін психологиялық денсаулықтың бұзылуы жағынан Я.Стреляу қарастырды. Я.Стреляудың пікірінше, темперамент – бұл мінез- құлықтың энергетикалық деңгейінде және реакциялардың уақытша параметрлерінде көрінетін, мінез- құлықтың тұрақты сипаттамаларының жиынтығы.
Темперамент сыртқы ортаның тәрбиелік әсерін модификациялайды. Я.Стреляу және оның қызметкерлері тұлғаның бірнеше қасиеттері мен темпераменттің байланысын зерттеу жұмыстарын жүргізген. Мінез- құлықтың қуаттық деңгейіндегі сипаттамаларының бірі – реактивтілікке қатысты байқалған. Мұнда реактивтілік ретінде стимулға қатысты жауап беру күші түсіндіріледі. Жоғары реактивті балалар –бұл аз ғана стимулға күшті жауап қайтаратындар, әлсіз реактивтілер - әлсіз реакциялық қарқындылар. Жоғары реактивті және әлсіз реактивті балаларды педагогтардың ескертулеріне деген реакциялары арқылы ажыратуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет