I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипатына тоқталыңыз, синтаксистік қызметіне сипаттама беріңіз. Еліктеу сөздердің түрлерін ажыратыңыз



бет51/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК
Cheklist kony study, 23-7, аза стан Республикасында ж не шетелде инклюзивті білім беруді
74. Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипатына тоқталыңыз, синтаксистік қызметіне сипаттама беріңіз. Еліктеу сөздердің түрлерін ажыратыңыз.
Еліктеу сөз табына жататын сөздер адамды коршаған табиғат кұбылыстарының және айналадағы заттардың қозғалуынан шыққан дыбыстарға еліктеуден немесе адамның түрлі жағдайға байланысты әрекетіне, қозғалысына қатысты көріністердің, сонымен бірге желдің уілі, жапырақтың сыбдыры, найзағайдың жарқылдауы, күннің күркіреуі, өзеннің сылдырап ағуы, заттардың құлап түсуі, домалауы, соқтығысуларына еліктеуден пайда болған мән-мағынаны білдіретін ұғым атаулары. Олар ауызекі тілде де, әдеби тілде де кеңінен колданылады. Сөз табы ретінде еліктеу сөз тілде кейіннен танылған сөздердің тобы. Ол түркі тілдерінің ертеректе шыккан грамматикаларында одағай сөз табының құрамында каралып келген. Түркі тілдерінде еліктеу сөздерді өз алдына одағайдан алғаш рет бөліп, оның 115-тен артық құрылымдык түрі барын анықтаған чуваш ғалымы Н.И. Ашмарин. Түркі тіліндегі еліктеу сөздерді бұдан кейінгі кезеңде өз алдына бөліп, одағай сөзден айырмашылығын ікөрсеткен келесі ғалым Л. Н. Харитонов. Қазақ тілінде де біресе үстеудің, біресе одағайдың ішінде карастырылып келген еліктеу сөздердің жеке сөз табы болып бөлініп даралануы профессор А.Ысқақовтың есімімен байланысты. Ахмеди Ысқақов қазіргі казақ тілінде «еліктеу сөздер» өзгеше бір сөздер тобына жататынын баспа беттерінде елуінші жылдардың басында жариялаған мақалаларында-ақ дәлелдейді.
Еліктеуіш сөздер дыбыстық жағынан, интонация, дыбыс әуенінің екпін, ырғақ құбылмалығы жағынан одағай сөздер сияқты құбылмалы келеді. Олар еліктелетін дыбыс пен қимылдың жылдам-баяу, ақырын-қатты, қысқа-созылмалы, жалаң-дүркінділігіне байланысты біресе баяу, созылмалы, біресе жұлып алғандай тез, жылдам қысқа интонациямен айтылып түрленіп отырады. Еліктеуіш сөздердің дыбыстық ерекшеліктерін сөз еткенде, үш түрлі мәселе ескерілуге тиіс: 1) дыбыстық құрамы, 2) буын жігі, 3) айтылу ырғағы. -з, -с, -р, -ж, -ң, -ш дыбыстарына біткен бір буынды еліктеуіш сөздердің соңғы дыбыстарын созып айтуға болады. Мыс.: гүр-р-р ете қалды, шыр-р-р ете түсті. Еліктеуіш сөздердегі дауысты дыбыстардың жуан, жіңіше, ашық, қысаң болуы ол сөздердің семантикасына әсер етеді. Жіңішке дауысты дыбыстардан құралған еліктеуіш сөздер жуан дауысты дыбыстардан құралған еліктеуіш сөздерге қарағанда қимылдың не дыбыстың жай, жіңішке, әлсіздеу болатындығын көрсетеді. Мысалы, шіңк-шіңк дегендегі дыбыс шаңқ-шаңққа. қарағанда әлдеқайда әлсіз, әлдеқайда жай. Едірең-едірең сөзі адыраң-адыраңға қарағанда “сыпайырақ” сияқты да адыраң-адыраң едірең-едіреңге қарағанда дөрекілеу сияқты. Дыбыстың не қимылдың қатты не жай, жылдам не баяу болуына байланысты еліктеуіш сөздердің интонациясы, әуездік ерекшеліктері де әр түрлі болады. Егер дыбыс жұлып алғандай тез, жылдам, шұғыл шықса, онда еліктеуіш сөздің айтылуы интонациясы да жылдам, тез болады. Мыс.:гүрс етті, дүрс етті. Сол сияқты егер қимыл жай, созылыңқы болмай, тез, шұғыл болса, онда соған орай еліктеуіш сөздін айтылуы да тез, шұғыл болады. Мыс.: селк етті, сап ете қалды. Егер дыбыс шұғыл болмай, созылыңқы жай шықса, онда еліктеуіш сөздер де созылыңқы интонациямен айтылады. Мысалы, қо-о-ор ете түсті, ши-и-иқ ете қалды. Сол сияқты егерде еліктелетін қимыл жылдам, шұғыл болмай, жай, баяу, созылыңқы болса, онда бейнелеуіш сөздер де баяу, созылыңқы интонациямен айтылады. Мысалы, сопа-а-аң етіп шыға келді. Қопа-а-аң ете қалды.
Еліктеуіш сөздер сыртқы морфологиялық құрылысына карай, жалаң да, күрделі де болады. Жалаң еліктеу сөздер негізгі және туынды болып екі салаға бөлінеді. Негізгі еліктеу сөздер деп айналадағы табиғат құбылыстарын кұлақпен есту арқылы кабылданған дыбыстардан және көзбен көру аркылы қабылданған елес-көріністердің бейнелерінен пайда болған түсініктердің атаулары, демек, сол дыбыстар мен бейнелердің атаулары есебінде кызмет ететін түбір сөздерді айтамыз: ар, ыр, ырс, борс, бырс, бұлт, былқ, дүрс, дік, дүңк, күрс, күмп, кірп, елп, жалп, жарк, жалт, жарк, зырк, калт, кілт, лып, лап, морт, мырс, мүлт, мыңқ, салп, саңқ, сыңқ, селк, солк, сарт, сырт, санк, танк. тыңк, шалп, шылп, шаңк, шыж, ырс. т.б.
Туынды еліктеу сөздер деп негізгі (түбір) еліктеу сөздерден де және баска атауыш (атаушы) сөздерден де тиісті жүрнактар аркылы жасалған еліктеу сөздерді айтамыз. Мысалы: алшаң, арбан, арсалаң, ағараң, балпаң, болпаң, дікең, елпең, жалпаң, жортаң, жалтаң, жылмаң, ирелең, көлбең, кірбең, калтаң, колбаң, коржаң, кызараң, қылмаң, кылтаң, салбаң, сылтаң, тарбаң, тарбалаң, ырсаң, ыржаң т.б.
Күрделі еліктеу сөздер компоненттерінің формаларына карай оларды мынадай топка бөлуге болады: арс-арс, борт-борт, быж-быж, гүр-гүр, дүр-дүр, дір-дір,т.б.
Еліктеу сөздерден өзге сөз таптарына тән басқа да жаңа сөздер жасалады. Мысалы: тарсыл дүрсіл, күрсіл, тырсыл, быжыл, шыжыл сияқты зат есімдер -ыл (-іл) жүрнағы арқылы тарс. күрс, тырс, быж, шыж деген еліктеуіш сөздерден жасалған. Сондай-ак, жалтақ, бұлтақ, шыжық, бұрқақ сияқты есімдер де жалт, бұлт, шыж, бұрқ деген еліктеу сөздерден -ақ (-ық) жұрнағы арқылы туған.
Еліктеуіш сөздердің синтаксистік кызметін сөз еткенде, екі түрлі мәселе баяндалуға тиісті: оның бірі — еліктеу сөздердің өздерінен басқа қандай сөздермен тіркесетіні, екіншісі — еліктеу сөздердің сөйлемде қандай мүше болып кызмет атқаратыны. Еліктеуіш сөздің жалаң түрі мен күрделі (қосарланған) түрінің қай-қайсысы болса да өздеріне тән атау формада тұрғанда бірең-сараң жағдайда ғана болмаса, тек етістіктермен тікелей тіркеседі. Бірақ еліктеу сөздер кез келген етістікпен тіркеспейді, оларды тандап тіркеседі. Мысалы: Қорықканнан ба, тоңғаннан ба урядниктің иегі иегіне сақ-сақ етті.
Еліктеу сөздердің сөйлемде кандай мүше кызметін аткаруы олардың өздерінен басқа кандай сөздерге тіркесуімен байланысты. Мысалы: Шаң-шұң дауыс шыкты. Сарт-сұрт төбелес басталды. Берілген сөйлемдерде аныктауыш кызметін аткарып тұр.
Дербес мағыналы негізгі етістіктермен тіркескенде, еліктеу сөздер кимыл мен іс-әрекеттің сын-сипатын білдіреді де, әркашан пысықтауыш мүше болады. Еліктеуіш сөздер заттанып, есім формаларында жұмсалуы мүмкін.
Аспандағы жарқ-жұрқтан үрейі ұшты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет