I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Көнеленген формалар арқылы туған жалаң туынды үстеулер



бет39/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК
Cheklist kony study, 23-7, аза стан Республикасында ж не шетелде инклюзивті білім беруді
Көнеленген формалар арқылы туған жалаң туынды үстеулер. Оларға бір алуан сөздердің белгілі бір септік жалғау формасында әбден қалыптасып, бір-бірінен бөлінбейтіндей болып көнеленген сөздер жатады. Осындай көнеленгең «косымшалар» төркіндері септік жалғауларынан болғандықтан, сыртқы тұлғасы жағынан сол септіктердің жалғауларына ұқсас келеді.
Септелу қашан да болсын есімдерге тән қасиет болғандықтан, мұндай үстеулер кейбір септік жалғауларының, көнеленуінің нәтижесінде көбінесе есімдерден туады.
а) Барыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер:
зорға,босқа, текке, жатқа, бекерге, әреңге, алға, артқа, ас (т) қа, үс (т) ке, бірге, кешке, ертеңіне, әзірге.
ә) Жатыс септіктің кенеленуінен туған үстеулер:алда, артта, аста, үсте, кейде, әлгіде, жаңада, баяғыда, күнде, түнде, аңдаусызда, абайсызда, қапыда, ілуде, қапелімде, қапылыста, лезде
б) Шығыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер:шалқасынан, жүресінен, етпетінен, төтеден, кеңінен, кенеттен, тосыннан.
в) Көмектес септіктін көнеленуінен туған үстеулер:кезекпен, шынымен, қалпымен, жайымен, ретімен, жөні-мен, түйдегімен т. б.
Үстеулер де сөйлемдегі өзге сөздермен белгілі қарым-катынасқа түсіп, қызмет атқарады. Олардың өздеріне тән тиісті синтаксистік қызметтерін тану үшін, біріншіден, үстеулердің сөйлемде қандай мүше болатындығын, екіншіден, үстеулердің қандай сөз таптарымен тіркесетінін, үшіншіден, үстеулердің сөйлемдегі орнын білу қажет.
1. Үстеулер негізінен алғанда сөйлемде әр түрлі пысықтауыш мүше болып кызмет атқарады. Мысалы: Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым (Абай); Әлібек амалсыздан тоқтады (Ғ. Мұстафин) деген сөйлемдердегі eртe, амалсыздан үстеулері етістіктен болған баяндауыштарды пысықтап тұр.
2. Үстеулер, осы жоғарыдағы сияқты, етістіктен болған басқа мүшелерді де пысықтайды. Мысалы: оның еміс- еміс білетіндері — қызыл балыңтар ғана (Ғ. Сланов) деген сөйлемдегі еміс-еміс үстеуі білетіндері деген етістік формасынан болған бастауышты пысықтап тұр.
3. Үстеулер есімнен болған баяндауышты да пысықтайды, мысалы: Бозбаламын мен де енді (Жамбыл); Бүгінгі колхозшылар шетінен сауатты (Ғ. Мұстафин) деген сөйлемдерде енді үстёуі бозбаламын деген баяндауышты, шетінен үстеуі сауатты деген баяндауышты пысықтап тұр.


61.Лебіз құру үстінде көрінетін коммуникативтік талаптар жүйесін атаңыз.

Лебізді айту – əрқашан коммуникативтік талаптармен орындалатын əрекет.Коммуникативтік талаптың ең қарапайым көрінісі мына түрде көрінеді:


а) бір информацияны жеткізу – хабарлы сөйлем арқылы іске асады;
ə) сұрау, сұрақ қою – сұраулы сөйлемдер арқылы орындалады;
б) біреуді жұмсау, бұйыру – бұйрықты сөйлемдер арқылы іске асады.Бұл бастапқы қарапайым талаптарды бірінші дəрежедегі коммуникативтік талаптар дейміз. Бұл талаптарға сай құрылып, жұмсалатын сөйлемдер құрылысы базистік (түпкі) құрылымдар болып табылады.Тілдесудің мақсаты, мазмұны күрделенген сайын, сөйлеушілерге қоятын коммуникативтік талаптар да күрделенеді. Сөйлеушілер адресатқа ықпал етуге, сөзін өткізуге тырысады немесе өзіне имидж тудыруға ұмтылады.
Құрмалас сөйлем құрамына мынандай негізгі коммуникативтік талаптардың əсері байқалады.
Лебізді үнемді етіп құру.
Лебізді түрлендіріп, ажарлап айту.
Адресатпен үндесіп отыру.
Лебізді экспрессивті етіп айту.
Лебіздегі актуалды құрамын ерекшелеп айту, т.т.
Бұлар ІІ дəрежедегі коммуникативтік талаптар. Бұларға сай лебіз құруда сөйлеуші базистік (түпкі) құрылымдарға сүйеніп, соның негізінде лебіз құрылады.


62.Сөздік құрамның толығу жолдары, нақты мысалдар арқылы дәлелдеңіз.

Сөздік құрам, лексика – белгілі бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы. Сөздік құрам ұлттың өзіне тән кәсібі мен қоғамдық, әлеуметтік тіршілігін тұтас сипаттайды. Ұлттың рухани және материалдық мәдениеті неғұрлым бай болса, оны жеткізіп, суреттейтін сөздер де соншалықты көп әрі күрделі болады. Негізінде ұлт тіліндегі барлық сөздер реестрге тіркеліп, түсіндірме сөздікке енеді. Мысалы, 20 ғасырдың соңғы ширегінде жарық көрген 10 томдық Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне 70 мыңға жуық лексикалық және фразеологиялық бірліктер енген. Бірақ мұнда қазақ тіліндегі барлық сөздер қамтылмаған. Сөздік құрамыға жалпыхалықтық лексикамен қатар кірме сөздер, терминдер, кәсіби сөздер, диалектілер, жаргондар, әдеби және ауызекі тіл лексикасы, т.б. енеді. Сөздік құрамыда күнделікті жиі (актив) қолданылатын, сол тілде сөйлеушілерге түсінікті болып келетін ортақ сөздер, сондай-ақ сирек (пассив) қолданыстағы, барлығына бірдей түсінікті емес терминдер, көнерген сөздер, диалектілер, жаңа сөздер бар. Осы тұрғыдан Сөздік құрамдағы сөздер жалпыхалықтық (негізгі сөздік қорға енетіндер) және жалпыхалықтық емес (пассив қолданыстағы) лексика болып екіге бөлінеді. Тілдің сөздік құрамының ең басты әрі тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. Сөздік құрам негізгі сөздік қорға қарағанда өзгергіш келеді, тілдің тарихи даму кезеңінде өзгеріп отырады. Сөздік құрамыдағы бірліктер ұдайы өзгеріске ұшырап, қоғамдағы түрлі әлеум. жағдайларға байланысты кей сөздер қолданыстан шығып отырған. Мысалы, комсомол, пионер, Ильич шамы, т.б. Керісінше архаизмдердің қайта қолданысқа енуі де кездеседі: әкім, мырза, ханым, т.б. Қоғамның дамуы мен ғылыми-техникалық өзгерістерге байланысты сөздік құрамы үнемі толығып, дамып, жаңарып отырады.Сөздік құрамның толығуының негізгі екі жолы бар: а) төл (тума) сөздер арқылы, ә) кірме сөздер аркылы жүзеге асады,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет