Мәскеу
бардым, не көрдім
(Жамбыл).
Кел,
балалар, оқылық (Алтынсарин).
Ғылым тап-
пай мақтанба
(Абай). Интернатта оқып жүр талай
қазақ
бала-
сы (Абай). Иығымда сіздің
шаш,
Айқайласып
тайталас
(Абай).
Осы сөйлемдердегі бөлініп көрсетілген сөздердің формасы
мен грамматикалық мағыналарына көз жіберейік:
Мәскеу
осы
сөйлемде ешбір грамматикалық формасыз қолданылған, бірақ
соған қарамастан қимылдың (барудың) бағытын білдіріп, ба-
рыс септіктің мағынасын беріп тұр:
Мәскеуге бардым. Ғылым
сөзі ешбір көрсеткішсіз тура объект болып, табыс септік
мағынасын білдіріп тұр: ғылымды таппай.
Кел, мақтанба
етістіктері негізгі түбір күйінде және өздік етіс пен болымсыз
түлғада, 2-жаққа қаратылып, бүйрықты мағынада қолданылған,
бірақ соңғы мағынаны білдіретін арнайы грамматикалық фор-
ма жоқ.
Қазақ
сөзі иелік, меншіктілік мағынада жүмсалган,
бірақ оны білдіретін ілік септік жалғауы жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |