I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Шылау түрлеріне тоқталыңыз, шылаулардың функционалдық қызметі мен грамматикалық сипатын айқындаңыз



бет46/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК
Cheklist kony study, 23-7, аза стан Республикасында ж не шетелде инклюзивті білім беруді
70. Шылау түрлеріне тоқталыңыз, шылаулардың функционалдық қызметі мен грамматикалық сипатын айқындаңыз.


«ШЫЛАУ» дегеніміз - сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын және өзі тіркескен сөзге қосымша мағына беретін көмекші сөздің бір түрі.
Мағынасы мен сөйлемдегі қызметіне қарай 3-ке бөлінеді:
1."СЕПТЕУЛІК" шылау сөз бен сөзді байланыстырады.
Ол °°атау, барыс, шығыс, көмектес°° септіктерінде тұрған сөзбен тіркеседі.
⊙АТАУ септігіне қатысты септеуліктер: туралы, жайлы, сияқты, тәрізді, секілді, үшін, сайын.
⊙БАРЫС септігіне қатысты септеуліктер: дейін, шейін, қарай, тарта, таман, жуық.
⊙ШЫҒЫС септігіне қатысты септеуліктер: кейін, соң, әрі, гөрі, бері.
⊙КӨМЕКТЕС септігіне қатысты септеуліктер: бірге, қабат, қатар.
2. "ЖАЛҒАУЛЫҚ" шылау сөз бен сөзді және сөйлем мен сөйлемді °°салаластыра°°, яғни °°тең дәрежеде°° байланыстырады.
⊙ЫҢҒАЙЛАСТЫҚ мәндегі жалғаулықтар: мен, бен, пен, және, әрі, да, де, та, те.
⊙ҚАРСЫЛЫҚТЫ мәндегі жалғаулықтар: бірақ, дегенмен, алайда, сонда да, сөйтсе де, сөйткенмен, әйткенмен.
⊙СЕБЕП-САЛДАР мәндегі жалғаулықтар: өйткені, себебі, сол себепті, сол үшін, сондықтан, неге десеңіз.
⊙ТАЛҒАУЛЫҚ және КЕЗЕКТЕС мәндегі жалғаулықтар: не, немесе, я, яки, я болмаса, не болмаса, әлде, кейде, бірде, біресе.
3. "ДЕМЕУЛІК" шылау сөздерді байланыстырмайды, өзі тіркескен сөзге қосымша мағына үстейді. °°ма, ме, ба, бе, па, пе°° демеулігі өзі тіркескен сөзге сұраулық мағына береді (бұл ақ °па°?).
⊙СҰРАУЛЫҚ мағына беретін демеуліктер: ма, ме, ба, бе, па, пе, ше.
⊙КҮШЕЙТКІШ мағына беретін демеуліктер: -ақ, -ау, -ай, әсіресе, да, де, та, те.
⊙БОЛЖАЛДЫҚ мағына беретін демеуліктер: -мыс, -міс, кейде.
⊙БОЛЫМСЫЗДЫҚ мағына беретін демеуліктер: түгілі, тұрсын, тұрмақ.
⊙ШЕКТІК мағына беретін демеуліктер: ғана, қана, тек.
⊙НАҚТЫЛАУ мағына беретін демеуліктер: ғой, қой, -ды, -ді, -ты, -ті.

Қосымша мәлімет:
"Ма, ме, ба, бе, па, пе" шылауы кейде жіктік жалғаудың алдынан жазылып, "-мы, -мі, -бы, -бі, -пы, -пі" болып өзгереді.
Шылау сөздердің сөз таптарының ішіндегі өзінің тілдік табиғаты, қызметі, қолданысы жағынан ерекшеленуімен қатар, тұлғалық өзгеріске түспеуі, оның негізгі морфологиялық белгісінің бірі болып табылады. Осындай қасиеттеріне байланысты қазақ тіл білімінде шылауды топтастыруда түрліше тұжырым, пікірлер бар.
К.Аханов шылаулардың «көмекші сөздердің лексикалық мағыналары мен грамматикалық мағыналарының ұласып, бір-біріне сіңісіп кететіні соншалық, олар кейде аффикстер тəрізді қызмет атқарып, солардың мағыналарына барабар мағыналарды білдіреді» деп көрсете отырып, грамматикалық мағыналары сəйкес келген жағдайларда бірінің орнына бірі қолданыла алатындығын да айтып, шылаулардың грамматикалық мағынасы қосымшалардың грамматикалық мағынасымен сəйкесетінін мысалмен келтірген [1].
Бірақ шылаулардың морфологиялық формалар арқылы түрленіп өзгермеуі негізгі қасиеті болғанымен, оларда басқа сөз таптарында болатын кейбір ерекшеліктер кездесіп отырады. Басқаша түсіндірер болсақ, сын есім есімдер тобына жатса да, өзінің сындық қалпында септік, көптік, тəуелдік жалғауларын қабылдамайтыны мəлім əрі кейбір есімдік сөздер де септелмейді. Ал, кей септеуліктер сол септеулік дəрежесінде тұрып-ақ морфологиялық жағынан тұлғаланып, кейбіреулері септік формасын, кейбіреулері көптік, жіктік жалғауларын қабылдап, кейбіреулері жұрнақтарды да қосып алып, түрленіп өзгеріп отырады.
Тілімізде кездесетін осындай септеулік шылауларға тоқтала кетер болсақ, атау септікті меңгеретін септеуліктерден «бойы» сөзі тілімізде барыс, жатыс, көмектес септік формаларында келеді. Мысалы: Осындай тойлар Алуаны жағалай қонған ауылдарды жаз бойына біріне-бірі ұласып жатты (С.М.). Байтас та күлген бойында қайта оралып келеді екен (М.Ə.). Сүлеймен жылаған бойымен айта берді (С.Ер.).
Бұл сөйлемдерде «бойы» септеулігі «бойына, бойында, бойымен» формасында келгенімен, оның негізгі көмекшілік қызметі мен мағынасында өзгеріс болып тұрған жоқ. «Бойы» сөзіне жалғанып тұрған «-на, -нда, -мен» жалғауларын жалғамай-ақ: Осындай тойлар Алуаны жағалай қонған ауылдарды жаз бойы біріне-бірі ұласып жатты. Байтас та күлген бойы қайта оралып келеді екен. Сүлеймен жылаған бойы айта берді деп өзінің алғашқы тұлғасында айтуға да болады. Олай болса,«бойы» септеулігі септеліп өзгереді деп қарамай, кейбір септік формаларын қабылдау қабілеті сақталған деп қарағанымыз дұрыстау болады деген пікірдеміз.
Сол сияқты туралы септеулігі өзінің негізгі көмекшілік мағынасында əр түрлі морфологиялық тұлғада тұрып қолданыла береді. Мысалы: Құлыншақтар ол турада өздерін кінəлі деп санар емес (М.Ə.). Күнкенің аулы Құнанбай турасынан ертерек хабарланып тұрады (М.Ə.). Тоғжан турасындағы ең соңғы үміт бұл да кетіп қалды (М.Ə.).
Бұл сөйлемдердегі «турада, турасынан, турасындағы» сөздер — «туралы» септеулігінің түрленіп келген варианттары. Алғашқы екі сөйлемде «туралы» септеулігі тіркескен сөздердің толықтауыш, соңғы сөйлемде анықтауыш орнында екені сөйлеуде ашық көрініп тұрғаны болмаса, қанша түрленсе де, «туралы» көмекшісінің негізгі қызметі мен мағынасына нұқсан келтіретін емес, «туралы» болып келсе де, ол тіркестер «неменеге?, неге өздерін кінəлі деп санар емес?, неден хабарланып тұрады?, қандай соңғы үміт кетіп қалды?» деген сұрауларға жауап болып тұр.
«Жөнінде» септеулігі де кейде шығыс септік формасында «жөнінен» түрінде де жұмсалады. Мысалы: Жаңағы арыз жөнінен Ақбас берген бірнеше сұрауларға жауап айтып болды да, Абай тағы кітаптарға қадалды (М.Ə.) дегенде де «жөнінен» формасы көбінесе ауызекі сөйлеуде ұшырасады. «Жөнінде» септеулігіне, əдетте, сын есімнің «-гі» жұрнағы жалғанып келеді. Сонда да тіркескен сөзіне септеулік дəрежесінде қызмет етіп отырады. Мысалы: Асқар бұл жөніндегі өзінің пікірін сол кездегі баспасөз бетіне жазды.
«Сияқты, тəрізді, секілді, сықылды» септеуліктері көмекшілік дəрежесінде тұрып, есім сөздердей көптік, септік жалғаулары арқылы өзгереді, жұрнақ арқылы да етістікше өзгереді. Мысалы: Саяси сабақ оқытқан Забировтың сөзін түсіну маған да, мен сияқтыларға да оңай болған жоқ (С.М.). Бұл теңсіздіктің өзегін суырып тастамай дүмбілез қалдырып келген мына сіз сияқтылардың өзі сияқтылардың сөзі мен ісі (Х.Есенж.). Таза тас сияқтанған күміс кесек, Жапырақ секілденген таза төсек (І.Ж.). Бұл адам Асқарға Ботакөз сияқтанып кетті (С.М.). Бұл сөз Байсалдардың қабағына қарағанда ұзаққа бармайтын тəрізденді (М.Ə.).
Сан есімдермен тіркесіп келетін «шақты, шамалы» септеуліктері де тəуелденіп барып, табыс септік формасын қабылдайды. Бірақ өзінің алғашқы көмекшілік қалпын өзгертпейді. Мысалы: Басшыдан қырық шақтысын құлатқан соң, Қалғаны тоз-тоз болды шыдай алмай (И.Б.). Қояннан күніне он шамалысын ұстайды (С.М.).
Барыс септігін меңгеретін «дейін, шейін» септеуліктері сын есімнің «-гі» жұрнағын қабылдап өзгергенімен, өзінің сол септеулік қалпында қызмет ете береді. Мысалы: Бұл күнге шейінгі өмір — екеуінің үлеспеген еншісіндей ортақ өмір (М.Ə.). Алдымен, сіздің бұл күнге дейінгі біздер туралы ойлаған ойыңыз бен біздің күткен үмітіңізді білгім келеді (Ə.Ə.).
«Соң» септеулігінің морфологиялық ерекшелігі басқаша, яғни сол көмекшісі «сол» сілтеу есімдігінің шығыс септік формасы түсіп қалғанда онымен қосылып жазылады. Мысалы: Істен сөзіңіз көбірек болатын, сонсоң ұрсатынбыз (Ғ.Мүс.). Бейсен сонсоң түнде кетті (Ғ.Мүс.).
Ал есімшенің өткен шағына тіркесетін жағдайда шақ жұрнағының соңғы «-н» дыбысы кейде түсіріліп қалып айтылса, «соң» септеулігі кейде «сын» болып жалғанып келуі тілімізде жиі ұшырап отырады. Мысалы: Нағашылық, құрбылық, татулық — бəрі бір жерден шыққансын үшеуі (Амантай, Тұяқ, Ұлберген) жандай дос-ты (С.М.). Қолдан келері аз болғансын, ол орнына қасын беруді ойлады (С.М.).
«Соң» септеулігіне сын есімнің «-ғы» жұрнағы жалғанып кетуі де кездеседі. Содан соңғы əңгімеге біз араласпадық (С.М.).
«Былай» септеулігі — тек сын есімнің «-ғы» жұрнағын қабылдап барып өзгереді. Бірақ оның септеулік мəні өзгермейді. Мысалы: Бұдан былайғы əңгімені екеуінің аузынан күттік (М.Ə.). Бұдан былайғы жұмыстарыңа көмектесіп тұрам (Б.М.).
«Бірге» көмекшісі тіркескен сөз есім баяндауышпен байланысқанда, «кіммен?» сұрағына жауап беріп, жанама толықтауыш болады. Мысалы: Бұл табысқа Омарғалимен бірге сушылар Абдоллаев, Рахманов жолдастар да ортақ (М.Қар.).
«Бірге» септеулігі тіркескен сөздер бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болады. Мысалы: Қалың ел жаңа жырды айтумен бірге, жаңасын да шығаруда (М.Қар.).
Шылау сөздердің семантикалық-грамматикалық топтары сөздерді бір-бірімен тіркестіру қабілетіне қарай бөлінеді [2]. Септеуліктердің тағы да бір ерекшелігі бар. Олар өздері тіркескен сөздердің семантика-грамматикалық мағынасын толықтырумен бірге, сол сөздердің сөйлем ішіндегі басқа сөздермен байланысын да қамтып, оларды бір-бірімен септестіріп тұрады. Бұл жағынан қарағанда, олар септік жалғауларына ұқсайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет