Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді
Болашақта қандай мамандықтар пайда болады?
Соңғы жүргізілген зерттеу нәтижелері жұмыс орындарының кӛпшілігіне қауіп тӛніп
тұрғанын кӛрсетті. Яғни қазір бізге таныс мамандықтар болашақта қажет болмай қалуы
әбден мүмкін.
2020 жылға қарай әлем бойынша еңбек нарығында 40 миллионнан жоғары білімді
маманға қажеттілік болады деген болжам бар. Дегенмен ірі мемлекеттердің
тұрғындарында «Білім алған саламыз сұранысқа сай болмай қалмай ма?» деген күдік пен
үрей басым екен. «Pew Research Center» жүргізген зерттеу нәтижесіне сенсек,
америкалықтардың 87 пайызы жұмыс орындарын сақтап қалу үшін қосымша білім алуға
дайын екендіктерін айтыпты.
2015 жылы Оксфорд университетінің баспасынан Ричард Сасскинд пен Дэниель
Сасскиндтің «Мамандықтар болашағы» атты кітабы жарық кӛрген. Онда болашақта қазіргі
мамандықтарды екі түрлі ӛзгеріс күтіп тұрғаны айтылған. Біріншіден, жаңа технологиялар
дәстүрлі жұмыс түрін жеңілдетуі мүмкін. Мысалы, дәрігер емделушімен «Skype» арқылы
байланысады, сәулетші дизайн жасау үшін компьютерлік бағдарламаларды қолданады.
Екіншіден, технологиялар кез келген салада проблемаларды шешудің тиімді тәсіліне
айналады. Мысалы, жоғарыда айтылған медициналық онлайн диагностикалау маманының
жұмысын жеңілдетсе, кейбір жаңа технологиялар кесірінен қызметкерлер жұмысынан
айырылуы мүмкін. Билл Гейтстің айтуынша, алдағы 20 жылда қазіргі мамандықтардың
кӛпшілігі автоматты бағдарламалармен жабдықталып, біліктілігі тӛмен қызметкерлер
бәсекеге ілесе алмай қалуы мүмкін. (172 сӛз)
Екі мәтіндегі ақпарат пен ӛз пікірлеріңізді пайдаланып, «Мамандықты дұрыс
таңдаудың маңызы қандай?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сӛз кӛлемі 170-200 сӛз
болуы қажет.
[20]
Достарыңызбен бөлісу: |