I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Зат есімнің лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне тоқталыңыз. Зат есімнің түрлену жүйесіне сипаттама беріңіз



бет36/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК
Cheklist kony study, 23-7, аза стан Республикасында ж не шетелде инклюзивті білім беруді
55. Зат есімнің лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне тоқталыңыз. Зат есімнің түрлену жүйесіне сипаттама беріңіз.
Зат есімнің жеке сөз табы ретінде танылуы А. Байтұрсынов еңбектерінен басталады. Оның қазақ тілінің дыбыс, сөз, сөйлем жүйелерін үйретуге арналған «Тіл-құра» атты үш бөлімнен (үш кітаптан) тұратын оқулығында сөз таптарына қатысты алғашқы мағлұматтар берілген. 1914 жылы шыққан «Тіл-құралда» ол (бірінші жылдық) сөздерді мағынасына қарай зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, демеу, жалғаулық, одағай деп тоғыз сөз табына жіктеп, әрқайсысын тілдік нақты мысалдармен сипаттаған.

Ғалым зат есімге «Сөздердің кейбіреуі нәрсенің өзін атайды. Осындай нәрсенің өзін атайтын сөздерді зат есім дейміз,"- деген анықтама беріп, зат есімнің кім? не? сұрақтарына жауап беретіндігін және бұл сұрақтардың қойылу жүйесін де көрсеткен: "Кім? деп сұраймыз адам туралы. Не? деп сұраймыз басқа заттар туралы.

А.Байтұрсынов "Тіл-құралдың„ (екінші жылдық) 1915 жылғы басылымында зат есімге кеңірек тоқталған, яғни "Заттарды көзге көрінетін, құлаққа естілетін, мұрынға иіскелетін, тілге татылатын, денеге сезілетін деректі за
ттар, екіншілері - көзге көрінбейтін, құлаққа естілмейтін, мұрынға иіс келмейтін, тілге татылмайтын, денеге сезілмейтін, адам ақылмен ғана білетін дерексіз заттар", - деп екіге бөліп, "Сол деректі һәм дерексіз заттардың атын көрсететін сөздерді зат есім» деген анықтама берген.

Тілдегі сөздерді грамматикалық топтарға бөлуде олардың лексикалық жағы ескеріледі, өйткені жеке лексикалық мағынасы бар сөздер белгілі бір сөз тобына енеді. Мысалы айна, көмір, қасық деген сөздер заттың атын білдіріп, грамматикалық тұрғысынан зат есім болады. "Зат деген ұғым тек күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды,,: тұман, қар, мереке, жолдама, ойпат, шатқал, қуаныш, сағыныш т.б. Олай болса, зат есім лексикалық-семантикалық сипаты жағынан өте кең, ауқымды сө зтабы болып есептеледі. Бұл-зат есімді жеке сөз табы ретінде танытатын бірінші белгісі.

Тіл білімінде сөз таптарын бір-бірінен ажыратуда грамматикалық белгілер, яғни морфологиялық және синтаксистік белгілер есепке алынады.

Осы тұрғыдан келгенде, алдымен оның құрылымы, екіншіден зат есімге жататын сөздердің өздеріне тән сөз тудыратын және форма тудыратын арнаулы жұрнақтары, сонымен бірге зат есімді басқа сөздермен байланыстыратын көптік, тәуелдік, септік жалғауларына сай категориялары бар екендігі ескерілуі тиіс. Сонымен, зат есімдерді морфологиялық жағынан сипаттағанда оның құрылымы, жасалу тәсілдері, түрлену жүйесі, яғни көптік, тәуелдік, септік категориялары талдануы тиіс. Демек, мұның барлығы зат есімді жеке сөз табы ретінде танытатын екінші белгілері болып табылады.

Зат есімдер сөйлемде белгілі бір қызмет атқарып, белгілі топтағы сөздермен тіркеске түседі. Зат есімдер етістіктермен тіркеседі де, сөйлемде тәуелсіз мүше- бастауыш болуы олардың (зат есімдердің) жалпы категориялық мағынасы-заттылық мағынасымен байланысты екендігін аңғартады . Зат есім басқа да сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады, мысалы, атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде объект мәнін білдіріп толықтауыш, ілік септікте тұрып анықтауыш, көлемдік септіктерде пысықтауыш, жіктеліп келіп, баяндауыш қызметін атқарады.

Сөйтіп, зат есімнің осындай синтаксистік қызмет атқаруы-оны жеке сөз табы ретінде дәлелдейтін үшінші белгісі болып есептеледі.

Зат есімнің осы үш белгісі сөздерді таптастырудың үш ұстанымына сәйкес келеді. Бұл ерекшелік зат есімнің сөз таптарының ішіндегі ең үлкен, өрісі аса кең сөз табы екендігін көрсетеді. 

Зат есімдердің қай-қайсысы да заттық ұғымдарды білдіргендерімен, олар семантикалық жағынан түрліше болып келеді. Мысалы, домбыра, жүзім, алма, орындық тәрізді сөздер көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын деректі зат атаулары болсамейірім, қайырым, тілек, мүмкіншілік, достық, құпиялық секілдіі сөздер дерексіз (абстракт) заттармен байланысты ұғымды білдіреді.

Бұл жөнінде ғалымдар пікірлерінде бірізділік бар. Мысалы, проф. А.Ысқақов зат есімдерді семантикалық жағынан іштей нақтылық және абстрактілік, жаппылық және жалқылық, даралық және жинақтылық, жекелік және топтық деген түрлерге бөлсе , С.Омарбекұлы "Табиғат пен қоғамдық тіршіліктің қыр-сыры қаншалық алуан түрлі болса, олардың бас-басына дерлік атауыш ретінде жұмсалатын тілдегі сөздер де соншалық алуан түрлі. Зат есімдер тікелей сезім арқылы тануға болатын дүниедегі нақтылы нәрселерден (су, жылқы, тағам, жел, дауыл, жейде, тал, терек, у-шу, айқай, қойын, қоныш) бастап, адамның тек ақыл-ой қабілетінің жәрдемі нәтижесінде ғана түсінілетін түрлі абстракт ұғымдардың (наным, шама- шарық, ынсап, нарық, мінез-құлық, кәде-жора, ырым, пікір) аттарын да білдіре алады « ,-дейді.

Сонымен қатар ғалым зат есімнің жалқы, жалпы, жиынтық мәнді, адамзат, ғаламзат есімдер деген түрлерін де атаған. Зат есімдерді семантикалық топтарға бөлуде Ә.Төлеуов нақтылы және абстрактілі, жалқы және жалпы (жинақты, жіктемелі) деген топтармен шектеледі.

Осылайша, ғалымдардың зат есімдерді лексика-грамматикалық жағынан бірнеше топтарға бөліп көрсетулері ол топтардағы зат есімдердің өзіндік ерекшеліктері бар екенін байқатады. Сонымен зат есімдер адамзат және ғаламзат есімдері, жалпы және жалқы есімдер, көптік мәнді есімдер, эмоциялы-экспрессивтік реңді есімдер, көмекші есімдер деген ірі топтарға жіктеледі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет