I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда



бет50/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК
Cheklist kony study, 23-7, аза стан Республикасында ж не шетелде инклюзивті білім беруді
Батыс қазақ диалектісі. Сәрсен Аманжоловтың айтуынша, қазақ тілінің батыс диалектісіне алшын тайпалары одағының тілі кіреді. Бұл тайпалар ұзақ уақыттан бері Арал теңізін, Каспий алқабын, Жайықты және Ор өзенін мекендеген. Қазіргі әкімшілік бөлініске сәйкес батыс диалектінің құрамына Орал, Гурьев, Маңғыстау, Ақтөбе облыстары және Қостанай, Торғай және Қызылорда облыстарының кейбір аудандары кіреді. Алшын руларының оңтүстік диалектімен, оңтүстік-батыстағы қарақалпақтармен, түркімендермен одақ; солтүстік-батыста татарлар мен ноғайлар; Солтүстік-шығыста ол қазақ тілінің солтүстік диалектісі мен башқұрттармен шектеседі. Алшын тайпалық одағы өз алдына бірікпейді: ол үш рулық бірлестіктен тұрады: алимұлы (6 атасы), байұлы (12 атасы) және жету (7 атасы)
Батыс диалектісінің негізгі фонетикалық ерекшеліктері.

Ш мен С алмасуы: шекер – секер, келешек – келесек// кележақ, шοқаю – сοқаю, шұжық – сүжік.


Ш мен Ж алмасуы: келешек – кележақ, берешек – бережаң, шаң – шұң – жаң – жұң, қиыр – шиыр – қиыр жиыр.

Д мен б алмасуы: дοдалау – бοдалау, жедеғабыл – жебеғабыл.

Д мен Ж алмасуы: дοмалау – жұмалау.

Н мен и алмасуы: қайда сұрау есімдігі қанда бοлып айтылады. т.с.с.




72. Лебіз құру үстінде көріністің гетерогендік талабы, оның нақты көріністерін атаңыз.
Құрмалас сөйлемдер жүйесінде көрінетін коммуникативтік көріністер және олардың орындалуы, коммуникативтік талаптардың орын тәртібі арқылы орындалуы, кірігу орын тәртібі, инверсиялық орын тәртібі, экспрессивті құрмалас сөйлемдер және құрмалас сөйлемдердің лебізді түрлендіру, ажарландыру талабына қызмет етуі туралы айтылған ғылыми ойлары осы мақсаттан туындаған. Қазір сөйлемнің жасалу жолдарында ешқандай өзгеріс жоқ деп айтуға болмайды. Бұл тілден тысқары факторларға қатысты болса керек. Автор құрмалас сөйлемді қарастырғанда соңғы тараулары көркем әдебиеттен алынған мысалдармен толықтырылған, ал қазір жазба мәтіннің түрлері, жанрлары, типтері көбейді. Сондықтан Р. Әмірдің құрмаласқа қатысты ғылыми тұжырымдары болашақ ғылыми зерттеулерге де негіз болады деп айтуға болады. Қазақ тілінің грамматикасы ұлттық әдеби тілдің қызмет етуінің сөз сөйлеу арқылы жүзеге асқан күрделі құбылыс болғандықтан, құрмаласқа қатысты қайшылықты пікірлер әлі де туындайды. Қазақ тілінің функционалды грамматикасының негізгі нысаны да ұлттық әдеби тілдің қоғамдық қызметінің толық әрекет етуінің жемісі болып есептелінеді.
Лебіз білдіру әрқашан коммуникативтік талаптар арқылы орындалады. Р. Әмір өз еңбегінде коммуникативтік талаптарды бірінші және екінші дәрежелі деп бөледі. «Коммуникативтік талаптың ең қарапайым көрінісі мына түрде көрінеді:
а) ақпаратты жеткізу – хабарлы сөйлем арқылы іске асады;
ә) сұрау, сұрақ қою – сұраулы сөйлемдер арқылы орындалады;
б) біреуді жұмсау, бұйыру – бұйрықты сөйлемдер арқылы іске асады» .
Жай сөйлемдердің тема мен ремаға жіктелісіне І немесе ІІ дәрежелі коммуникативтік талап негіз болады. І дәрежелі коммуникативтік талапқа ең алдымен оның хабарлы, сұраулы, бұйрықты етіп берілуі жатса, екіншіден, оның қарапайым логикаға құрылуы шарт. Себебі пікір уақыт пен кеңістіктегі іс-әрекет, іс-әрекеттің субъектісі, субъектінің атрибуты, іс-әрекеттің нысаны және пысықтауыштық өрістерді қамтиды. Бірақ адам әрдайым осындай ретпен сөйлей бермейді. Тілдесімнің мақсаты мен мазмұнының күрделенуіне қарай коммуникативтік талаптар да күрделенеді. Оларды Р. Әмір былай береді: «Құрмалас сөйлем құрамына мынандай екінші дәрежелі коммуникативтік талаптардың әсері байқалады.
Лебізді үнемді етіп құру.
Лебізді түрлендіріп, ажарлап айту.
Адресатпен үндесіп отыру.
Лебізді экспрессивті етіп айту.
Лебіздегі актуалды құрамын ерекшелеп айту, т. т.» [2, 94].
Осы коммуникативті талаптарға байланысты сөйлемнің тема-ремасы өзгереді.
Құрмалас сөйлемдер сонымен бірге экспрессивтік сипатта болады. Лебіздің эмоциялы, экспрессивті реңкте құрылуының әр түрлі жолдары бар. Экспрессивті құрмалас сөйлемдер әртүрлі сезімдерді оятады. Әлден ақытта құрық үстіне құрық жаудырып, ну жылқыны иіріп бетін түзеп, екі қырдың астына түсірдік-ау!Бұл мысалда компонеттердің құрамына демеулік шылау және лексикалық бірліктер арқылы экспрессивтік мән үстеліп тұр.
Ызғындай ұрпақ, мол ырыстың ортасында отырып, айдалада жалғыз қалғандай, айналасы құлазып тұрса, мұның несі бақыт? Бұл аралас құрмалас сөйлемде екінші компонент шартты рай тұрғалы етістікпен келіп, үшінші компонент ретінде риторикалық сұрақты білдіретін сөйлем қатысып, экспрессивті құрмалас сөйлем жасалған. Бізді іздеп әуре болма, бәрібір таба алмайсың! Бұл мысалдар экспрессивті құрмалас сөйлемдерді танып, олардың құрылысын жіктеп көрсетуге негіз болатын деректер ғана. Коммуникацияда экспрессивтік сипаттағы құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдары, олардың берілу сипаты өте ауқымды. Құрмалас сөйлемдер лебізді түрлендіруге, ажарландыруға да қызмет етеді. Әрбір сөйлеуші басқадан өзгеше қылып, түрлендіріп сөйлеуге ұмтылатыны анық. Бұл жөнінде Р. Әмір еңбегінде «Осылай сөйлеу – қазақтың абыройы, мәртебесі» деп бағалайды. Құрметтейік, көтерейік те әйелді! Ана әйелді құрметтейік! Оның сүюі таусыла ма, бүкіл дүние соның емшегін еміп, ер жеткен емес пе? Адамда не қасиет болса, бәрі күннің көзі мен ананың сүтінен алынған қасиет. Ананың құрметі әлі жеткен жоқ! Бұл үзіндіден автордың қисынды сөйлеу шеберлігін анық байқаймыз. Оның сөйлемдерді құру барысында сөздерді мақсатты түрде байланыстырып, орындарын белгілеуі де коммуникативтік талапқа сай жасалған.
Әйда! Көшенің қақ ортасында иттер тойы қызсын да кетсін. Алдыда – Динго, сонан соң Таймас, желаяқ, қалғандары соңында. Бәрі үміткер Ертеңіне есіліп ақ тау, жосылып жота жол берді, жол үзігі жалғанып қалды екі шек қосылып. Поезд да өтті ен далада еркін салып айғайын, будақтатып көсіріп. Есрафил да бұл алыстан түнілді, жас алыптан – жаңа адамнан үміт кесіп, тосылып. Бар ашуы алқымына тығылып, қалжыраған, бір тұрып, бір жығылып, кетті қайтып мұз жеріне, түбегіне, қанды іздері қалды жарда жосылып.
Осындай көркем әдебиетте кездесетін мысалдарға жеке ізденіс, жеке сөйлеу стилі, ажарлылық, түрлілілік секілді көптеген сипаттар тән болып келеді.


73. Қазақ тіл білімінде модаль сөздер туралы баяндаңыз. Етістікті және есімді модаль сөздердің ерекшелігіне тоқталыңыз. Модаль сөздердің пайда болуы мен жасалуына сипаттама беріңіз.
Модальдық терминін алғаш рет 1969 жылы О.С.Ахманованың лингвистикалық сөздігінде кездестіре аламыз. Ол модальділікті айтылғанның мазмұнына айтушының қатынасы және айтылғанның мазмұнының шындыққа қатынасын қарастыратын және рай және модальдық етістіктер, сөздер сияқты әр түрлі лексикалық және грамматикалық тәсілдермен берілетін категориясы деп таныды.
Модальділік мағына­–тілдің түрлі деңгейіне қатысты, өте кең өрістік тілдік категория. Алайда модальділік мағына тілде етістік құрамынан көп орын алады. Оның ішінде етістік баяндауыш та модальдік мағынасыз баяндауышты кездестіру өте қиын. Өйткені модальділік сөйлеушінің сөйлемдегі айтылған ойға көзқарасын, ойын, пікірін білдіреді. сөйлемдегі ой, уақиға сөйлеуші тарапынан хабарланады да, сөйлеуші сөйлемнің негзгі белгісінің біріне жатады. Сөйлеуші не туралы хабарласа, айтса да айтылған ой, уақиға туралы өз пікірін қоса білдіреді.
Адам сөйлегенде немесе жазғанда белгілі бір жайт туралы тек жалаң турде хабарлап қана қоймайды, соған қатысты өзінше түйген көзқарасын, көңіл қошын, ойын да қоса білдіреді. Өйткені ондай жағдайда көңіл, ой құбылысы арқылы айтылатын хабардың анықтығы, танықтығы, ақиқаттығы , шындығы, айқындығы, неғайбілдығы, күдіктілігі, күнгірттігі,күмәнділігі, болжамдылығы, жорамалдылығыықтияттылығы, тыңғылықтылығы, үстіртіндігі, шалағайлығы, орындылығы, мүмкіндігі, ықтималдығы.... тәрізді жай-жапсарлар да, сондай-ақ, аяныш, жалыныш, қуаныш, реніш, жиреніш, өкініш, өтініш сияқты .... көңіл күй жайлары да аңғартылады. Сөйлеушінің немесе жазушының көңіл қошының осындай сәттері модальділік реңк деп аталады.
Модаль сөздер тілдегі модальділік және предикативтік құбылыспен тығыз байланысты. Жалпы модальділік тілдің коммуникативтік функциясының жемісі болғандықтан диалогтық сөйлеуде модаль сөздер сөйлемдік дәрежеге көтеріледі, өз алдына жеке ойды білдіріп, тиянақты сөйлем интонациясымен айтылады. 
Модаль сөзді сөйлемдер мынадай топтарға бөлінеді:
Қазақ тілінде бар, жоқ, керек, көп, аз, әрине, бәсе, мүмкін, бәлки, әлбетте, қажет деген сияқты біраз сөз бар. Бұл сөздер басқа топтарға қарағанда сан жағынан аз болғанымен, мағынасы мен қызметі жағынан тіпті ерекше деп айтуға болады. Осы ерекшеліктеріне қарай негізгі сөздер мен көмекші сөздердің аралығында тұратын өз алдына категория модаль сөздер деп аталады. Модал сөздер адамның өзі айтпақшы болып отырған ойына қалай қарайтынын, көзқарасын, қандай пікірі барлығын білдіреді. Мысалы: терезені ашу керек, терезені ашу қажет деген сөйлемдердегі керек, қажетсөздері арқылы сөйлеген адам терезені ашудың керек, қажет екендігін айтып, өзінше пікір түйеді, бірақ не ашылады деп хабарламайды не аш деп бұйырмайды.
Немесе ойға қатысты мәндер қосатын сөздер екенін айтып, оны көмекщі сөздер қатарына қосады.
Модаль термины латынның «шама», «тәсіл», «көрініс» деген модальдық деген мағынаны білдіреді. Модальділік пікірдің субьектісі мен обьектісі арасындағы байланыстың сипаты, яғни пікірлер. Пікірлерді модальділігіне қарай бөлуді тұңғыш рет Аристотель айтқан болатын.
Модальділік сөйлеушінің сөйлем мазмұнына көзқарасын және сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатысын білдіреді. Модальділік ең алдымен сөйлемде көрінетін тілдің негізгі өзек категориясына жатады. Айналадағы әр алуан болмыс түрлері, іс-әрекет сөйлемде әдетте жалаң хабар түрінде ғана айтылмайды. Онда сөйлеушінің сол хабар туралы алғаш пікір айтқан В.В.Виноградовтың есімімен байланысты. Тіл білімінде модальділік категория сыртқы синтаксистік модальділікке жататын обьективті, субьективті және ішкі синтаксистік модальділік мағына тұрғысында қарастырылады. Обьективті модальділік мағына сөйлеушінің ақиқат шындыққа реалдылық-бейреалдылық көзқарасын, ал субьективті модальділік мағына сөйлеушінің мүмкін, қалауы, қажетті, міндетті, бұйрықты іс-қимыл ретіндегі бағасы беріледі.
Модаль сөздер-тілдегі модальділік пен предикаттылық құбылыстарымен тығыз байланысты тіл-тілдердің барлығында бар, тілдік бірліктерге жататын сөздер тобы. Модаль сөздер сөйлемде айтылған ойдың мазмұнына, болған шындыққа айтушының көзқарасын білдіреді. Қазақ тілінде модаль сөздер сөз таптары қатарына кірмейтін сөйлемнің сан алуан экспрессивтік және эмоционалдық мәніне байланысты сійлемнәі құрамына енгенін, оның анықтығын көрсетумен қатар, күмәндылығын не болжамдылығын білдіреді. Бұндай сөздерге қазақ тілінде мүмкін, шамасы, рас, әрине, тәрізді, сияқты, әлбетте, бәлкі сөздері жатады. Профессор С.Исаев атаушы сөздерден басқа көмекші сөздердің бір түрі шылаулар және одағай сөздер мен модаль сөздер жеке сөз табы болып қаралады, өйткені олардың жеке лексикалық мағыналары болмаса да, өзі қатысты сөзге я сөйлемге қосымша грамматикалық мән үстейді немесе ойға қатысты мәндер қатарына қосады.
Модаль сөздердің ағылшын тілінде және қазақ тіліндегі қолданылуы бірдей емес. Қазақ тілінде модаль сөздермен қатар, баяндауыш құрамында қолданылатын сөздер кездеседі.
Модальділік категориясы-негізінен субьектінің обьектіге, ақиқат шындыққа деген сенімін, күмәнін, тілегін, болжамын, қалауын т.б. осы сияқты әр түрлі қатынастарды білдіретін категория. Асқаша айтқанда, айтушының сөйлем мазмұнына немесе сөйлемнің баяндалу мазмұнына, сөйлеуші жаққа, ондағы ақиқат шындыққа деген субьективтік көзқарасының көрінуі. Өйткені сөйлеуші сөйлеу жағдайы мен сөйлеу мазмұнына, оның құрылысына әрдайым өзінің қатысын білдіріп отырады. Бұл қатынас ақиқат шындыққа деген айтушы қатынасы немесе модальділік қатынас болып табылады. 
Модальділік қатынас бір жағынан айтушы тарапынан шындық туралы берілетін логикалық қатынас та, айтушының шындыққа деген эмоциялық қатынасы да модальділік қатынасқа жатады. Осыдан келіп сөйлем модальділігі коммуникативті модальділік, логикалық модальділік және эмоционалды модальділік деген топтарға жіктеледі. Бұл модальділік мағыналарынсыз сөйлем болмайтыны және ондағы негізгі мазмұн субьетінің көзқарасы арқылы берілетінін көрсетеді. Модальділік жалпы өзінің мазмұндық сипаты бойынша сөйлеуде ғана жүзеге асады. Ендеше модальділік-сөйлем мазмұнындағы айқындық дәрежесін білдіретін тілдік категория.
Модальділік әрбір тілдің өзінің құрылымдық ерекшелігіне, ішкі даму заңына сәйкес түрлі тіл құралдары арқылы беріледі. Модаль сөздердің даму жолдары барлық тілдерде біркелкі емес, сондықтан бұлардың садық көлемі де, жалпы табиғаты да түркі тілдерінде әлі нақтыланбаған.
Модаль сөздердің саны тілде аса көп болмаса да, атқаратын қызметі зор, әрі маңызды. Модаль сөздер айтылатын пікірдің бағытына, ыңғайына қарай қолданылады да, сөйлемнің экспрессивтігін күшейтеді. Осыған байланысты модаль сөзддердің құрамы мен мағынасы да түрліше болады. 
Қазақ тіліндегі модальдік мағынаның модаль сөздер арқылы берілуіне қатысты тақырыпта Е.Жанпейісов кандидаттық диссертация қорғаған. Е.Н.Жанпейісов қазақ тілінде модальділік мағынаны білдіруде қолданылатынтілдік құралдарға етістік райлары, интонация қыстырма сөздер, модаль сөздер және кейбір модаль демеуліктері жатқызады. Модаль сөздердің лексика-грамматикалық белгілері, қалыптасу көздері, семантикалық сипаты мен қолданылу ерекшеліктерін жаңадан шыққан грамматикада толық баяндайды.
Модаль сөздер көмекші сөздер табына жататын морфологиялық категория ретінде, басқа кмекші сөздер сияқты, толық мағыналы дербес сөздерден өзінің ұзақ лексика-грамматикалық даму процесінде бастапқы мағынасынан біржола ажыраған сөздер болғандықтан, жеке тұрғанда модаль сөздер толық лесикалық мағынаны білдірмейді. 
Модаль сөздер тілдегі модальділік және предикаттылық құбылалыспен тығыз байланысты. Предикаттылық сөйлем мазмұнының ақиқат шындықпен жалпы арақатынастығын білдіреді. Ал сөйлемде айтылған хабардың ақиқат шындыққа қатынасы модальдік қатынас дейміз. Яғни сөйлеуші өзінің бұл хабарын қалай түсінеді, өз тарапынан оған қандай сипаттама береді, ақиқат шындыққа қалай қарайды-модальдік қатынастың мәні міне осында, ал предикаттылық -ең алдымен ойды тіл заңдылықтары мен ережелеріне қалыптап көрсетуге қатысты сипат.бұлар өзара тығыз байланысты болғанына қарамастан, бір-бірінен айырмашылығы да бар. Модальділікке әдетте сөйлемнің негізгі тұрақты бір белгілерінің ішіәнен ойдың тиянақтылығын білдіретін (анықтайтын) интонация, яғни хабардың айтылу ырғағы, сөйлеушінің тағы басқа модальділік қатынасы тиесілі. Ал предикаттылық болса, ол сөйлесу единицаларының грамматикалық жағынан ұйымдасуын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет