I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Дулат және Махамбет ақын шығармаларының әдеби тілге қосқан үлесі қандай? Негізгі ерекшеліктерін көрсетіңіз



бет45/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК
Cheklist kony study, 23-7, аза стан Республикасында ж не шетелде инклюзивті білім беруді
69. Дулат және Махамбет ақын шығармаларының әдеби тілге қосқан үлесі қандай? Негізгі ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Ұлт тарихындағы жарқын тұлғалардың бірі – Махамбеттің батырлық даңқын ақындық қуаты да арттырып, биіктете түскен. Қазақ әдебиеті тарихында Махамбет ХІХ ғасырдағы белгілі оқиғаның жаршысы – насихатшысы болуымен бірге ел-жерге, өмір-уақытқа, адам әлемі мен оның құндылықтарына қатысты көңілдің күйін, жүректің сырын өлең-жыр тілімен де жеткізгені жөнінде мысал-деректер көп-ақ.
Махамбет поэзиясы – ұлт мұратын, ел-жер тағдырын, әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді әр алуан қырларынан көрсетуімен маңызды.
Махамбеттің ақындық өнері:
* Ұлт мұратына адалдықтан;
* Ел-жер қадіріне құрметпен қараудан;
* Адамдық істі ардақтаудан;
* Елді-батырлық әрекетті қолдап, қамқорлық көрсетуден;
* Дос-дұшпан, жақсы-жаман арақатынасын әділ таразылаудан т.т. тұрады. Ең негізгісі, қоғам, өмір-уақытқа көзқарас жүйесі берік те
Сенімді. Адам әлемін ашудағы ақындық қуаты, қолтаңба мәнері айқын, батырлық-ерлік істері – ғибратты, бүгін мен болашаққа, өмірге құштарлығы шексіз. Махамбеттің ақындық өнерінің терең мәні, бай мазмұны мен асқақ рухы да осы тұстан көрінеді. Өмірдің өшпес өнегелерінің бірі осы.
Махамбеттің поэзиясы: қоғам құбылыстарының мәнін, кезең көріністерінің сырын, өмір уақыттың шындығын, адам әлемінің мың сан иірімдерін бейнелі, көркем, нанымды жеткізеді. Ақынның адам мұраты, өмір-уақыт сырлары, тұрмыс мәні турасындағы көзқарас жүйелері – «Жалған дүние» өлеңінен кеңінен көрінеді:
Қоғалы көлдер, қом, сулар
Кімдерге қоныс болмаған?
Саздауға біткен құба тал
Кімдерге сайғақ болмаған?
Ақын осы өлеңі арқылы – Адам, өмір мұратын, арулар ақиқаты мен батырлар бейнесін, тұлпарлар тағдырын, уақыт-тұрмыс сырларын әлеметтік-философиялық деңгейге көтерген,риторикалық сұраулар арқылы өздігінше түйін-тұжырымдар жасайды. Ұлтқа, ұрпаққа-ұлағат қалдыру, мұратты-ғибратты іске ден қою-ақын мақсаты. Ғапыл дүниенің салмақсыз сырын ашу, болмашы іске-малданбау, даңқ пен дақпырт арақатынасын ашу «Жалған дүние» өлеңінің тұтастай табиғатын, болмысын ашады. Өлең мұраты да өмір-уақыт ақиқаттарын айту арқылы қоғам-кезең шындықтарын, адам әлемі мен дүние сырының мән-маңызына ден қою болатын. Өлең табиғаты мен рухани байлығынан бұл міндеттің мерейлі биікке көтерілгені толық танылады.
Ақын мұрасында – «Арғымақтан туған қазанат», «Арғымақ сені сақтадым» сынды өлеңдер қазақ сахарасына тән кеңдік-тереңдікті, адам әлемін, батырдың биік тұлғасын, жақсы-жаман, дос-дұшпан орнын, өмір-тұрмыс сырларын «Ер қанаты-ат» сипатын сабақтастықта,сергек те серпінді суреттейді.
Сондай-ақ, Махамбеттің бұл өлеңдерінен кертартпа қоғамның, феодалдық дәуірдің көрініс-құбылыстары терең танылды. Ақын азаттық жолындағы күрес-көтерілістердің ұраншысы, ту ұстаушысы бола жүріп адам мұратын, өмір-уақытқа көзқарасын өткір ұшталған үкілі найзасымен де, асыл сөз, өткір тілімен де еркін, көркем жеткізе білді.
Ақын, әсіресе Ұлт мұратын басты тұғыр тұтып: Адам әлемін айқара ашады, тау-даланы асқақтатады. Елдік-ерлік рухты биік белеске көтереді. Жақсы-жаман, дос-дұшпан арақатынасына бірікпес белгі қояды. Сол арқылы адам, өмір мұратын алдыңғы кезеңге шығарады. Махамбет өлеңдерінде өмір-уақыт мәні, адам мұраты мен орны асқақ романтикаға, реалистік сипатқа ие болғанын да айқын аңғарар едік ( «Айғайласып жауға ти», «Арқаның қызыл изені», «Жалған дүние», «Жалғыздық», «Тілек», «Ұл туса» т.б.).
Махамбеттің ақындық өнеріндегі адам орны, өмір мұраты, халық тұрмысы, отаршыл елдің өктем озбырлығы, дос-дұшпан сипаттары кім-кімге де таныс, қалың көпке ортақ жайттар ретінде көрсетіліп, бұл тақырыптар – ақиқат көзқарас, тәжірибе тәлімі арқылы бейнелі, нанымды сөз етіледі.
Махамбеттің ақындық өнері – жанрлық тұрғыдан лиро-эпикалық түрге өте-мөте жақын. Ақын ақсүйек феодалдарға найза-қылышымен де, жалынды жыр-өлеңдерімен де қарсылық көрсеткенін назарда ұстасақ, осы мақсат-міндеттер – тарихи шындықты, өмір оқиғаларын, адам әлемін, хан-сұлтандарға қатынас-көзқарастарын бейнелеу-суреттеу тұстарында айқын аңғарылады. Ақын мұрасындағы лирикалық туындылар табиғатына қатысты белгі-ерекшеліктер – әлеуметтік-таптық сипаттар, азаттық-күрес идеясы, риторикалық сұрау түрі, фольклорлық мұң-шер үлгілері, үгіттік-философиялық бағыт-мұраттар, суырып салмалық әдіс-сарындар т.т. көптеп кездеседі.
Жоғары дамыған поэзияның басты белгілерінің бірі - поэтик. образдар жүйесінің әр сипатты, алуан түрлі болып келетіндігі. Поэтик., образдар жасаудың тілдік механизмі, яғни образдың тіл арқылы берілуі де Дулатта дағдыдан тыс, жаңа түрлерімен көрінеді. Мысалы, мағыналары жағынан бір-бірімен тіркеспейтін сөздер болады. Айталық, дерексіз (абстракт) ұғым атауы мен деректі (нақты) заттардың немесе адам мен жан-жануарларға тән сын-сипат пен іс-қимыл атаулары бір-біріне жуыспауы керек. Ал көркем әдебиетте, оның ішінде поэзия тілінде образ жасау үстінде мұндай мағыналық кереғар сездерді тіркестіру - ұтымды көркемдеуші амалдардың бірі болып саналады. Мысалы, Абай «жүрегім менің қырық жамау қиянатшыл дүниеден» дегенінде ауылдары алшақ сөздерден «қырық жамау жүрек», «қиянатшыл дүние» деген соны тіркестер жасаған. Бұл тіркестерді құрап тұрған сөздер тіркесімдік қасиеттері бір-біріне жуыспайтын элементтер: қырық жамау не киім, не төсек-орын болса керек, ал бүл жердегі жүрек сөзі «көңіл, сана-сезім» мағынасында түр, демек, дерексіз ұғым атауы. Соған қарамастан бұлар тіркесіп, «кеп қапа шеккен, зар илеген көңілім, ішкі дүнием» дегеннің соны образын жасауға жұмсалған. «Қиянатшыл дүние» де осы іспеттес. Қиянатшыл адам болса керек еді, бірақ, Абайдың дүниесі қиянатшыл сипатқа ие болып түр. Міне, осы тәсілді кепке дейін Абайға орыс әдеби тілінің әсерінен пайда болған тың амал деп келдік, өйткені бүл 19 ғасырдағы орыс поэзиясында кеңінен өріс алған ұтымды тәсілдердің бірі болғаны аян. А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтовтарды оқып, игеріп, оларды аударуға барған Абайдың назарына, әрине, орыс тілінің көркемдеу амалдары ілігуі мүмкін. Бірақ дәл осы тұста Абайға орыс көркем сөзі емес, қазақтың төл поэзиясының тілі үлгі болған. Ілгерірек уақыттардағы ақын-жыраулар тілінде бүл амал ара-тұра кездесетін болса, 19 ғасыр ақындарында едеуір жандана бастайды. Әсіресе Дулат өлеңдерінен әділетке шелдеу, жырмен жуыну («Кеудеме қайғы толған соң, Тұнық жырмен жуынам»), арманды төгу («Күндіз күлкі бермеген. Түнде ұйқы бермеген. Көзінен төкті арманды»), «жетімдіктің белі», «көңілдің құтысы» сияқты тіркестердің сонылығы осылар қатысқан өлең жолдарының экспрессиясын (әсерін) күшейтіп, бұрын айтылмаған тың образдар жасап түр. Мысалы, «Әкеңнің айтқан аз сөзін «Құтысына көңіліңнің Төгіп алма, дәлдеп қүй» деген жолдарында ақын «көңілдің құтысы, ақылды құтыға құю» деген тіркестерді «қиыннан қиыстырады», өйткені бұлардағы сөздер «түтіні бөлек» дүниелер: құты - нақты зат, сауыт, ал көңіл қолмен ұстап, көзбен керіп, құтыға салуға болатын нақты зат емес, соңдай-ақ оны суша, сүт ше құюға да болмайды. Бірақ поэтика, яғни өлең тілі бұлайша «норма бұзуға» бара алады. Көркемдеу тәсілдерін іздеу, оларды құбылтып отыру - асқан зор талант иесінің, қас шебердің, үлкен ақынның арқалайтын жүктерінің бірі. Жалпы өлең сөздің, оның ішіңде жазба поэзияның да көркемдік сипатын танытатын тәсілдердің және біреуі - белгілі бір затты, құбылысты, іс-әрекетті бейнелей суреттеп, өзгеше атау болса (оны ғылымда перифраздар деп атайды), мұнда да ақынның тапқырлық, әр нәрсенің қыр-сырын танушылық қабілеті күшті болмаққа керек. Бұл орайда да Дулат ақынның сөз құдіретін танушылық қасиетіне тәнтіміз. Мысалы, өткен ғасырдың орта тұсындағы қазақ қауымының мәдени-әлеум. күй-жағдайын бейнелейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет