I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Сөздің лексикалық және грамматикалық мағынасының айырмашылықтарын түсіндіріңіз



бет44/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК
Cheklist kony study, 23-7, аза стан Республикасында ж не шетелде инклюзивті білім беруді
Сөздің лексикалық және грамматикалық мағынасының айырмашылықтарын түсіндіріңіз.

(М.Оразов «Казак тилинин семантикасы»)
Сөз мағынасы — шындықтың (заттың, сапаның, қатынастың, қимыл-әрекеттің, қалыптың) белгілі бір құбылысының сөзде бейнеленуі. . «Сөз мағынасы дегеніміз оның білдіретін түсінігі. Сөз нені білдірсе, нені байқатса, сол онық ма- ғынасы болады» (Кордабаев) Сөз мағынасының грамматикалық және лексикалықтүрлері болады. Грамматикалық мағына сөздің белгілі бір топқа (сөз табына) тән екендігін, басқа сөздермен тіркесу мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін, сондай-ақ оның түрлік өзгеріске түсу қабілетін (жіктелу, есептелу), сөз тіркесі мен сөйлем ішінде басқа сөздерге қатынасын айқындайды. Лексикалық мағына да жалпылықты білдіре беруі мүмкін (айталық, күлу, ыза болу, ашулану, ренжу — адамның психологиялық күйін білдіреді). Соған қарамастан, лексикалық мағынаның жеке қасиеті болатынын теріске шығаруға болмайды, өйткені келтірілген мысалдағы сөздердің әрқайсысына тән мағыналық айырмашылықтары бар. Полисемиялық құбылыс болғанда, лексикалық мағынаның ұқсас жайлары көп, бірақ олардың да тура және ауыспалы мағыналарының болатыны анық (жоғары-төмен, сұлу-келісті, қара (етістік)- қара (сын есім), ыржақтау-мәз болу т. б.). Сөздердің лексикалық мағыналары түсіндірме сөздікте белгілі бір контекстке байланысты нақтыланады. Лексикалық мағына грамматика- лык мағынаға қарағанда жетекші қызмет аткарады да объектив дүниедегі заттармен, күбылыстармен байланысып жатады. Лек- сикалық мағына дербес, басқа сөздердің мағынасына байланыс- пай-ақ өмір сүретін болса, грамматикалық мағына лексикалык мағынамен байланыспай өмір сүре алмайды, сөйлем қүрамында ғана анық бой көрсетіп, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді бай- ланыстырады не олардың байланысуына себепші болып дәнекср лік қызмет атқарады
М. Белбаева «Сөздердің лексикалық мағы- насы деп әрбір сөздің өзге сөздермен қарым-қатынасқа түспей, жеке-дара тұрғандағы (статистикалық күйіндегі) нақтылы не негіз- гі мағынасын айтады»,— деп анықтама береді
Сөздін лексикалық мағынасының күрделі екендігін және олар- дың бірнеше майда бөлшектерден құралатындығын көгішілік ға- лымдарымыз мойындайды. Бірақ бұдан сөздің лексикалық мағы- насы түрлі мағыналық бөлшектердің арифметикалық қосындысы екен деген ұғым тумауы керек. Мысалы, кез келген сөз өзі атауы болған заттың не түрлі құбылыстың барлық қасиетін (тым бол- мағанда белгілі бір коғам мүшелеріне белгілі болған) толық камтуға әрекет етеді. Сондықтан да тауық дегенде екі аякты, үстін қауырсын қаптаған, екі қанатты (бірақ онша ұзап ұша ал- майтын) үй құсын түсінеміз. Оның түйе тауықтан, қаз бен үйрек- тен айырмашылығы да мағынада қамтылады. Ең жетілген, жақсы жазылған түсіндірме сөздіктерде де кез келген сөздің, лексикалық мағыналары толық берілмейтіндігі анық. Салыстырыңыз: қазақ тілінін түсіндірме сөздігінде тауық, сөзіне: «Қораз бен мекиен тобынан құралатын үй құсы»,— деп анықтама берілген болса,өзбек тілінің түсіндірме сөздігінде: «Еті мен жүні және жұмыртқасы үшін бағылатын ұрғашы үй құсы»,— деп анық- тама берілген.Ал татар тілініц түсіндірме сөздігінде болса: «Негізінен еті мен жұмыртқасы үшін бағылатын үй құсы»,— деген анықтама берілген*. Егер байып- тап қарайтын адам болса, жоғарыда санап өтілген анықтамалар- дың барлығы да тауық сөзінің мағыналық компоненттерін толық қамти алмағандығына оңай көз жеткізген болар еді. Дегенмен де тауык, деп үй құсының барлығын бірдей атамай, ерекше бір түрін ғана атайтынымыз анық, басқа үй құстарынан ажыратып жата- тын үй құсын тауык, дегенде көз алдымызға келтіретініміз де шындық. Демек сөз мағынасының құрамында ол затты не ұғым- ды әрі жалпылап, әрі басқа заттардан ерекшелеп ажыратып, да- ралап тұратын мағыналық элементтің барлығы анық.
Табиғаттағы заттар мен құбылыстарға тек тілдік түсінік жа- ғынан анықтама беріліп қоймастан, оларға биологиялық, геогра- фиялық, тарихи ғылымдарға тиісті болған қасиеттерін баса көр- сетіп те анықтама беруге болады, бірақ олар біздің зерттеу объек- тіміз емес. Бір нәрсе анық — сөздердің лексикалық мағынасында
адам санасындағы сол зат не құбылыс туралы негізгі түсінік еніп, сол затты басқа зат не құбылыстардан ажыратып, тани ала- тындай мүмкіндігі болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет