«Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» кеақ



бет7/44
Дата18.10.2022
өлшемі1,73 Mb.
#153560
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44
Байланысты:
УМКД 2023 философия 2023

Структурализм - философиялық еңбектерді әдістемелік маңызда және құрылымдық негізде түсіндіру.
Сана - ойлаудың ең жоғарғы формасы, қоғамдық сананы билеу құралы.
Таным- адамның дүниеге деген тарихи дамып отыратын әлеуметтиік мәдени қатынасы.
Теология - дін туралы ғылым.
Табиғат философиясы - адам мен табиғат арасындағы байланысты айқындайтын философиялық ілім.

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ АРҚАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Тарих және өнер факультеті

«Бекітілді»


Білім беру бағдарламасының жетекшісі
_________ Каненова Г.Т.
ББ отырысында қаралды
20___ ж. «___» ___________
№____ хаттама
Дәріс кешені


Философия


6В01 білім беру бағдарламасына арналған

Дәріс кешенінің құрылымы
Кіріспе.Пәннің мақсаты мен міндеті .
1. Дәріс тақырыбы: Пәнге кіріспе.Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия.Философияда дүниені танудың мәні мен маңызы . «Философия пәні қызметтерімен міндеттері»
2. Оқу нәтижелері:
-Ойлау мәдениеті және ой-өрісі кең, жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін гуманитарлық пәндер саласындағы базалық негіздерді біледі және түсінеді;
3. Дәріс жоспары
1.Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия.
2.Философия-даналыққа құштарлық.
3.Философияның сұхбаттық сипаты және эвристикалық мүмкіндіктері
4.Философиялық ойлау түрі-сын және күмәндану.
5.Өткенге сыни көзқарас –қазіргі Қазақстаннын рухани жаңғыруы мен ұлттық санасындағы өзгерістер шарты
4. Дәріс тезистері
1.Философия ойлау мектебі ретінде әрекет етеді. XVII ғасырдағы ағылшын философы Томас Гоббс: «Философия сенің ойлауыңның жемісі болып табылады… және сенің өзіңде өмір сүреді» деген тұжырымды бекерден-бекер жасамаған. Ол іштей әркімге тән. Өйткені жұмыр басты пенденің ешқайсысында өмірдің, азаттықтың әділеттілік пен мәңгіліктің мәні, мағынасы туралы ойлану құқығынан айыра алмайсың. Адамның ақыл-ой мәдениетінің негізінде нақ осы пайымдау жатыр.
Ұғымдар, категориялар мен ұстанымдарды пайдалана білу өнері – туа біткен қасиет емес. Сондай-ақ ол тек қана ойшылдардың артықшылығы және үлесі болып табылмайды, өйткені білімді, білімсіз, ақылды және ақымақ, жас және кемелденген адамның бәрі әр нәрсеге баға береді, ойланады. Алайда пайымдаулар мен дәлелдердің дәйектілігі, ақиқатты іздестірудегі дұрыс әдіс әркімге беріле бермейді. Бұл жерде логикалық ойлауға басымдылық берілгені жөн. Бұл, өз кезегінде, ойлау мектебі ретіндегі философияның алдыңғы дәрежелі рөлін растайды.
Мәселе философияның зерделеу объектісі нақтылы зат емес, зат туралы ойлау, ұғымдар, пайымдар, ой қорытымдар және т.б. формасындағы (ал бұлардың көмегімен жекенің ғана емес, жекедегі жалпының да қасиеттері бейнеленеді) ойлау қызметінің заңдары екендігінде. Табиғаттың қоғамның және ойлаудың дамуының жалпы заңдары философияның пәні болып табылады.
Ақыл немесе зият (интеллект) (лат. Intellectus) сөзі – зерделеу, түсіну, танып білу, пайымдау дегенді білдіреді. Бұл – сананың рационалды (пайымды және зерделі) ойлауға қабілеттілігін анықтайтын құрылымы. Ойлау адам санасының объективті дүниені ұғымдар, пайымдар, теориялар және т.б. арқылы бейнелеумен, әлдебір міндеттерді шешумен, шындықты тануды жалпылаумен және тәсілдеуімен байланысқан белсенді әрекеті болып табылады.
Ойлау үдерісінің нәтижесі әрдайым қандай да бір ой болып табылады. Мәнді іздестірудің ерекше саласы ретінде философия ой формасында әрекет етеді. Ол ұғымдар мен категориялардағы таным болып табылады. Категориялар – бұл жалпыға ортақтық және қажеттілік мәртебесін иеленетін барынша жалпы ұғымдар. Ұғымдарды философиялық-логикалық қолдану қажетті байланыстар мен себептерге тәуелділікті анықтауға, кездейсоқтыққа толы өмірлік әсерлерді ретке келтіруге әкеледі.
Ойлаудың жоғары мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы өте зор. Сыни жағдайларда ой мектебінің жоқтығы байбалам салудың талдаушылықты, жек-көрініштің ізгі ойды жеңумен мәндес болады. Философиялық дайындықтың жоқтығы яғни ойлаудың дәріптелген формаларының жоқтығы зияны бастан асатын ойсыздықтың, пайдакүнемдіктің, қарабайырлықтың, түсінбеушіліктің өрістеуіне әкеп соғады.
Біздің уақытта да, яғни ғылымды көп қажетсінетін өндірістер және жоғары технологиялар дәуірінде де философ Эпикурдың: «Әзірше жас болып тұрғаныңда, ешкімде философиямен айналысуды кейінге қалдырмасын» деген сөзі өзекті болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет