І- тарау. Әлемдік білім жүйесіндегі технологиялық үрдіс


Биоинформатика және синергетика технологиясы



бет19/26
Дата22.11.2023
өлшемі445,5 Kb.
#192815
түріДиплом
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
Байланысты:
Дип.-Жалпы-білім-беретін-мектептер-тәжірибесінде-оқытудың-жаңа-технологияларын-пайдалану-жолдары

Биоинформатика және синергетика технологиясы
Бұл технология Өзбекстан технологтары ассоциациясының мүшесі, “МедЭкс” фирмасының директоры Ф.Я.Вассерманның “Биоинформатика және синергетика” атты еңбегінен бастау алады. Биоинформатика – биологиялық жүйелер арасындағы информация алмасу процесін физиология, психология, педагогиканың заңдылықтарына сүйеніп түсіндіреді.
Ал, синергетика биологиялық обьектілердің өзін-өзі ұйымдастыру әрекеті жайлы ғылым.
Сонымен, Вассерман технологиясының мәні – оқыту процесінде әр жеке оқушының (сынып ұжымының) физиологиялық ерекшеліктерін есепке алу және оқушының психологиялық қабілеттерін оның даму және өзін – өзі ұйымдастыру процестеріне пайдалану болып табылады.
Бұл технология үш түрлі ғылым салаларының мәліметтерін пайдаланады.
1. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты олардың физиологиялық мүмкіндіктерін мұғалім ескеріп отыруы тиіс.
2. Оқушылардың ойлау, мінез-құлық, бір сөзбен айтқанда психологиялық ерекшеліктерінің де олардың сабақ үлгеріміндегі ролі үлкен.
3. Оқушыларды оқыту процесінде педагогика ғылымының тұжырымдарын басшылыққа алады.
Вассерман технологиясының басқа технологиялардан ерекшелігі сол – ол оқушының басқа оқушылармен, мұғаліммен қарым-қатынасына, сыныпта гармониялық атмосфера туғызудың шарттарына көп көңіл бөледі. Бұл технологияны психо-педагогикалық технология деп атауға болады.
Мұғалімнің шеберлігі сол – ол сыныпта әрбір оқушының өзіне деген сенімін дамытып, оның жеке басының дамуына қолайлы жағдай туғызу, сыныпта үйлесімді психологиялық ауа райын жасау, оқушының ой-өрісін өз сабағында дамыту.
Ойлаудың: жылдам ойлау, логикалық ойлау, сыни тұрғысынан ойлау, шығармашылық ойлау сияқты сипаттарын дамыту үшін мұғалім сабақтың бөлімдерінің арасында оқушыларға ойлауды дамытуға арналған жаттығулар ұсынады. Ойлауды дамытуға арналған мұндай жаттығуларды құрастыру қиын шаруа емес. Олар негізінен ауызша математикалық есептеулер немесе басқатырғыш тапсырмалар, логикалық тапсырмалар болып келеді.
Оқушыларды жалықтырып алмас үшін мұғалім ойды алмастыратын психологиялық сергіту түрлерін қолданып отыруы керек.
Вассерман технологиясын табысты орындау үшін мұғалім бірнеше карталар жүргізіп, онда оқу нәтижелерін тіркеп отыруы керек. Осы карталарға тоқталайық.
«Триада-Алгоритм» картасы
1. Мұғалім жаңа материалды түсіндіріп болған соң оқушыларға өз бетінше орындауға жұмыс береді.
2. Осы жұмыс бойынша оқушылар біліміндегі олқылықтарды анықтап алып мұғалім материалды қайтадан түсіндіреді және қайтадан өз бетінше жұмыс алады, бірақ түсіндіруге де, өз бетінше жұмысқа да алдыңғыға қарағанда екі есе аз уақыт бөледі.
3. Екінші жұмысты тексеріп оқушылар біліміндегі олқылықтарды есепке ала отырып, оқушылардан үшінші өз бетінше жұмыс алады. Арнайы картаға оқушылардың тапсырманы орындау уақытын жазып қоямыз. Үш жұмысты да орындай алмаған оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге тура келеді.
«Белгілі- Жаңа» картасы

Оқушылардың жаңа материалды меңгеру дәрежесі туралы экспресс информация алу үшін жаңа материалды баяндап болған соң оқушыларға “белгілі” бағанына бұрыннан белгілі ұғымдарды, ал “жаңа” бағанына жаңа сабақтан алынған жаңа информацияларды, ал “арнайы” бағанына осы сабақта өтілген формулалар мен арнайы терминдерді жазамыз.



Белгілі

Жаңа

Арнайы












Биоинтернет картасы
Жазбаша тексеру (тест немесе бақылау жұмысы) жүргізілгенде әр оқушының жұмысты орындаған уақытын картада белгілеп отыру керек және алғашқы орындаған балалар кейін орындаған балаларға көмектеседі. Мұндай көмектің екі оқушыға да пайдасы бар. Бұл әдіс сыныптағы психологиялық ахуалға оң әсер етеді.
«Тірек сөздер» картасы
Бұл әдіс оқушылардың есте сақтауын дамыту үшін қолданылады. Жаңа материалды өтіп болған соң тақтаға осы тақырыптағы басты тірек сөздер, формулалар, терминдер немесе схемалар жазылып қойылады. Осы негізгі ұғымдарды есте сақтау үшін оқушыларға тірек сөздердің санына қарай 30 секунд, 1 минут, 1,5 минутқа дейін уақыт беріледі.
Берілген уақыт біткен соң тақтадағы сөздер жабылады немесе өшіріледі. Балалар есте сақталуы бойынша тірек сөздерді өздері жазып шығуы тиіс. Кімнің есінде көп сөз қалғанына назар аударамыз. Одан соң балалар оқулықтан тірек сөздерді тауып оқып шығады. Дәптерлеріне табылған тірек сөздердің мағынасын ашып жазып қояды.
Әрмен қарай материал бойынша оқушылар бір-біріне қарсы сұрақтар қояды, пікір алмасады.
Қорытындыда мұғалім тест жұмысын алып, оқушылардың сабақты игеру дәрежесін айқындайды.
Вассерман технологиясының мақсаттарының бірі оқушылардың іскерлігі мен дағдысын дамыту. Дағды – автоматты түрде, дәл, жылдам, сананың аз қатысуымен, әрі сапалы орындалатын әрекет. Іскерлік – адамның білім мен дағдының көмегімен бір істі орындауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет