I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Профессор С.Аманжоловтың қазақ әдеби тілі жөніндегі зерттеулері



бет48/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК
Cheklist kony study, 23-7, аза стан Республикасында ж не шетелде инклюзивті білім беруді
71. Профессор С.Аманжоловтың қазақ әдеби тілі жөніндегі зерттеулері
С. Аманжолов жалпы тіл біліміндегі синтаксис мәселелерін: сөйлемге берілген анықтамаларды, сөйлем мүшелерінің табиғатын, сөйлеудің синтаксистік құрылымын, сөйлеу мен ойлау арасындағы қарым-қатынасты зерттеді. Ол сөз таптарының сөйлем мүшесі болу шарттары, сөйлемнің элементтері мен дәнекерлері, интонация, оқшау сөздер, шақ пен жаққа қатысты синтаксистік категориялар, құрмалас сөйлемнің пайда болу жолдары, үйірлі мүше жайында тың қорытындылар жасады.
С. Аманжолов қазақ диалектологиясының негізін салды. Тілдегі диалектілік ерекшеліктерді жинап-зерттеуді (1937-38) ұйымдастырып, диалектілердін даму сипаты, айырым белгілері, тайпалық тілдермен байланысы, үлттық өдеби тілдің диалектілік негізі сияқты аса күрделі мәселелерге тұжырым жасады. Диалектілерге халық, тіл тарихы түрғысынан қарап, олардың қоғамдық сипатын ашты. Қазақтың халық тілі мен әдеби тілінің өзекті мөселелерін зерттеп, соны пікірлер айтты. Ұлттық жазба әдеби тіл тарихын ХIХ-ғасырдың 2-жартысынан бастап, Абайдың халық тілін пайдаланудағы шеберлігін, сөз қолданудағы жаңа үлгісін талдап көрсетті. "Вопросы диалектологии и истории казахского языка" (1959) атты монографиясы түркология саласындагы елеулі табыстардың бірі ретінде бағаланды.
Шығармалары:
• ІV жылдық тіл кітабы, А, 1932;
Қазақ Совет фольклоры, А., 1935;
• Қазақ тілінің грамматикасы, І б. (фонетика мен морфология), А., 1938, 1939, 1940;
• Қазақ тілінің грамматикасы, ІІ б. (синтаксис), А., 1939, 1997;
• Орыс алфавитіне негізделген қазақтың жаңа алфавиті мен орфографиясы, А., 1940;
• Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы, І б., А., 1950, 1994; Русско-казахский словарь в 2-х т., А., 1946;
• Вопросы диалектологии и истории казахского языка, А., 1959, 1997; Қазақ тілі теориясының негіздері, А., 2002; Тіл және жазу, Өскемен, 2005.
Диалектология - тіл білімінің дербес саласы. Оның зерттеу объектісі кез-келген тілдің жергілікті ерекшеліктері болып табылады.
Сәрсен Аманжолов қазақ тілін үш диалектке бөледі, үш жүз қазақтың сөйлеу ерекшеліктеріне сәйкес ғылыми тұрғыдан сипаттайды және оларды бай материалдармен негіздейді. Ол үш жүздің пайда болуына байланысты Қазақстанның үш аумақтық диалектісі қалыптасқан деп мәлімдейді
Ғалым Қазақстан аумағын солтүстік-шығыс, оңтүстік және батыс диалектілеріне бөліп, олардың шекараларын, оларды мекендейтін тайпаларға дейін көрсетеді. Солардың ішінде солтүстік-шығыс диалектісі қазіргі қазақ әдеби тілінің негізі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет