7
Гуманитарлық циклдағы пәндерді тереңдете оқытатын білім алушылар үшін
тапсырмалар мен балл қою кестесінің мысалдары
Тӛменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді
Көрерменің қандай, қазақ театры?
Соңғы уақыттарда театр актерлеріне сыни кӛзқараспен қараушылар кӛбейіп
жатқанын байқаймыз. Режиссердің жұмысы, қойылымның сценарийі, сахна мәдениетіне
кӛңілі толмай жатқандар артты. Бірақ ешкім кӛрермен мәдениетін ескермейді. Менің
ойымша, осы мәселеге де ерекше кӛңіл бӛлу керек секілді.
Бүгінгі күні театрға барсаңыз, мәдениетті халықты кӛру қиындап кеткенін
байқайсыз. Бұл ащы болса да шындық. Себебі кӛрермендер қарапайым ұялы
телефондарын ӛшірмей, қойылым кезінде оның қоңырауына ие бола алмай жатады.
Жастар қойылым кӛруге емес, әңгіме айтып, кӛңіл кӛтеруге келетін секілді. Жырқ-жырқ
күлкі, бос әңгіме театрды шын ниетімен кӛруге келген адамдарды мезі етіп, оларға кедергі
жасайды. Айта берсек, кемшілік кӛп. «Қара халықтың мәдениетті болуынан, мәдениетті
адамның қазақ болу қиын»,- дейді Жүсіпбек Аймауытов. Бәрі ӛзімізге байланысты. Егер
театр ұжымынан жоғары деңгейдегі қойылымды күтсек, ӛзіміз де сол деңгейге лайық
болайық!
Сонымен, театр кӛрермені ретінде сіз сақтауға тиіс 10 қағида:
• Қойылымға уақытынан бұрын, не кешікпей келіңіз. Билетті алдын ала сатып
алғаныңыз дұрыс.
• Киімнің сол ортаға сай болғаны дұрыс. Спорт киімімен немесе жұмыс киімімен
келуші болмаңыз.
• Сыртқы ортада болған жағдайлардан туындағын түрлі эмоцияларды мұнда
кӛрсетудің қажеті жоқ. Сіздің театрға келгендегі мақсатыңыз – рухани ләззат алып,
жаныңызды жайландыру.
•
Билетте кӛрсетілген орынға отырыңыз. Билетіңізде кӛрсетілген орынға отырсаңыз,
сізді ешкім де жылы орныңыздан қозғамайды.
•
Қойылым басталар алдында ұялы телефоныңызды не дыбыссыз режимге қойыңыз,
не сӛндіріп тастаңыз.
Сахнаның аса киелі екенін ешқашан да ұмытпайық! (208 сӛз)
|