I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Сөйтіп, шылаудың басқа сөз таптарынан мынадай айырмашылықтары бар



бет47/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК
Cheklist kony study, 23-7, аза стан Республикасында ж не шетелде инклюзивті білім беруді
Сөйтіп, шылаудың басқа сөз таптарынан мынадай айырмашылықтары бар:

  1. Шылаудың толық мағынасы болмайды.

  2. Сөйлем ішінде шылау сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды.

  3. Шылаулар сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді салаластыра, сабақтастыра байланыстырып немесе толық мағыналы сөздің жетегінде оған қосымша мəн үстей қолданылады.

  1. Шылаулар түрленбейді жəне басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалмайды. Шылаулар — лексикалық мағынасынан айырылу нəтижесінде туған көмекші сөздер [3].

Қазіргі қазақ тілінде септеуліктер сөйлемде атқаратын қызметі жағынан олар басқа сөздерден кем түспейді. Бұлар сан жағынан шағын болғанымен, тілде өте жиі қолданылады. Септеуліктер өзгермейтін, дербестігі жоқ сөздер болуына қарамастан, тіркескен есім сөздерін синтаксистік қатынасқа келтіріп белгілі бір септіктерді меңгеріп тұрады. Септік жалғауларының грамматикалық мағыналарын жетілдірумен бірге, септеулі сөзді басқа сөздермен байланыстырып жəне оларды меңгеретіндіктен, бұл көмекші сөздер септеуліктер делінеді.
Олар ішкі мазмұны (мағынасы), сыртқы формасы (дыбыстық жағы), сөйлемдегі қызметі жағынан өзінше дербес категория. Шылаулардың мағынасы, грамматикалық қызметі атауыш сөздермен тіркескенде ғана анықталады [4].
Тілімізде сөйлем ішіндегі сөздерді өзара байланыстырып құрастыру-тіркестіру тəсілінің бірі болып саналатын шылау сөздердің жеке бір тобы — демеулік шылаулар.
Демеуліктер — өз алдына дербестігі жоқ көмекші сөздер. Олар шылаулардың басқа түрлері (жалғаулық, септеулік) іспеттес абстрактылық ұғымды білдіреді. Солай бола тұрса да, демеуліктер өзіндік көмекшілік ерекшелігін сақтай отырып, сол жалғаулық, септеулік сияқты грамматика- семантикалық топта жалпы шылау сөздермен құрмаласа қаралуға тиіс.
Демеуліктердің көпшілігі қосымшалар тəрізді өздері тіркескен сөздерінің соңғы дыбыстарының əуеніне қарай ма//ме, ба//бе, па//пе, да//де, та//те, қана//ғана, шы//ші т.б белгілі-белгілі дыбыстық вариантта болып келеді. Бірақ демеуліктер қосымшалардай белгілі бір сөз табына телулі болмайды. Олар əр алуан тұлғадағы көптеген сөздерге, яғни барлық сөз таптарына тəн сөздерге тіркесе береді жəне жұрнақтар сияқты сөздің лексикалық мағынасын да өзгертпейді, басқаша айтсақ, жаңадан сөз жасамайды.
Сол себепті де демеуліктерді қосымшалармен теңестіріп, тек морфологиялық категория деп танып, синтаксиске қатысы жоқ екен деп қарауға əсте болмайды. Демеуліктер негізінен абстрактылы сөздер қатарында жеке сөзге қатысты ғана болып қоймай, сонымен бірге сөйлемнің мағынасы мен құрылысына тікелей қатысты семантика-грамматикалық категория болып табылады. Рас, қайсыбір демеуліктердің өздерінің де алғаш дербестік мағынасынан ажырап, көмекшіге ауысқаны сияқты, қосымшаға да айналып бара жаткандары бар. Мысалы, «ма» демеулігі түбір мен қосымшаның арасына түсіп, қысаңданып, «мы-мі» болып, тілектік ұғымдағы «шы//ші» демеуліктері түбірімен бірге келіп, жұрнаққа айналып бара жатқандығы да кездеседі. Бірақ бұған қарап демеуліктерді жалпы қосымшаға бейім сөздер деп есептеуге болмайды.
Демеуліктердің сөйлем құрылысында адамның көзқарасы мен көңіл-күйін көрсетудегі алатын орны синтаксистік қызметі деп танылып, грамматика-семантикалық топта қаралуға тиіс. Мысалы: Қап, мына абыройсыз, бар абыройдан бір-ақ айрылды-ау! Абай: «Дəмі қайтпас тəтті бар ма!» — депті. Алданып сұм дүниеге жүрген шығар. Шығанақ оған бала оқытушы ғана деп қарамайды.
Осы жоғарыда келтірілген мысалдардан кейде ызалану, кейде күмəндану, кейде таңырқау, топшылау, шамалау, кейде құптау, жұптау тəрізді жазушының білдіргісі келген қалтарысты жайттарын оқушыға əсерлі етіп көрсетуіне өзге де көмекші құралдармен қатар демеуліктердің де талғай, таңдай қолданылуы сол демеуліктердің сөйлемнің ішкі модальдық мəніне қажетті дəнекер екенін аңғартады. Ендеше, демеуліктердің жалғаулық, септеулік сияқты синтаксистік категория екеніне ешбір күмəндануға болмайды.
Сонымен, демеуліктер — дербестік лексикалық мағыналары болмағанымен, сөйлем ішінде басқа сөздерді өзара қарым-қатынасқа келтіріп, байланысын күшейтетін топтағы көмекшілер, яғни семантика-грамматикалық мағыналары жағынан адамның əр түрлі сезім жайттарын анықтай түсетін сөздер. Демеуліктер де жалғаулық пен септеулік тəрізді шылаудың қатарындағы сөздер, яғни сөздіктің қатарынан шығып қалған сөздер емес. Демеуліктер сөйлем ішіндегі, құрамындағы белгілі бір сөзге я сөйлемшеге тіркесе келіп, осы сөйлемдерге алуан түрлі абстрактылық мағына қосу үшін жұмсалады.
Демеуліктер, негізінен, өздері тіркескен сөздердің я сөйлемнің мағынасына, ұғымына сөйлеуші немесе жазып отырған адамның əр түрлі көңіл-күйінің шырайын, реңкін, райын жəне əр қилы қатысын үстемелеп тұрады, яғни демеуліктер негізінен өздерінің қатысы бар сөздерінің адам көңіл- күйіне байланысты ұғымын нақтылайды, даралайды. Мысалы: Сөйлесіп ебін табатын да адам жоқ- ау!... Осындай істер əр елде болатын шығар деймін. Əй, иттің ғана малы-ай, шашымды ағарттың- ау!
Бұл сөйлемдердің біріншісіндегі «да» демеулігі «табатын» сөзінің мəнін күшейтсе, «-ау» демеулігі өкінуді білдіріп, екеуі келіп ереше ызалануды аңғартады. Екінші сөйлемдегі «шығар» сөзі дəл осы сөйлемде адамның өзіне айтып отырған ойына сенімділігін ескерту ұғымын үстемелейді. Үшінші сөйлемдегі «ғана» тек жағымсыз, теріс мінезді адамға тəн екеніне шек қоя айтуды, «-ай» демеулігі қатты ренішпен қаратыла, «-ау» сөзі күйінішпен түңілуді күшейте айтуды көрсетеді де, осындағы демеуліктердің бəрі жиналып келіп, сол сөйлемде күйінішті күшейте түсіп, налудың зілділігін, тіпті ашынудың аяныштылығын баяндайды. Міне, осы тəрізді демеуліктердің семантика- грамматикалық мағыналары адамның көзқарасы мен көңіл-күйін білдіруі жағынан демеуліктерді модаль сөздермен белгілі бір сөзге тіркесе келіп, сол сөздің ұғымына ортақтас болмайды. Модаль өздердің көпшілігі сөйлемде сөйлеушінің көзқарасын аңғарту үшін келтірілгенімен, басқа сөздерден дауыс ырғағы арқылы да оңашаланып келеді жəне оқшау сөз ретінде сөйлемде үтірмен бөлініп беріледі. Мысалы: Менің аянған жерім болды ма, сірə? Бұл Абайдың, əсіресе жауап айтар, не айтар екен? деп асыға күткен жайы еді. Тіліміздегі əрине, мүмкін, бəсе, əйтеуір, тиіс, ендеше, бəлки, бар, жоқ, аз сияқты т.б. модаль сөздердің өз алдына дербестік қасиеті бар. Сондықтан олардың кейбіреулері сөйлем мүшесі де бола алады. Мысалы: Құсалықпен өтті ғой, Махамбеттің көп ісі дегенде «көп» анықтауыш болып тұр. Теретін тезек біздің елде де бар дегенде «бар» — баяндауыш.
Өз бойында лексикалық мағынасының элементтерін молырақ сақтаған, азды-көпті семантикалық дербестігі бар шылаулар өздері тіркесетін атаушы сөздердің негізгі мағыналарына аз да болса, өз үлесін қосып отырады. Ал өздерінің бастапқы лексикалық мағыналарынан тым алшақтап кетіп, семантикалық дербестігін мүлдем жоғалтып алған шылаулар өздері тіркесетін атаушы сөздердің тек формалдық-грамматикалық компоненттері ретінде ғана қолданылады. Мұндай шылаулар грамматикалық сипат жағынан аффикстерге бір табан жақын болады, бірақ олар атаушы сөздермен тіркескенде жеке сөздік бейнесін жоғалтпайды [5].
Жекелеген түркологтардың айтқандары болмаса, жалпы түркі тектес тілдерде, оның ішінде қазақ тілінде, тіпті орыс тілінің өзінде де, модаль сөздердің əлі толық зерттеліп жетпегені мəлім. Дегенмен, мағыналық жағынан модаль сөздер демеуліктермен сыбайлас бола тұрып, қазақ тілінде қолданылуы жағынан жеңіл ажыратылады. Неге десеңіз, шылаудың басқа түрлеріндей демеуліктердің де дербестік мағынасы жоқ. Олар тек басқа сөздерге көмекшілік ретінде қолданылып, өң беріп, сол дербес мағыналы сөздердің негізгі ұғымына модальдық түсінікті күшейтеді, кейде өзара байланыстырып тиянақтап та тұрады. Мысалы: Жиен-ау көзің талды ғой... Жаңа ғана үйде деген кіріп қана шығам, — деді ол Бүркітбайға. Қош келдіңіз, — деп аттың шаужайына оралды жігіт. Шығанақ сонда ғана арбадан түсті. Шырағым, ұйқың келген шығар. Ойға алғанның бəрі түгіл бірі жоқ. Сен түгіл өзім де анық білмеймін. Ырғызбайдан атқа мінген жиырма кісі Күнтаудың аулына келіп, ошарылып бір-ақ түсті. Келді де сəлем берді төресіне, аз-ақ тұр шықпай жаны денесінде. Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек? Əлде бір алма мойын əнші ме екен? Ертең Айға, Шолпанға саяхат етіп адам да барады. Мына топырдың аяғы брдемеге апарып соғып жүре ме дегенім де...
Сөйтіп, демеуліктер көп жағдайда, əсіресе модаль сөздер мен жалғаулықтарға бейімділігі бар бола тұрса да, өз алдына жартылай грамматикалық, жартылай лексикалық типтегі сөздер болып табылады.
Демеуліктер жалғаулық шылаулар сықылды тұлға жағынан тиянақталған бір ыңғайлас сөздерге тіркесіп, бұларды өзара байланыстыра келіп, түрліше логика-грамматикалық қызмет атқарады. Мысалы: Шыны ма, тас па, əйтеуір асылдың тегі өзі дегенде, «ма, па» демеуліктері сөйлемнің бірыңғай мүшелерімен тіркесіп келіп, əдеттегідей сұрау емес, талғау, таңырқау ұғымын білдіріп тұр жəне сол бірыңғай мүшелерді байланыстырып та тұр.
Ал, ыңғайлас жалғаулыққа жатқызылып жүрген «да, де, та, те» шылаулары, сол жалғаулық болумен бірге, көп реттер де күшейткіш демеулік қызметін атқарады. Мысалы: Ойнаймыз да күлеміз, Тебіскен тай мен құлындай дегенде, «да» — жалғаулық. Өйткені бұл жерде олар сөйлемнің бірыңғай мүшелерін байланыстырып тұр. Ал, Сен де бір кірпіш дүниеге дегенде, «де» көмекшісі «сен» сөзіне ерекше көңіл аударып, басқа емес, не тыңдап, не оқып отырған адам екенін арнай көрсетіп тұр. Сабақ деген мектепте ғана емес, өмірде де бар деген сөйлемде «де» көмекшісі «өмір» сөзіне ерекше көңіл аударып, соның мəнін күшейтіп тұр. Тек «өмірде бар» десек, ешқандай əсер алмас ек. Ал, «де» сөзін қосып айтқанда, ерекше сезім, көңіл-күйімен байланысты айтылады.
Сондықтан «да, де» көмекшісін осындай көңіл-күйімен байланысты болып келгенде күшейткіш демеулік деп танығанымыз жөн. «Да, де» сөздерінің жалғаулыққа сəйкеспейтін мұндай ерекшелігі жиі кездеседі. Мысалы: Сен түгіл өзім де анық білмеймін. Онда жаяу тарта берем де. Өткел жайын да айттым. Дəл өзі болды да қойды.
Жалғаулықтардың демеулікке қарағанда тағы бір ерекшелігі бар. Ол көп ретте ешбір сөзге тіркеспейді, дербес тұрады да, сөздерді не сөйлемдерді саралап көрсетеді немесе сөйлемнің бірыңғай мүшелерін байланыстырғанда екеуіне де қатысты болып келеді. Мысалы: Ендеше, не ер бол да ақта! Немесе илан да жазала! Ал, демеулікте өзінен бұрынғы сөздермен тіркесіп келіп, сол тіркескен сөзінің ішкі мағынасына ортақтасады да, кейбір жағдайларда сол сөздің грамматикалық мағынасын түрлендіріп, онымен тұтасып та кетеді. Осы жағынан алғанда, демеуліктер септеулік шылауға ұқсайды. Олар сөйлем ішіндегі бір сөзге жанаса келіп, сол сөзді келесі бір сөзбен байланыстырып тұрады. Тіпті сол сөздің құрамына да енеді. Мысалы: Меніңше, елге қайтасын ғой деймін. Осындай иі қатты Олжабектің бабын табатын бір ғана Жамал. Сен түгіл өзім де анық білмеймін. Білсем, əлдеқашан айтбайын ба.
Бұл сөйлемдердегі «ғой, ғана, түгіл, ба» демеуліктер өздері қатысты: «қайтасын, бір, сен, айтпайын» деген сөздерге тіркесіп жоғарғыда аңғартқанымыздай, оларды келесі сөздермен байланыстыру да, тиянақтауда да өте қажеті болып тұр. Бұған дəлел келтірейік. Бірінші сөйлемдегі «ғой» демеулігін алып тастап айтсақ, бұл сөйлемдегі ой жалаң бұйрық болып шығар еді. Ал «ғой» демеулігін қосып айтқанда, тұжырымды мегзеу бар екені аңғарылады. Үшінші сөйлемдегі «сен» деген сөз «түгіл» демеулігімен айтылмайынша, басқа сөздермен ешқандай не мағыналық, не грамматикалық байланыста болмай қалады. «Түгіл» демеулігі бұл арада өте қажетті болып тұрғандығы өз-өзінен айқын. Төртінші сөйлемнің осы бір келтірілген құрылысында «ба» демеулігінен сөйлемді тиянақтауға болмайды.
Демеуліктердің сөзге тіркесуі жағынан септеуліктерге ұқсас болғанымен, олар септеуліктер сияқты өздерінің тіркесетін сөздерінің белгілі бір тұлғада келуін тілемейді. Септеуліктер өзі тіркесетін сөздерінің белгілі септік формада келуін тілейді. Ал, демеуліктер олай емес, кез келген формадағы сөздермен тіркесе береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет