Бағдарламалап оқыту технологиясы(Б.Скинер, Н.Краудер, В.П.Беспалько)
Мақсаты: ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру, баланың жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту.
Тұжырымының ерекшелігі: оқыту құралдарының (ЭВМ бағдарламаланған оқулық, кино-тренажер т.б.) көмегімен бағдарламаланған оқу материалдарын кадр, файл сияқты оқыту кішкентай бөлігі арқылы логикалық бірізділік пен беріледі.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі: • сызықтық бағдарлама;
• тармақталған бағдарлама;
• құрастырылған бағдарлама. Әдісі: блоктық және модульдық оқыту. Блоктық (ақпараттық блок, тестілік-ақпараттық, түзету-ақпараттық, проблемалық). Модульдық (блоктық оқытуды дамыту ретінде), оқушылар модульдерден құрастырылған оқу бағдарламасымен жұмыс істейді. Модульдық оқыту технологиясы уақытты реттеумен оқу материалдық мазмұнында ыңғайлатуға мүмкіндік береді.
Оқытудың компьютерлік технологиясы
Мақсаты: ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру және қатынас қабілетін дамыту, жеке басты “ақпараттық қоғамға” даярлау.
Тұжырымының ерекшелігі: оқыту — бұл оқушының компьютермен қатынасы
баланың жеке қасиеттеріне қарай компьютерге бейімдеу.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:
информатика мен есептеу техникасының негізгі ұғымдарын білу;
Мақсаты: математикалық білімнің оқушының интеллектісін дамыту мен өзін-өзі дамытуының басты шарты ретіндегі тұтастығына қол жеткізу, пәндердің бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз ететін тақырыптардың неғұрлым жетілген жүйесін жасау.
Тұжырымының ерекшелігі: Дидактикалық бірліктерді ірілендіру оқытудың төмендегі нақты жолдарын:
өзара байланысты амал, операция т.б. біріктіре және бір мезгілде қарастыру; 2. есеп құрастыру және шығару үрдісінің бірлігін қамтамасыз ету; 3. деформацияланған жаттығулар әдісін; 4. тура есепті кері есепке және керісінше айналдыру; 5. математикалық білімінің күрделілігіне орай, жүйелі де тиянақты білім беру; 6. берілетін тапсырмаларының баланың ойлау операцияларын меңгеруін, логикасын дамытуға әсерлі болуын ұсынады.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі: · бір мезгілде тура және кері амалдар мен операцияларды меңгеру;
· өзара қарама-қарсы ұғымдарды салыстыру;
· тұтас және қарама-қайшы ұғымдарды сәйкестендіру, салыстыру.
· жаттығуларды орындау, есептер шығаруда амалдардың орындалу тәртібін (жұмыс кезеңдерін) реттеу.