І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp



Pdf көрінісі
бет23/182
Дата21.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#144378
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   182
Байланысты:
zhubanov k kazak tili grammatikasynyn keibir mseleleri (1)
Ержан бағалау 1 (1)
Дыбыстың күші (амплитуда) 
Бұл ұғым қатты, ақырын деп те аталады, құлаш деп те аталады.
Кей дыбыс алысқа естіледі. Кей дыбыс жақынға естіледі. Бұл неден? 
Домбыраның шегін тартқанда оның созылып барып қайтқан жері құлашы деп 
аталады. Мысалы:
 а
мен 
б
-ның арасындағы құлаш тең амплитуда. 
Амплитуда бірте-бірте қысқарады, бара-бара ноль болады, демек дыбыс 
тоқталады. Амплитуда неғұрлым ұзын болса, солғұрлым дыбыс күшті болады; 
қысқа болса күшсіз болады. Амплитуданың ұзындығы мен қысқалығы былайша 
белгіленеді:
ұзындығы 
(дыбыс күші, қатты), 
қысқалығы 
(дыбыс күшсіз, ақырын). Мұны 
құлашы 
алыс

құлашы жақын
деп атау керек. 
Амплитуда 
(қысқа) болса, дыбыс ашшы болады, 
(ұзын) 
болса, дыбыс қоңыр болады. Бұл көрсетілгеннің бәрі де дыбыстың жалаң түрі 
(простые звуки).
А Д С Д В
. Бұл амплитуданың шегі. 
С 
секунтіне 20 рет 
қалтыраса, 
Д
секунтіне 40 рет қалтырайды. 
А
мен 
С
-тің арасы бірдей деп, кесіндіні 
үшке бөлсек, оларға 
С+Д, Д+Е, Е+А
деп ат қойсақ, жоғарғы есеп бойынша 
Д+Е
шегінің арасы 80 рет қалтырайды. Демек, толқын шетке кеткен сайын әрі жиі, әрі 
әрбір есесі екіге көбейтіле береді.
Қорытынды
: Шектің әрбір ноқаты әртүрлі дыбыс шығарады.
Дыбыс амплитудасына маңындағы заттардың үні де қоcылады. Мысалы, 
домбыра тартысының. Қосылатын дыбыс та әр заттың материалы түріне, формына, 
үлкен-кішілігіне, қалың-жұқалығына қарай үн шығарады. Яғни дыбыс шыққан 
аймақтағы заттың бәрі де үн қосуға ат салысады.
Осыдан келіп дыбыстардың естілуі жалаң болмай, күрделі болып шығады 
(сложный звук). Құлаққа естілетін түрліше дыбыстар саны мен сапасына қарай 
түрліше болады. Мысалы, домбыра даусы мен скрипка даусы бір емес, өйткені 
олардың тембрі басқа, екі түрлі музыка құралының не дыбыс шығарушы басқа 
заттардың дыбыстарының түрлілігін тембр дейміз (Тембр жөнінде Ушаков Д. Н-
нің 2-бетін оқы).


Дыбыстарды екі түрге бөліп қарастыруға болады: 1) Гармониялы дыбыс 
(гармонический звук); 2) гармониясыз дыбыс (ангармонический звук). Бірінші 
түріне музыка дыбысы, екіншісінде салдыр (шуыл) естіледі. Схемамен көрсеткенде 
бірінші түрін былайша көрсетуге болады:
екінші түрін былайша көрсетуге болады: 
Дауыстылар гармонды дыбыс, бірақ шуылдан таза емес; дауыссыздар шуыл 
дыбыс, бірақ гармоннан таза емес. Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет