Байланысты: И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түз-emirsaba.org
Тұлғалық-іс-әрекеттік келістің тұлғалық компоненті Тұлғалық-іс-әрекеттік келісті оның тұлғалық және әрекеттік компоненттерінің бірлігі ретінде анықтай келе, оның біріншісінің тұлғалықпен немесе соңғы уақыттарда ол тұлғалық бағытталған келіспен байланысты екенін атап өтейік (И.С. Якиманская, Е.В. Бондаревская, М.Н. Берулава, В.В. Сериков және т.б.). Сөздің кең мағынасында тұлғалық тәсіл барлық психикалық процестер, қасиеттер мен жағдайлар нақты бір адамға тән, олардың «туынды екені, адамның жеке және қоғамдық тұрмысына тәуелді және оның заңдылықтарымен анықталатынын» қарастырады [235, 26 б.]. С.Л. Рубинштейн атап өткендей, «тұлғаның психикалық бейнесінде тұлғаның әр түрлі жақтарын сипаттайтын әртүрлі салалар немесе қасиеттер көрініп отыр; бірақ осындай өзгешеліктер мен қарама-қайшылықтардың осындай саналуандылығы жағдайында негізгі қасиеттері бір-бірімен адамның нақты қызметінде әрекеттесе және біріне бірі өзара еніп тұлға бірлігін құрайды» [194, ІІ т., 102 б.]. Тұлғалық тәсіл К.К. Платонов бойынша адамның барлық психикалық қасиеттері, оның әрекеті, оның жеке-психологиялық ерекшеліктері нақты бір тұлғаның өзіне, тұлға негізінде қалыптасады [174].
Тұлғалық – іс-әрекеттік келіс өзінің тұлғалық компонентінде оқытудың ортасында оқытылатын адамның өзі – оның мотивтері, мақсаттары, оның қайталанбас психологиялық қалыптасуы яғни, тұлға ретіндегі оқушы, студент деп санайды. Оқушының қызығушы-лықтарынан, оның білімі мен іскерлігін есепке ала отырып, мұғалім (оқытушы) сабақтың оқу мақсатын анықтайды және барлық білім беру процесін оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағыттап, түзетіп отырады. Оған сәйкес, тұлғалық-іс-әрекеттік келісті жүзеге асыру барысындағы әрбір сабақтың мақсаты әрбір нақты оқушының және барлық топтың позициясынан қалыптасады. Мысалы, сабақтың мақсаты былай қойылуы мүмкін: «бүгін сендердің әрбіреулерің есептің белгілі бір түрін шығарып үйренесіңдер». Мұндай тұжырым бойынша оқытушы өз білімінің бастапқы, сол кезеңдегі деңгейін бағалап, содан соң қол жеткізген жетістігін, өзінің тұлғалық өсуін бағалауы қажет. Басқа сөзбен айтқанда, оқушы сабақтың аяғында бүгін нені үйренгенін, нені білмегенін немесе кешегі күні не істей алмайтыны туралы сұрауы керек. Оқытуға байланысты мәселені осылайша қою барлық әдістемелік шешімдер (оқу материалын ұйымдастыру, пайдаланылған әдістер, құралдар, жаттығулар және т.б.) оқушы тұлғасының жеке ерекше-ліктері, оның қажеттілігі, мотивтері, қабілеттілігі, интеллекті мен басқа да жеке-психологиялық ерекшеліктері арқылы өтуі қажет.
Тұлғалық-іс-әрекеттік келістің тұлғалық компоненті кез-келген оқу пәнін оқыту процесінде оқушылардың ұлттық, жыныстық, жас ерекшеліктік, жеке-психологиялық, мәртебелік ерекшеліктері макси-малды деңгейде ескеріледі. Бұл ескеру оқу сабақтарының өзінің мазмұны мен формасы арқылы, оқушымен, студентпен қарым-қатынас сипаты арқылы жүзеге асырылады. Оқушыға, студентке арналған сұрақтар, ескертулер, тапсырамалар тұлғалық-іс-әрекеттік келіс жағдайында олардың тұлғалық, интеллектуалдық белсенділігін алға тартып, олардың оқу қызметіндегі қателерді, шалыс басулар мен сәтсіз әрекеттерді қажетсіз тіркеп отырмай, қолпаштап және бағыттап отырады. Осындай әрекеттерді қолдану арқылы А.К. Маркова атап өткендей, оқушылардың тек жеке-психологиялық ерекшеліктері ғана есепке алынбайды, сонымен қатар оқушының психикасының ары қарай дамуы, оның танымдық процестері, тұлғалық қасиеттері, әрекетшілдік сипаты және т.б. қалыптасуы жүзеге асырылады. Бұл – тұлғалық-іс-әрекеттік келістің тұлғалық компонентінің негізгі көріністері.
Бұл жерде өзінің тұлғалық компонентінде бұл тәсіл student - centred approach – оқушыда шоғырландырылған К. Роджерсің тәсілі мен А.Маслоудың гуманистикалық психологиясының негізінде қалыптасқан келіспен салыстырылуы мүмкін. Қазіргі уақыттағы отандық еңбектерде (И.С. Якиманская, Е.В. Бондаревская, В.В. Сериков) тұлғалық бағытталған оқытудың біртұтас тұжырымдамасы ұсынылып отыр. Бұл тұжырымдамаға сәйкес, оқыту оқушының оқу қызметін арнайы ұйымдастыруды болжап, «ең басынан таным субъекті болып табылатын» оқушының тұлғасын дамытуға бағытталады. Сол себепті тұлғалық-бағытталған келісті оған қарағанда жалпырақ тұлғалық –іс-әрекеттік келіске жатқызуға болады, себебі оқушының оқу қызметін ұйымдастыру, онымен өзара әрекеттесу - дербес, жеке проблема. С.Л. Рубинштейн атап өткендей, «тұлғалық жақты жалғыз аспект қылу - психикалық қызметтің заңдылықтарын зерттеу үшін жолды жабу деген сөз» оның үстіне адамның жалпы әрекеті мен мінез-құлығын қосайық. Осыған сәйкес, қарастырылып отырған тәсілдің екінші аспекті ретінде оның әрекеттік компоненті бола алады. Алайда, оларды осылай ажырату әрине шартты ажырату және ол теоретикалық түрде жүргізілуі мүмкін. Оқытудағы тұлғалық-әрекеттік тәсілде әрекеттік компонентті анықтай келе, оның екі компоненті (тұлғалық және әрекеттік) бір-бірімен тұлғаның әрекеттің субъектісі болғандығынан тығыз байланысты, ол өз кезегінде басқа факторлардың әсерімен (мысалы, қарым-қатынас) оның тұлғалық дамуын анықтайды.