И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


Мұғалімнің рөлдік репертуары (В. Леви бойынша)



бет67/188
Дата27.02.2023
өлшемі2,06 Mb.
#170321
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   188
Байланысты:
Зимнаяя
Анамнез жинау Әрекет алгоритмі, Бір компонентті нәжісқабылдағыштарды жабыстыру, Жұтқыншақтан жағынды алу, Бөлмелерді жинауға қойылатын санитарлы, Медициналық қалдықтар, стерилизация, рейно
Мұғалімнің рөлдік репертуары (В. Леви бойынша)

Кумир

Ағартушы

Дәрігер

Сүйікті адам

Психотерапевт

Тәрбиелеуші

Білімпаз

Жұбатушы

Дос

Қамқоршы

Зерттеуші

Жолдас

Тәлімгер

Бақылаушы

Бала бағушы

Кеңесші

Уағыздаушы

Ұйымдастырушы

Шешен

МҰҒАЛІМ

Лидер

Әңгімеші

Ақпаратшы

Жетекші

Артист

Тексеруші

Кеңес беруші

Клоун

Нарықшы

Нұсқау беруші

Сарапшы

Қылжақбас

Қараушы

Сыншы

?!

Жаттықтырушы

Төреші

Үйретуші

тың нәтижесіне емес, тек өзіне деген нағыз қызығушылық сияқты сапаларының маңыздылығын атап өту керек. Қарым-қатынас процесін тиімді және балалар үшін қуанышты қылып ұйымдастыру үшін мұғалім оның пәнін білуі керек, яғни бала өмір сүретін мультфильмдер, ертегілер, кітаптар, күйтабақтар, оқиғалар дүниесіне ену және ең бастысы – осы дүниені өзі де қабылдауы керек. Зерттеулердің көрсетуінше, мектепке дейінгі жастағы балалардың осы дүниесін үлкендердің елестетуі қарапайым схемаланған, анық емес және көбінесе жалған екен. «Ал балалық шақ, – деп жазады В.А. Сухомлинский, – балалар әлемі –бұл ерекше әлем. Балалар өздерінің қайырымдылық пен зұлымдық, ар-намыс пен масқаралық, адамзаттық абырой жайлы елестетулерімен өмір сүреді; олардың өздерінің сұлулық өлшемдері бар, тіпті оларда басқаша уақыт өлшемі бар; балалық шақта күн жыл сияқты, ал жыл – мәңгілік» [207, 4 б.].


Мектепке дейінгі және кіші мектеп оқушыларының мұғалімі үшін қарым-қатынастың демократиялық стилін ұстану орынды, яғни өзара эмоционалдық көңіл-күйге ортақтасуы ұйғаратын, «бірлескен шығармашылық іс-әрекетпен әуестену мен достық көңіл соғуға» (В.А. Кан-Калик бойынша) негізінде. Сонымен бірге, баламен қарым-қатынас жасауда мысқылдаудан, баланың «Меніне» келеңсіз әсер етуден, басқалардың алдында оған сын айтудан мүлдем бас тарту керек. Мұғалімде әлеуметтік перцепция сапаларының жоғары деңгейде дамуының қажеттілігін, яғни балаларды дұрыс қабылдау, түсіну, сезіну, олардың күйлерін, мимикаларын, қол қимылдарын, тұрыстарын, сөйлеулерін (әсіресе, дауыс ырғағы) «оқудың» қажеттілігін көптеген зерттеушілер атап көрсетеді.
Мектепке дейінгі және кіші мектеп оқушыларының мұғалімі үшін іс-әрекеттік-кәсіби сапалар, басқа мұғалімдер контингентіне қарағанда аз мөлшерде қажет деп есептелінеді. Бұл жағдай мұғалімдерді жұмысқа бағыттауға жауапты адамдардың әлеуметтік ұстанымдарында да бейнеленген. Мысалы, жоғары оқу орындарындағы дайындық курсын бітіргеннен кейін үлгерімі жақсы студенттер көбінесе жоғары оқу орындарына жұмысқа барады, ал орташалары – мектепке және мектепке дейінгі мекемелерге барады. Біріншісінің тіптен дұрыстығын дауламасақ та, екінішісімен келісуге болмайды. Шынымен де, орташа дайындалған мұғалімге түк білмейтін балалармен жұмыс істеген оңай, бірақ бұл сәби-оқушыларға қатысты мүлдем әділетті емес, себебі олар жаңадан оқуға араласып, кереметті танып, әлемді ашуды күтеді. Дәл осы мектепке дейінгі және кіші мектеп оқушыларымен жұмыс істегенде мұғалім оқу пәнін толықтай білуі керек. Мысалға, тіл мұғалімі жоғары тіл мәдениетін, ойды тілдік формада білдірудің саналуандығын, жаттыққандығын және ауытқушылығын меңгерген болуы керек, оқытудың әдістемелік тәсілдерін мүлтіксіз игеріп, оқытудың ойындық әдістерін ұйымдастыру мен басқару ерекшеліктерін білуі керек (Д.Б. Эльконин бойынша, заттық, рөлдік, сюжеттік-рөлдік, ережелі ойындар), себебі олардың негізінде үйренушілердің жас ерекшеліктерін, олардың өзіндік сана-сезім құрылымдарын, балалардың интеллектуалдық іс-әрекеті мен мінез-құлқын нақты және барабар есепке алу жатыр. В.Вундтың «ойын – еңбек баласы» деген сөзін ұмытпаған жөн, бірақ бұл жайт, әсіресе балалар үшін өте күрделі. Іс-жүзінде дәл осы жас үшін, мұғалімнің академиялық, дидактикалық, ұйымдастырушылық қабілеттеріне негізделген педагогикалық іскерліктердің жүзеге асуы талап етіледі, олар мұғалімнің ақпараттық, ұйымдастыру, бақылау сияқты педагогикалық функцияларынан көрінуі тиіс.
Кіші мектеп және әсіресе мектепке дейінгі мекемелердегі сыртқы мінез-құлықты мұғалім еліктеу үлгісі болуы керек, балаларды өзіне тәрбиелілігімен, білімділігімен, құзырлылығымен, мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетімен тартуы тиіс. Олар мұғалім тұлғасының мысалы, әлі өздеріне таныс емес, әдемі тілде сөйлейтін шет тілі мұғалімінің шырмауында болуы керек. Мектепке дейінгі және кіші мектеп оқушылары мұғалімінің дәл осы сапалары жинала келіп оның психологиялық портретінің құрылымын құрайды. Әрине, бұл идеалды модель, бірақ онымен теңестіруді әр мұғалімнің өзін-өзі жетілдіруінің және өзін-өзі дамытуының ішкі стимулы ретінде қарастыруға болады.
Қорыта келе, педагогикалық іс-әрекет субъекті ретіндегі педагогты жалпы келесі түрде сипаттауға болады: мақсаттың болуы, белсенділік, өзін-өзі реттеу; педагогикалық өзіндік сана-сезім іс-әрекет субъекті үшін ерекшелік дүние бейнесі ретінде болуы (Е.А. Климов терминдерінде [90]); оның педагогикалық іс-әрекетке сәйкестілігін анықтайтын даралық-психологиялық қасиеттер; педагогикалық қабілет-тер құрылымы; педагогикалық бағыттылық, өзін-өзі бағалауды, талап қою деңгейінің барабарлығы; эмпатия; альтруистік бағытталған қатынастар жүйесінің орын алуы.
Осыған сәйкес мұғалімнің психологтық-педагогикалық дайындығы (П.А. Просецкий, В.А. Сластенин, А.К. Маркова, А.Б. Орлов, Н.В. Кузьмина, А.А. Реан, Л.М. Митина) осы сипаттамалардың барлығын есепке ала отырып оқушыларды мұғалім мамандығына бағдарлаудан басталуы керек. Педагог іс-әрекетінің басында оның кәсіби бейімделуі мен бағыттылығы аса маңызды. Болашақ мұғалімнің қалыптасуы оның кәсіби талап қою деңгейін, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру тұрғысында жоғарлатуды қамтиды.


***

Педагогикалық іс-әрекет субъекті ретінде педагог даралық, тұлғалық, өзіндік субъектілік сапалардың қосылысы, жиынтығы болып табылады, олардың мамандық талаптарына барабарлығы оның еңбегінің тиімділігін қамтамасыз етеді.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар





  1. «Адам-Адам» типіндегі мамандықты басқа типтегі мамандықтардан не ажыратады?

  2. Қандай даралық сапалар (нышандар) адамның педагогикалық іс-әрекетке бейімділігін, оған дайындығы мен кірісуін қамтамасыз етеді?

  3. Н.В. Кузьминаның педагогикалық қабілеттер түсініктемесіне деген келісінің А.К. Маркованың келісінен өзгешелігі неде?

  4. Педагогикалық кәсіби өзіндік сана-сезімді құраушылар қандай?

Әдебиет





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   188




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет