I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Дауысты дыбыстар, олардың жіктелуін акустикалық және артикуляциялық тұрғыдан түсіндіріңіз



бет41/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК
Cheklist kony study, 23-7, аза стан Республикасында ж не шетелде инклюзивті білім беруді
63. Дауысты дыбыстар, олардың жіктелуін акустикалық және артикуляциялық тұрғыдан түсіндіріңіз.
Дауысты дыбыстар (Вокализм) орыс. гласные звуки — дыбыстау мүшелерінің бірыңғай толық қатысуынан, фонациялық ауанын кедергісіз, еркін және баяу шығуынан жасалатын дыбыстар. Дауысты дыбыстар фонациялық ауаның кемейде керіліп тұрған дауыс шымылдығына соқтығуынан пайда болған дірілден жасалады. Дауысты дыбыстардың басты қасиеті сөз ішінде буын жасап, дауыссыз дыбыстармен тіркесе алатындығында.
Қазіргі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың саны, сапасы жөнінде әлі күнге бірізділік болмай келеді.
А.Байтұрсынов: «Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Дыбыстар дауысты, дауыссыз болады. Соған қарай таңбалары да дауысты, дауыссыз болып бөлінеді», ─ дейді де, олардың бесеуі дауыстылардың таңбасы деп көрсетеді. Мұның өзі сол кездегі араб графикасына негізделген.
Ертелі-кеш жарық көрген оқулықтар мен зерттеулерде қазақ тіліндегі дауыстылардың саны жеті, сегіз, тоғыз, он бір, он екі, он үш, он төрт, он бес болып келеді.
Қазақ тілінің байырғы төл сөздерінің құрамында тоғыз (а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і) дауысты дыбыс барлығы ешқандай дау тудырмайды.
Қазіргі қазақ тілімізде он бір, он екі дауысты бар деушілер шындыққа жақын тұр. Бұлардың біріншісіне екіншісінің қосқаны ─ тек э дыбысы. Қалған жағдайда іштей жіктеу, сипаттауға келгенде бір-бірімен үндесіп жатады. Екі топқа да тән үлкен жаңсақтық ─ қазақтың байырғы сөздерінің құрамында и, у дауысты дыбыстары кездеседі деп қарауы. Бір қызығы, зерттеушілер мен оқулық авторларының көбісі бұл екі әріптің әрқайсысы екі дыбыстың ұу, үу, ыу, іу, ый, ій қосындысы екенін біле отырып, дауыстыға жатқызып жүр. Оларды (и, у әріптерін) дифтонг, дифтонгоид деп дәлелдеуге тырысады.
Мұндай дауыстылар бар десек, тіліміздің екі үлкен заңының түп-тамырына балта шапқан болар едік. Біріншіден, сөздердің құрамында екі дауысты қатар тұра беретін болады: суы, буын, келуі т.б. Екіншіден, сөз ішінде буын дауыстыдан басталып (бару-ым, келу-ін) және дауысты жеке буын құрайтын (су-ы, бару-ы) болады. Мұның екеуі де тіліміздің табиғатына қайшы екенін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ.
Сонымен, қазіргі қазақ тілінде он бір дауысты фонема бар. Олар дыбыстау мүшелерінің қызметіне қарай іштей үш топқа жіктеледі.
Тілдің қатысына қарай:
Жуан (гуттураль)дауыстылар: а, о, ұ, ы, у;
Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә, ө, ү, і, е, и.
Жуан дауыстыларды айтқанда, тіл сәл артқа қарай тартылады (ортасы көтеріңкілейді), жіңішкелерді айтқанда тіл сәл ілгері жылжиды.
Еріннің қатысына қарай:
Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
Еріндік дауыстыларды айтқан кезде ерін дөңгеленіп, сүйірленеді де, езуліктерді айтқанда ерін екі жаққа қарай тартылып, езу жиырылады. Еріндік дауыстылардың да тіліміздің байырғы заңы сингармонизмді (оның ішінде ерін үндестігі) танып білуде маңызы зор.
Жақтың қатысына қарай:
Ашық дауыстылар: а, ә;
Жартылай ашық дауыстылар: о, ө, е;
Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
Ашық дауыстыларды айтқанда, астыңғы жақ (үстіңгі жақ қозғалмайды) барынша төмен түседі де, қысаңдарды айтқанда жоғары көтеріледі. Басқаша айтқанда, ашықтарды айтқанда, екі жақ бір-бірінен қашықтай түседі де, қысаңдарды айтқанда, бір-біріне жуықтай түседі.
Қазақ тілінде, сондай-ақ барлық түркі тілдерінде осы уақытқа дейін дауыстыларды ашықтар (а, ә, о, ө, і) және қысаңдар деп екіге бөліп келді.
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды арнайы зерттеп жүрген Ә. Жүнісбеков байырғы сөздеріміздің құрамында алты (а, ә, ұ, ү, ы, і) монофтонг (жалаң дауысты), үш (о, ө, е) дифтонг бар дейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет