I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Көсемше формалы етістіктің қатысуымен жасалған сабақтас құрмалас сөйлемдер, грамматикалық сипатын саралаңыз



бет42/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК
Cheklist kony study, 23-7, аза стан Республикасында ж не шетелде инклюзивті білім беруді
64. Көсемше формалы етістіктің қатысуымен жасалған сабақтас құрмалас сөйлемдер, грамматикалық сипатын саралаңыз.
Көсемшенің құрмалас сөйлем жасаудағы қызметі екі түрлі болады: бірі - бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы бола тұра, сол сөйлемді басыңқы сөйлемге тәуелді етіп тұрады, екіншісі - құрмаластың құрамындағы екі жай сөйлемді ешқандай қосымша тәсілдердің керегінсіз-ақ байланыстырып тұрады. Оны мына мысалдардан көруге болады: Құлағында үлкен күміс сырғасы сілкіне түсіп, үстел басы тола отырған жұртқа жіті қозғалып шай құйып отыр (Әуезов). Тұла бойы дірілдеп, екі шекеге ыстық қан шапшығандай болды (Мүсірепов).
Бұл мысалдарда көсемшенің бір-ақ (-п, -ып, -іп) тұлғасымен сабақтасқан құрмаластар ғана көрсетілген. Жоғарыдағыдай әрі баяндауыштық, әрі сөйлемдерді бір-бірімен сабақтастыратын дәнекерлік қызметті көсемшенің барлық тұлғасы да атқара алады: Ушаков үйінде болмай, Бұланбай қайтып кетті. Қарағанды көмірін тапқалы, жүзге жуық жылдар өтті (Мүсірепов). Мәкен дауының ең алғаш бұрқ-сарқ еткен толқыны бәсеңдей бере, Әбіштің сапарға аттану кезі тақап қалған (Әуезов).
Көсемше арқылы жасалған сабақтас сөйлемдердің есімше арқылы, шартты рай арқылы жасалған сабақтас бағыныңқылы сөйлемдерден құрылысы жағынан өзгешелігі болады. Есімше тұлғасындағы етістік бағыныңқының баяндауышы болу үшін өзінің бастапқы қалпын сақтамай, тұлғалық өзгерістерге түседі. Ноқаң кеткен соң, Ордабай ауылы да қопаңдайды (Аймауытов). Біразға дейін суық суды құйып жібергенде, дене селк етіп кеткендей болып тұрды (Жұмабаев) т.б.
Көсемше жұрнақтарының, оның ішінде -п тұлғасының сабақтас сөйлем жасауда басқа тәсілдермен салыстырғанда, тағы бір өзіндік ерекшелігі бар. Өткен шақ көсемшенің көрсеткіші арқылы жасалған баяндауыштар кейде мағыналық жағынан тиянақты болып келеді. Яғни, басыңқы сөйлемге бағыныңқы сөйлем тек тұлғалық жағынан тәуелді болғаны болмаса, мағыналық жағынан өз дербестігін сақтап, оның ешбір мүшесіне меңгерілмей, салаласа айтылады. Әйелдер сиыр сауып, еркектері өрістен келген қойларын бөліп, қыз-келіншектері су тасып жүр (Майлин). Көп бастар шұлғысып, көп сақалдар шошаңдасып қалды (Мүсірепов).
Өткен шақ көсемше формасы арқылы құрмаласқан сабақтастардың сыңарлары арасындағы осындай мағыналық тәуелсіздігінен болуы керек, синтаксиске арналған біраз еңбектерде осындай құрылымдағы сөйлемдер бірде салаласқа, бірде сабақтасқа жатқызылып келді.
Көсемшенің -ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғасы бағыныңқы сөйлем жасайды. Бұл тұлғалар арқылы мезгіл бағыныңқылы сабақтастар жасалады: Шынында да, Барластар келгелі, Құнанбай бұл үйіне кеп қонған емес. Мағаштар жауыз зорлықтың бар көлемін ашқалы, Абай қатты қиналып тыныштық ала алмады (Әуезов).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет