I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Әдеби тілдің анықтамасы туралы қандай ғалымдардың пікірлерін білесіз, талдау жасаңыз



бет53/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК
Cheklist kony study, 23-7, аза стан Республикасында ж не шетелде инклюзивті білім беруді
76. Әдеби тілдің анықтамасы туралы қандай ғалымдардың пікірлерін білесіз, талдау жасаңыз.
Әдеби тіл жөнінде пікір айтушылардың бірі - М. Әуезов. Ол 1950 жылдары жарық көрген бес – алты мақаласында «Әдеби тіл» мен «Әдебиет тілі» атауларын бірде саралап, бірде синоним ретінде қолдана келіп, «Әдеби тілдің әдеби процеспен, жазу мен тығыз байланысты дамитынын, оның халық тілінің жоғары формасы екендігін айтады.

Академик Н.Т Сауранбаев та қазақ әдеби тілі туралы біраз пікірлер айтқан. Ол: «Қазақтың әдеби тілі революциядан бұрыңғы дәуірлерде жасалып, белгілі бір жағдайда өмір сүрген, бұл дәуір қазақ әдеби тілінің алғашқы адымы, нәрестелік дәуірі», - деді Н.Т Сауранбаев. Неге бұлай аталатының себебін түсіндіреді. Яғни, ол кісінің пікірінше бұның себебі; сол кездегі ақындардың еңбектерін халық сауатсыз болғандықтан пайдалана алмаған және сол ақын – жазушылардың шығармаларының дәл жазылған уақытта басылмағандығы.


Ғ.Мұсабаев «Әдеби тіл» деген ұғымға ғылыми техникалық көркем әдебиет нұсқаларының тілі, мектеп, театр, радио, баспасөз жеке мемлекет мекемелерінде қолданылатын тіл енетінін және әдеби тілдің нормаланған, жалпыға бірдей түсінікті болуы шарт екенін айтады
Ал М. Балақаев, Р. Сыздықова, Е. Жанпейісов авторлығымен жарық көрген «Қазақ әдеби тілінің тарихы» деген кітапта авторлар әдеби тілдің екі түрі болатынын айта келіп, жалпы әдеби тілдің пайда болу мерзімі туралы былай дейді: «Қазақтың әдеби тілінің тарихын біз ХІХ ғасырдың екінші жартысынан емес, ХІІІ ғасырдан бастаймыз. Өйткені, халық тілінің жазба әдебиет ыңғайында нормаға түсе бастаған шағы және бірді – екілі стильдік құбылыстардың көрініс бере бастаған кезі, дәлірек айтқанда, әдеби тіл белгілерінің айқындала бастаған мезгілі – осы ХІІІ ғасырдан басталады».
А. Ысқақовтың пікірінше, төл әдеби тілдің революцияға дейінгі кезеңінде қазақ даласына екі түрлі әдеби тіл «жарыса» өмір сүредi, оның бірі – жалпыхалықтық әдеби тіл де, екіншісі – сол кездегі үстем таптың өкілдері ғана, сауатты байлар мен қожа – молдалар ғана пайдаланған «түркі тілі», яғни «кітаби тіл».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет